Популярные темы

Астанадан Антальяға жаңа әуерейсі іске қосылды

Дата: 05 июня 2023 в 14:28 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Астанадан Антальяға жаңа әуерейсі іске қосылды
Стоковые изображения от Depositphotos

Түркиялық әуетасымалдаушы Mavi Gök Aviation Астанадан Антальяға жаңа рейсін ашты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengritravel.kz-ке сілтеме жасап. 

«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, алғашқы рейс 4 маусымда Boeing 737-800 ұшағында орындалды және ол 5,5 сағатқа созылды.

«Ұшақты дәстүр бойынша «су аркасымен» қарсы алды. Бұдан былай Қазақстанның астанасы мен Түркияның Жерорта теңізіндегі курорты арасында аптасына екі рет — сәрсенбі және жексенбі күндері тікелей әуеқатынасы жүзеге асырылатын болады», — делінген хабарламада.

Boeing 737-800 ұшағы 189 орынға арналған. Жоғары жолаушылар ағынын сақтай отырып, әуекомпания ағымдағы жылдың шілде айынан бастап ұшақты 300-ден астам жолаушы орыны бар Boeing 777-300ER-ге ауыстыруды жоспарлап отыр.

Сурет «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ баспасөз қызметінен

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями