Популярные темы

Абай облысында тағы да орман өрті орын алды

Дата: 15 июля 2023 в 16:48 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Абай облысында тағы да орман өрті орын алды
Стоковые изображения от Depositphotos

Абай облысындағы «Семей орманы» МОТР аумағындағы өрт туралы ақпаратты ТЖМ жариялады, — деп хабарлайды Arnapress.kz

Бүгін, 15 шілде күні, Абай облысы ТЖД «Семей орманы» МОТР қызметкерлерінен 11:40-та Беген орманшылығы аумағында құрғақ шөптер мен ағаштардың жануы туралы ақпарат келіп түсті (57 және 58 орамдар).

Сағат 11:52-де өрт орнына ТЖМ бөлімшелерінің күштері мен құралдары: облыстың ТЖД, ТЖМ 68303 әскери бөлімінің, ШҚО ТЖД жеке құрамдарының 100 адамы және 20-дан астам техникасы жіберілді. Өртті жедел сөндіру жәрдемдесу мақсатында ТЖМ авиациясы жіберілді.

«Қазіргі уақытта «Семей орманы» МОТР ақпараты бойынша өрттің алдын ала ауданы 20 га құрайды. Ауа райы: +28 градус, солтүстік-батыс жел 16 м /с. Өрттің жанында қазіргі уақытта «Шошқала» демалыс аймағы орналасқан», — делінген ресми хабарламада.

ТЖД және ПД күштерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, ықтимал түтіндеуге байланысты демалыс аймағынан шығу ұсынылды.

Бородулиха ауданында жұмыс сапарымен жүрген Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Бесқарағай ауданындағы Шошқалы көлінің маңынан шыққан өртке байланысты оқиға орнына барды.

 

ТЖ министрі Сырым Шәріпханов өрт орнына аттанды.

Сурет: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі, ҚР ТЖМ 

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями