Популярные темы

«Семей орманы» аумағында тағы да өрт шықты

Дата: 08 июня 2023 в 15:38 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша



Стоковые изображения от Depositphotos

Семей филиалының мәліметінше, Батпаев орманшылығының аумағында 0,3 га алдын ала алаңда ағаштардың жануы орын алған, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Абай облысы ТЖД күштері мен құралдары «Семей орманы» МОТР аумағындағы орман алқабындағы өртті жедел жоюға жәрдем көрсетіп жатыр.          

Қазіргі уақытта өртті сөндіру жұмыстарына Абай облысы ТЖД-дан 31 адам және 9 бірлік техника, орман шаруашылығынан 28 адам және 14 бірлік техника жұмылдырылған.

Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс орталығында жедел штаб ұйымдастырылды.

Елді мекендерге қауіп жоқ. Метеорологиялық жағдай: +34 градус, солтүстік жел 2 м/с.

Өрт сөндірушілер өрттің өршуіне жол бермеу және оны сөндіру үшін барлық күштерін салып жатыр.

Фото: Instagram/@oo_osa_semey_vko

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша Семей
Поделитесь новостью с друзьями