Arna Press,
22 мая 2026
в 17:28
Семей тұрғындары жазда қай жерге шомылуға, суға түсуге болады, қай жер қауіпсіз? Немесе қай аймаққа шомылуға болмайды? Осы сұрақтарға Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Қасенов Ернар және Семей қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Бураханова Ақтоты жауап берді деп Arnapress.kz хабарлайды«Семей қаласында шомылу маусымы 1 мамырдан басталып, 31 тамызда аяқталады. Қала аумағында су айдындарында жаппай демалуға арналған 3 орын белгіленген.
Arna Press,
22 мая 2026
в 12:48
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданының Ұштаған ауылында дүниеге келген садақшы Рима Қайырғалиқызымен Arnapress.kz тілшісі сұхбаттасып, бұл спортқа қалай келгенін, өмір жолымен танысты.Ол бүгінде қазақ қыздарының қайсарлығы мен табандылығын дәлелдеп жүрген жас спортшылардың бірі. Табиғатпен біте қайнасқан ауыл өмірі, ұлттық рух пен қарапайым тәрбие оның мінезін ерте қалыптастырды. Әбіш Кекілбайұлы білім алған мектептен түлеп ұшқан Рима кейін Ш.Есенов атындағы университетте білім алып, өз жолын спортпен байланыстырған.
SportInfo,
22 мая 2026
в 10:56
Астанада 7-8 сынып оқушылары арасында «Былғары доп» ұлттық мектеп лигасы республикалық кезеңінің матчтары мәресіне жетті. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Жарыс 16-21 мамыр аралығында Футбол үйінде өтті. Турнирге еліміздің барлық облыстары мен мегаполистеріндегі өңірлік іріктеу кезеңдерінде жеңіске жеткен 17 үздік мектеп командасы қатысты.
SportInfo,
18 мая 2026
в 11:06
Шымкентте 16 жасқа дейінгі қыздар арасындағы командалық әлем чемпионатының аймақтық іріктеу кезеңі – Junior Billie Jean King Cup (Азия/Мұхит жағалауы аймағы) мәресіне жетті. Турнирдің соңғы күні Қазақстан құрамасы Үндістаннан келген тұстастарын тартысты матчта жеңіп, қорытынды жетінші орынға тұрақтады.
SportInfo,
14 мая 2026
в 10:36
Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы (16 жасқа дейінгілер) Шымкентте өтіп жатқан командалық әлем чемпионатының Азия-Тынық мұхиты аймағы бойынша іріктеу кезеңінде табысты өнер көрсетуде. Шешуші матчта Тайланд командасын тізе бүктірген Ярослава Шведованың шәкірттері турнирдің ширек финалына шықты. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
SportInfo,
13 мая 2026
в 14:16
12 мамырда Астанада классикалық шахматтан Қазақстан чемпионатының финалы аяқталды. Чемпиондар — 15 жастағы Сауат Нұрғалиев және 16 жастағы Зарина Нұрғалиева. Регламент бойынша чемпионаттың жүлдегерлері олимпиадалық құрамаларға қабылданады. Сауат 15 жасында елдің негізгі құрамына енеді — қазақстандық құрамаларда мұндай жас ойыншылар әлі болмаған.
Arna Press,
12 мая 2026
в 18:08
2026 жылғы 12 мамыр күні сағат 12:14 шамасында Семей қаласындағы жаңа мешіт маңындағы айналма жолда жол-көлік оқиғасы орын алды. Оқиғаға «Lada Vesta» және «Mercedes-Benz» автокөліктері қатысқан, деп хабарлайды Arnapress.kz полиция департаментіне сілтеме жасап. Алдын ала мәлімет бойынша, 48 жастағы «Lada Vesta» көлігінің жүргізушісі қатар ауыстыру кезінде манёврдің қауіпсіз екеніне көз жеткізбей, 32 жастағы жүргізуші тізгіндеген «Mercedes-Benz» көлігімен соқтығысқан.Жол апаты салдарынан екі жүргізуші де медициналық тексеруден өту үшін ауруханаға жеткізілді.Оқиға орнында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жұмыс істеп, апаттың барлық мән-жайын анықтауда және жол қозғалысын реттеу шараларын жүргізуде.Фото: ПД
SportInfo,
05 мая 2026
в 17:36
Алматы облысындағы Александр Асанов атындағы ату клубында жалғасып жатқан әлем кубогында ел қоржынына алғашқы жүлде түсті. «Скит» сайысында сынға түскен Әсем Орынбай финалдық кезеңде қарсыластарын артқа қалдырып, чемпион атанды. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Іріктеу кезеңінен сүрінбей шыққан 8 спортшы финалда бірнеше айналым бойы өзара сайысқа түсті.
Arna Press,
05 мая 2026
в 11:58
Өскеменде төтенше жағдай: қаладағы зауыт аумағында шаң ұстау құрылғысында газ-ауа қоспасы жарылды. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Arnapress.kz«Өскемен қаласының зауыттың аумағында, шаң ұстау цехында шаң ұстау құрылғысынан газ-ауа қоспасының жарылысы болып, кейін жану және ішінара опырылу орын алды.
Arna Press,
05 мая 2026
в 10:18
Семей қаласындағы «Арена» стадионында грек-рим күресінен халықаралық турнир өтіп жатыр, деп хабарлайды Arnapress.kz.Аталған жарыс қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада және әлем чемпионы, Қазақстанның Еңбек ері Жақсылық Үшкемпіровтің құрметіне ұйымдастырылған.«Турнирге 15 жасқа дейінгі (U15) жас балуандар қатысуда.
Arna Press,
30 апреля 2026
в 17:28
Arnapress.kz тілшісі оқиға орнынан өтіп бара жатып, Семей қаласындағы Сеченов көшесінде орын алған өрттің куәсі болды. Осы орайда төтенше жағдайдар департаментінен пікір сұрағанымызда осындай жауап алдық.«Белгілі болғандай, бүгін Абай облысы ТЖД «101» пультіне аталған мекенжайда автобус жанғаны туралы хабарлама түскен.
SportInfo,
29 апреля 2026
в 19:56
Қазақстан құрамасы спорттық құзға өрмелеуден 2026 жылғы жағажайдағы Азия ойындарының екінші медалін жеңіп алды.Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Қытайдың Санья қаласында ерлер арасындағы эстафеталық сайыста қола жүлде сарапқа салынды. Бұл кезеңге Қазақстан атынан Ришат Хайбуллин мен Рашид Хайбуллин жұбы жолдама алды.
Arna Press,
28 апреля 2026
в 17:58
Абай облысының әкімі Берік Уәли Бородулиха ауданына жұмыс сапары барысында Белағаш ауылында салынып жатқан 100 орындық ауылдық клубтың құрылысымен танысты, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімдігінің баспасөзіне сілтеме жасап. Нысан құрылысы 2023 жылы басталған. Қазіргі таңда жұмыстардың 90 пайызы аяқталған.
Arna Press,
28 апреля 2026
в 14:38
Жақында Щучинск қаласында өткен тоғызқұмалақтан ересектер арасында рапид және блиц түрінен жекелей чемпионатта жүлделі орынға ие болған Семейлік Аяна Исаханмен Arnapress.kz тілшісі байланысқа шығып, жақын танысып, тілдесті.Исахан Аяна Жарасқызы — тоғызқұмалақтан Қазақстанның 12 дүркін чемпионы, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, әйелдер арасындаға II дүркін Азия чемпионы, әйелдер арасындағы чемпионаттың күміс жүлдегері, Жасөспірімдер арасында Әлем чемпионы, Жастар арасында Азия чемпионы.«Мен Абай облысы, Семей қаласының тумасымын.
Arna Press,
28 апреля 2026
в 10:38
Абай облысының Бородулиха ауданында орналасқан Орлов өндірістік кешенінің шахтасында таудың опырылуы орын алды, деп хабарлайды Arnapress.kz полиция департаментіне сілтеме жасап. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, үйінді астында екі жұмысшы қалған. Құтқару жұмыстары барысында олардың бірі оқиға орнында көз жұмғаны анықталды.Екінші жұмысшы табылып, оған қажетті медициналық көмек көрсету үшін дәрігерлерге тапсырылды.Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.Фото: ЖИ
Arna Press,
23 апреля 2026
в 13:08
Ақмола облысының прокуратурасы Щучинск қаласындағы «Центр плова Loft» кафесінде болған жарылысқа қатысты қылмыстық істі тергеуді жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Arnapress.kz облысының прокуратурасына сілтеме жасап. Қайғылы оқиға өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуынан орын алып, бірнеше адамның қаза табуына әкеп соққан.Осы жылдың 20 сәуірінде арнайы прокурорлар автогаз құю станциясының директорын және газ баллондарын жеткізушіні ұстады.
Arna Press,
21 апреля 2026
в 17:38
Облыс әкімі Берік Уәли қалаға жұмыс сапары барысында сол жағалауда орналасқан «Заря» жағажайына барып, оның қазіргі жай-күйімен танысты, деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысы әкімдігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Семей қаласында жаз мезгілінде тұрғындар жиі баратын үш негізгі жағажай бар. Олар — «Заря», «Затон» және «Пристань» жағажайлары.
SportInfo,
21 апреля 2026
в 12:26
Әр алтын медаль — бөлек спортшыға тиесілі. Бірде-бір қайталау, тоғыз түрлі есім, бір құрамада тоғыз әлем чемпионы. Міне, сербиялық Врнячка-Баня қаласында өткен рапид және блиц бойынша әлем чемпионатында қазақстандық жасөспірімдердің көрсеткен нәтижесі осындай. Бұл — осындай турнирлер тарихындағы еліміздің ең үздік медальдық көрсеткіші.
Arna Press,
18 апреля 2026
в 17:49
Өскемен қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында азамат Т.-ға қатысты іс қаралды, деп хабарлайды Arnapress.kz ШҚО облыстық сотына сілтеме жасап. Ол Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы 1-бөлігі — ұсақ бұзақылық бойынша жауапқа тартылған.Сотта анықталғандай, 2026 жылғы 11 сәуірде азамат Т. қаладағы Қазақстан көшесі, 159/1 мекенжайында орналасқан «Башпай» дүкенінде қоғамдық тәртіпті бұзып, жаппай іс-шара ұйымдастырған.
Arna Press,
18 апреля 2026
в 17:48
Павлодар қаласындағы әскери бөлімдердің бірінде болған оқиға бойынша қылмыстық істер қозғалды, деп хабарлайды Arnapress.kz ІІМ сілтеме жасап. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, келісімшарт бойынша әскери қызметші өзіне бекітілген қарудан оқ атқан, салдарынан өзі оқиға орнында қаза тапты, тағы бір келісімшарттағы әскери қызметші жарақат алды.«Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.
SportInfo,
08 апреля 2026
в 10:56
Қазақстанның 17 жасқа дейінгі қыздар құрамасы 2025/2026 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Черногория құрамасын жеңді. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі ҚФФ сілтеме жасап хабарлайды. Кездесу Юлия Мамонова шәкірттерінің пайдасына 4:1 есебімен аяқталды. Қазақстан құрамасы сапында Ботагөз Жұмажанова дубль авторы атанса, Софья Ягудина мен Балжан Төлеміс бір-бір голдан соқты.
SportInfo,
28 марта 2026
в 11:26
Мәнерлеп сырғанаудан Прагада (Чехия) өтіп жатқан әлем чемпионаты аясында әйелдер арасында жарыс аяқталды. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz сілтеме жасап хабарлайды. Қазақстан атынан Софья Самоделкина өнер көрсетті. Қысқа бағдарламадан кейін ол 12-орында тұрған еді. Еркін бағдарламадағы өнері үшін мәнерлеп сырғанаушы төрешілерден 120.58 ұпай алды.
Arna Press,
27 марта 2026
в 18:38
2026 жылғы 27 наурыз күні Семей қаласында үш бірдей көлік қатысқан жол-көлік оқиғасы орын алды. Оқиға Қабанбай батыр мен Уранхаев көшелерінің қиылысында болған, деп хабарлайды Arnapress.kz полиция департаментіне сілтеме жасап.Алдын ала мәліметке сәйкес, 27 жастағы жүргізуші басқарған Chevrolet Cobalt көлігі екінші дәрежелі жолдан басты жолға шығу кезінде қауіпсіздікке көз жеткізбей, басты бағытта келе жатқан ГАЗ-33021 автокөлігімен соқтығысқан.
EKaraganda.kz,
23 марта 2026
в 14:16
Бұл өңірде Наурыз дәстүрлі элементтердің жай ғана жиынтығы ретінде емес, өткен мен болашақ бір-біріне қарсы қойылмай, керісінше өзара сабақтасып, бірін-бірі толықтыратын тұтас мағыналық жүйе ретінде көрініс тапты. Осы тұрғыдан алғанда, Наурыз – жеке адам үшін де, отбасы үшін де, тұтас қоғам үшін де жаңару кезеңі.
Arna Press,
20 марта 2026
в 18:48
Абай облысының Курчатов қаласында салынып жатқан ғимараттың қабырғасы құлап, қайғылы жағдай орын алды. Алдын ала мәлімет бойынша, нысан заңсыз тұрғызылған әрі тиісті құжаттары болмаған, деп хабарлайды Arnapress.kz.Оқиға салдарынан екі адамның қаза табуына байланысты құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта барлық мән-жайды анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Arna Press,
11 марта 2026
в 17:28
Қазақстанда экономика өсіп жатқанына қарамастан, халықтың нақты табысы төмендеп отыр. Бұл туралы экономист Алмас Чукин мәлімдеген еді. Оның айтуынша, өткен жылы халықтың нақты табысы 6 пайызға азайған, ал елдің жалпы ішкі өнімі 6,5 пайызға өскен. Сарапшы мұндай айырмашылықтың негізгі себебі инфляция екенін атап өтті.
Arna Press,
10 марта 2026
в 20:08
Әлеуметтік желілерде Семей қаласында су басу жағдайына қатысты тұрғындардың шағымдары көбейіп жатыр, деп хабарлайды Arnapress.kzЖеліде тараған жазбалардың бірінде қала тұрғыны өзі тұратын үйдің шатыры ағып, пәтерін су басып жатқанын айтып, көмек сұраған. Оның айтуынша, ол Дулата Бабатайұлы көшесіндегі көпқабатты үйдің 10-қабатында тұрады. Қазіргі уақытта төбеден су ағып, пәтердің бірнеше бөлмесіне — ванна, зал және дәлізге су кетіп жатқанын жеткізген.Сондай-ақ тұрғын үйінде кішкентай екі баласы бар екенін айтқан.
Arna Press,
09 марта 2026
в 15:08
Ақмола облысының Щучинск қаласында болған жарылыс салдарынан қаза тапқандар саны 11 адамға жетті. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады дейді Arnapress.kzМәліметке сәйкес, 8 наурыз күні Щучинск қаласындағы стационардың жансақтау бөлімінде ауыр халде жатқан зардап шеккендердің бірі көз жұмған.
SportInfo,
09 марта 2026
в 00:06
Спорттық гимнастикадан Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшыларының бірі Милад Карими Әзірбайжанның Баку қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде екі дүркін жүлдегер атанды. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz сілтеме жасап хабарлайды. Отандасымыз кермедегі жаттығуда екінші күміс жүлдесін жеңіп алды.
Arna Press,
27 февраля 2026
в 15:38
2026 жылдың 21 ақпаны мен 2 наурызы аралығында Астана қаласында грек-рим, әйелдер және еркін күрестен U17 және U20 жас ерекшеліктері бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Аrnapress.kz.Аталған жарыста өңіріміздің намысын қорғаған Тайгулина Махаббат әйелдер күресінен 76 келі салмақ дәрежесінде белдесіп, жоғары нәтиже көрсетіп, күміс жүлдеге ие болды.