Популярные темы

Орынов: новости — страница 7

Абай облысында тағы да орман өрті орын алды

Arna Press, 15 июля 2023 в 16:48

Абай облысында тағы да орман өрті орын алды
Абай облысындағы «Семей орманы» МОТР аумағындағы өрт туралы ақпаратты ТЖМ жариялады, — деп хабарлайды Arnapress.kzБүгін, 15 шілде күні, Абай облысы ТЖД «Семей орманы» МОТР қызметкерлерінен 11:40-та Беген орманшылығы аумағында құрғақ шөптер мен ағаштардың жануы туралы ақпарат келіп түсті (57 және 58 орамдар).Сағат 11:52-де өрт орнына ТЖМ бөлімшелерінің күштері мен құралдары: облыстың ТЖД, ТЖМ 68303 әскери бөлімінің, ШҚО ТЖД жеке құрамдарының 100 адамы және 20-дан астам техникасы жіберілді. Өртті жедел сөндіру жәрдемдесу мақсатында ТЖМ авиациясы жіберілді.«Қазіргі уақытта «Семей орманы» МОТР ақпараты бойынша өрттің алдын ала ауданы 20 га құрайды.

Семейде бір жағажайды бөле алмай отыр

Arna Press, 12 июля 2023 в 18:28

Семейде бір жағажайды бөле алмай отыр
Өткен жылы Ертістің оң жағалауындағы жағажайды өз күшімен жабдықтаған Ержан Амарханов, бүгінде қала әкімдігі аталған демалыс орнын тартып алғысы келетінін айтады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі. Өткен жылы қала тұрғыны Ертістің жағасына өз қаражатына құм әкеліп, күннен қоғайтын шатыр орнатты.

Рашид Аюповтың ісі. Forbes.kz тізіміндегі кәсіпкер тендерді жеңу үшін пара бергенін айтып берді

Vera.kz, 26 июня 2023 в 19:29

Рашид Аюповтың ісі. Forbes.kz тізіміндегі кәсіпкер тендерді жеңу үшін пара бергенін айтып берді
Түркістан мен Кентау қалаларының экс-әкімі ісі бойынша жәбірленуші С.Қожабаевтың сұрауға алғаны туралы vera.kz хабарлады.Бұрынғы экс-әкім Рашид Аюповтың ісі бойынша бас жәбірленушіден онлайн режимде жауап алуға тура келді. Қорғаушы тарап тергеу барысында жәбірленуші кәсіпкер Сайдолла Қожабаевтың айғақтары тұрақсыз болғанын айтып, соттан жауап алуды офлайн режимінде жүргізуді сұраған.«Құрметті сот, сотқа дейінгі тергеу кезінде жәбірленушілерден 8-10 рет жауап алынды және олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ғимаратына келу мүмкіндігі болды, сондықтан олардың сотқа қатыспауын сотты құрметтемеу деп бағалауды сұраймын», – деді Ерлан Газымжанов.«Ал адвокаттар ұшу ауыртпалығын, күтіп-ұстауды және сол жерде куәгерлерді табуға байланысты басқа шығындарды көтеруге дайынсыз ба?» — деп сұрады Астана ҚІМАС (Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот) соты Қажымұхан Мекемтас.«Құрметті сот, айыптаушы тараптың куәгерлері – ауқатты адамдар.

Қаза болған орманшылар «Құрмет» орденімен наградталды

Arna Press, 11 июня 2023 в 21:48

Қаза болған орманшылар
Мемлекет басшысының Жарлығымен Абай облысында орын алған төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін «Құрмет» орденімен марапатталды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі aqorda_resmi каналына сілтеме жасап.Президенттің арнайы Жарлығы шықты. 1. Тоқтасын Серікжан Бақытбекұлы (марқұм) – «Семей орманы» МОТР» РММ Новошульба филиалының инженері;2.

Абай облысының әкімі президенттен сөгіс алды

Arna Press, 11 июня 2023 в 18:58

Абай облысының әкімі президенттен сөгіс алды
Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевқа өз міндетін тиісті деңгейде атқармағаны үшін сөгіс жариялады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі aqorda_resmi каналына сілтеме жасап.«Қателік көп. Шұғыл әрекеттің жетіспеуі, мәселеден сырт қалуыңыз осы апатқа әкелді. Өзіңіз де оқиға орнына кеш жеткеніңізді маған баяндадыңыз.

«Семей орманы» аумағында тағы да өрт шықты

Arna Press, 08 июня 2023 в 15:38

Семей филиалының мәліметінше, Батпаев орманшылығының аумағында 0,3 га алдын ала алаңда ағаштардың жануы орын алған, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Абай облысы ТЖД күштері мен құралдары «Семей орманы» МОТР аумағындағы орман алқабындағы өртті жедел жоюға жәрдем көрсетіп жатыр. Қазіргі уақытта өртті сөндіру жұмыстарына Абай облысы ТЖД-дан 31 адам және 9 бірлік техника, орман шаруашылығынан 28 адам және 14 бірлік техника жұмылдырылған.Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс орталығында жедел штаб ұйымдастырылды.Елді мекендерге қауіп жоқ.

Астанадан Антальяға жаңа әуерейсі іске қосылды

Arna Press, 05 июня 2023 в 14:28

Астанадан Антальяға жаңа әуерейсі іске қосылды
Түркиялық әуетасымалдаушы Mavi Gök Aviation Астанадан Антальяға жаңа рейсін ашты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengritravel.kz-ке сілтеме жасап. «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, алғашқы рейс 4 маусымда Boeing 737-800 ұшағында орындалды және ол 5,5 сағатқа созылды.«Ұшақты дәстүр бойынша «су аркасымен» қарсы алды.

Қазақстанда балалар неше жасқа дейін пойызда тегін жүре алады

Arna Press, 02 июня 2023 в 15:38

Қазақстанда балалар неше жасқа дейін пойызда тегін жүре алады
«Жолаушылар тасымалы» АҚ балаларға пойызға билет алу тәртібін түсіндірді. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.ҚТЖ мәліметінше, 7 жасқа жетпеген балалар үшін пойызға міну ақысы тегін, алайда оған бөлек орын қарастырылмайды.

Қазақ эстрадасының маэстросы – Нұрлан Байкөзов жеке концертін өткізбек

Новости пресс-служб, 26 ноября 2014 в 09:32

Қазақ эстрадасының маэстросы – Нұрлан Байкөзов  жеке концертін өткізбек
10-желтоқсан күні Тәуелсіздік күні қарсаңында Алматыдағы Республика сарайында кешкі сағат 19.00-де қазақ эстрадасының маэстросы, сазгер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республика­лық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатының эстрадалық-симфониялық оркестрінің көркемдік жетекшісі, дирижер, аранжировка шебері Нұрлан Байкөзовтың жеке шығармашылық кеші өтеді. Кешке Жұбаныш Жексенұлы, Мақпал Жүнісова, Бағдат Сәмединова, Маржан Арапбаева, М.Арынбаев, Д.Сейітжанов, Сая Маханбетқызы, Е.Әбішев, «Жетіген», «Мюзикола» топтарымен қатар өзге де өнер жұлдыздары қатысады. Концерттен түскен қаржының бәрі қайрымдылық мақсатта жұмсалмақ.
Показано 9 новостей из 189