Arna Press,
03 июля 2023
в 13:08
Дәурен Абаев Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Мемлекет басшысының Жарлығымен Дәурен Әскербекұлы Абаев Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды.Дәурен Әскербекұлы Абаев 1979 жылы Алматы облысында туған.
Arna Press,
03 июля 2023
в 12:38
Үкімет басшысы бүгінде дайындық жұмыстарының барысында өте мұқият қарауды қажет ететін проблемалық мәселелер туындап жатқанын айтты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.Атап айтқанда, бірқатар объект бойынша жөндеу жұмыстары мерзімінен кешігіп жүруде.«Бұл мәселені біз жақында өткен Үкімет отырысында талқыладық.
Vera.kz,
01 июля 2023
в 23:59
Бұрынғы шенеунік Аюповтың ісі бойынша сотта болып жатқан оқиғалар оның беделін түсіруге және одан ақша алуға тырысу деп мәлімдеді vera.kzРашид Аюповқа қатысты айыптау актісінің алты парағында Әбдірахымовтың тегі 10 рет айтылады. Шымкент қаласының экс-әкімі, ал қазір бір компанияның бас директоры сотқа жәбірленуші бизнесменмен қалай танысқаны туралы айтып берді.
EKaraganda.kz,
01 июля 2023
в 15:35
№ 4 Теміртау емханасының жалпы тәжірибе дәрігері Диана Жұманова жақында жеңілдікті бағдарлама бойынша тұрғын үй сатып алғандардың бірі. Ол жұбайымен және екі баласымен бірге осыған дейін ата-енесімен бірге тұрып келген. Жастар ипотекасының арқасында отбасы жақында үш бөлмелі пәтерге көшті. – Біздің екі баламыз бар, мен әрқашан олардың жеке бөлмесі болғанын армандаған болатынмын.
Arna Press,
01 июля 2023
в 11:48
Алматы облысында баланы жылан шағып қаза болды, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.27 маусымда сағат 13:35-те Кеген аудандық ауруханасының жедел жәрдем бөліміне «жылан шағу» диагнозымен 9 жастағы бала ауыр халде түскен.Балаға реанимация бөлімінде ем және схема бойынша жылан уына қарсы қос сарысу берілген.«Науқас ауруханаға жатқызылған сәттен бастап Денсаулық сақтау басқармасының тікелей бақылауында болды.
Arna Press,
30 июня 2023
в 17:08
30 маусымда Telegram мессенджерінің тіл параметрлеріне қазақ тілі ресми түрде қосылды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі қазақ тілін iOS және Android жүйелерінде, сондай-ақ қосымшаның веб-нұсқасында қолдануға болатынын атап өтті.Тілді өзгерту үшін параметрлерге өтіп, «Тіл» тармағын таңдап, қазақшаны басу керек.Сурет: pixabay
Arna Press,
30 июня 2023
в 17:08
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров биыл күзде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының құны қаншаға өсетінін айтты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Маусымның 30-ы күні Мәжіліс алаңында министр өз есебімен бөлісті. Мысал ретінде ол ауданы 60-70 шаршы метр болатын орташа екі бөлмелі пәтерді келтірді.«Өңірлерде орташа баға айына 2-4 мың теңгеге өседі.
Arna Press,
30 июня 2023
в 15:28
Қазақстанда жаңа мереке пайда болды. 2 ақпан Ұлттық басылым күні болып бекітілді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.«Қадірлі достар! Жағымды жаңалығымыз бар. 2 ақпан Ұлттық басылым күні болып бекітілді. Бастауында Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатұлы секілді ұлт зиялылары тұрған «Қазақ» газетінің алғашқы нөмірі осыдан 110 жыл бұрын, 2 ақпан күні жарық көргені белгілі.
Tengrinews,
30 июня 2023
в 14:13
В жилых массивах города в текущем году откроют школы, физкультурно-оздоровительные комплексы, два пожарных депо, построят инфраструктурные сети, дороги, дворы и другое. Акиматом столицы ведется системная работа по развитию жилых массивов. Как изменятся окраины столицы, рассказал аким Астаны Женис Касымбек.
Arna Press,
30 июня 2023
в 11:58
Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бір күнде Каспий жағалауынан 5 адам құтқарылғанын айтып, жабдықталмаған жерде шомылуға болмайтынын ескертті, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.28 маусым күні Ақтау қаласында Каспий теңізінің жағалауында Маңғыстау облысы ТЖД мобильді құтқару бекетінің кезекшілігі кезінде жедел-құтқару жасағының құтқарушылары 1997, 1995, 2009 жылы туған азаматтарды құтқарды.Бірнеше сағаттан кейін құтқарушылар тағы екі жігітті тауып, жағаға алып шықты.«Құтқарылғандардың барлығы жабдықталмаған шомылу орнында шомылған.
Arna Press,
30 июня 2023
в 10:48
Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов депутаттар каникулы басталғанын мәлімдеді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Палаталардың бірлескен отырысында Мәжіліс спикері Парламентке өткен барлық партия депутаттары белсенді жұмыс істегенін атап өтті.«Бірінші сессия небәрі 100 күнге созылды. Қысқа болғанымен, атқарылған міндеттер бойынша бұл сессияның жұмысы өте маңызды әрі мазмұнды болды.
Arna Press,
28 июня 2023
в 18:48
Дәрігерлер ыстық ауа райында қарқынды физикалық белсенділік жүрек-қантамыр жүйесіне кері әсер етуі мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Известия» басылымына берген сұхбатында терапевт дәрігер Елена Тихомирова ыстықта жаттыққан кезде сусыздану, шаршау, жүрек айнуы, бас айналу, бас ауруы, дененің құрысуы, зейіннің төмендеуі сияқты жағдайлар туындауы мүмкін екенін де еске салды.Елена Тихомирова жаттығу кезінде кофе мен ішімдік ішуге болмайтынын атап өтті, өйткені одан ағза сусыздана түседі.Терапевт таңертең немесе кешкі уақытта, ауа температурасы төмендеген кезде жаттығуға кеңес берді, ал егер ыстық қайтпаған кезде жаттығуға тура келетін болса, жаттығуды кондиционері бар бөлмеде жасаған жөн екенін айтты.
Arna Press,
28 июня 2023
в 17:48
Биыл жоғары оқу орындарында оқу үшін 88 мың грант бөлінген деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Гранттардың басым бөлігі «Инженерлік, өңдеу, құрылыс салалары» білім беру бағдарлама топтарына бөлінді, олардың саны 18 744 грантты құрайды. Ал «Педагогикалық ғылымдарға» – 12 560 грант, «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» саласына – 10 103 грант, «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика» бағытына – 7 388 грант тиесілі.Сондай-ақ, «Серпін» бағдарламасы арқылы түсушілерге 3 653 грант бөлінген.
Tengrinews,
27 июня 2023
в 17:03
Құрбан айт жақындаған сайын қаладағы қой бағасы қымбаттап кететіні жасырын емес. Исі мұсылманның мерекесі қарсаңында қалтасын қампитып қалуға тырысатындардың да табылатыны ақиқат. Massaget.kz тілшісі мал базарларындағы бағаны бақылап көрді. Қалышев Еламан әр жыл сайын құрбан шалып, Алланың разылығы жолында жүрген азаматтың бірі.
Tengrinews,
27 июня 2023
в 16:23
Танымал әнші Төреғали Төреәлінің жұбайы Толқын Тұрарбекқызы даулы мәселеге қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Өнер иесінің жары қандай жағдай болса да күйеуін қолдайтынын айтты. «Бүкіл әлем менің жарыма қарсы соғыс ашса, мен оның артында тұрып, оғын алып беремін» деген сөздер, менің жүрегімде жатталып қалғандай… Иә, бүкіл әлем сенің жарыңа қарсы болғанда, сезімдер тым бөлек.
Vera.kz,
26 июня 2023
в 19:49
Түркістан және Кентау қалаларының экс-әкімі ісі бойынша сотта бас жәбірленуші – Alageum Group иесі Сайдулла Қожабаевтан жауап алынып жатыр, деп хабарлайды vera.kzБұл зардап шеккен миллионерден жауап алудың жалғасы, ол онлайн форматта жүргізілді. Сайдулла Қожабаев сотқа 2013 жылғы оқиғалардың мән жайын өз нұсқасында айтып бергеннен кейін, одан жауап алуға сотталушы Аюповтың адвокаттары кірісті. Өндірушінің көрсеткіштерін мына сілтемеден оқуға болады.
Vera.kz,
26 июня 2023
в 19:29
Түркістан мен Кентау қалаларының экс-әкімі ісі бойынша жәбірленуші С.Қожабаевтың сұрауға алғаны туралы vera.kz хабарлады.Бұрынғы экс-әкім Рашид Аюповтың ісі бойынша бас жәбірленушіден онлайн режимде жауап алуға тура келді. Қорғаушы тарап тергеу барысында жәбірленуші кәсіпкер Сайдолла Қожабаевтың айғақтары тұрақсыз болғанын айтып, соттан жауап алуды офлайн режимінде жүргізуді сұраған.«Құрметті сот, сотқа дейінгі тергеу кезінде жәбірленушілерден 8-10 рет жауап алынды және олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ғимаратына келу мүмкіндігі болды, сондықтан олардың сотқа қатыспауын сотты құрметтемеу деп бағалауды сұраймын», – деді Ерлан Газымжанов.«Ал адвокаттар ұшу ауыртпалығын, күтіп-ұстауды және сол жерде куәгерлерді табуға байланысты басқа шығындарды көтеруге дайынсыз ба?» — деп сұрады Астана ҚІМАС (Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот) соты Қажымұхан Мекемтас.«Құрметті сот, айыптаушы тараптың куәгерлері – ауқатты адамдар.
Arna Press,
26 июня 2023
в 14:58
Қазнетте тағы бір фейк тарап жатыр. Онда Қазақстанның электронды үкіметі америкалық серверлерде орналасқан дейді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Бұл ақпаратты «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ жоққа шығарды. Бұл туралы Stopfake.kz жазды. ҚР Электронды үкіметінің барлық серверлері ел аумағында орналасқан, деп хабарлайды «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметіБір қызығы, осыған ұқсас хабарлама Қазнетте бұған дейін де тараған еді.
Arna Press,
26 июня 2023
в 14:58
Абай облысы Үржар ауданының прокуратурасы Науалы балалар үйінің әкімшілігі қызметкерлерінің бюджет қаражатын 6 миллион теңгеден астам сомаға ұрлау фактісін анықтады, деп хабаралайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Балалар үйінің директоры мен бас бухгалтері өздеріне жоғары жалақы төледі, жоғары сыйлықақылар мен іссапар шығындарын тізімдеді.
Arna Press,
26 июня 2023
в 12:48
ҚР Әлеуметтік кодексін іске асыру шеңберінде 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап азаматтардың жекелеген санаттары үшін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері, сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша төлемдер 14,5%-ға артады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.Бұдан басқа, 7 және одан да көп баланы өмірге әкеліп, тәрбиелеген аналарға берілетін жәрдемақы мөлшері 7,4 айлық есептік көрсеткішке дейін көбеймек.Бұған дейін хабарланғандай, 2023 жылғы 29 наурызда VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында Мемлекет басшысы мүгедектігі бар адамдарды қолдау шараларын күшейту қажеттігін атап өтті.ҚР Әлеуметтік кодексі шеңберінде 2023 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік жәрдемақылардың мынадай түрлерінің мөлшерін орта есеппен 14,5%-ға арттыру көзделген:Осылайша, жоғарыда аталған жәрдемақы түрлерін 2022 жылмен салыстырғанда 23%-ға ұлғайту қамтамасыз етіледі (осы жылғы 1 қаңтардан бастап 8,5%-ға өсуді ескере отырып).
Arna Press,
26 июня 2023
в 01:08
Бородулиха ауданында ауқымды өрт кезінде жаңбыр сұрап, дүға жасап отырған өрт сөндірушінің суреті әлеуметтік желіде лезде тараған еді. Arnapress.kz тілшісі сол суретте бейнеленген қызметкерді тауып, сұхбаттасып қайтты.Елдос Нұртазаев азаматтық қорғаныс саласында қызмет еткеніне бір-неше жыл болды. Аудандық өрт сөндіру бөлімінде қызметін бастаған жігіт, бүгінде Семей қаласы №7 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы.
Arna Press,
23 июня 2023
в 18:39
Еліміз бойынша күн райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, алдағы демалыс күндері республика аумағы атмосфералық фронтальды бөліктердің ықпалында болады, бұл ауа райының тұрақсыз сипатын анықтайды, бұлттар найзағай ойнап, жаңбыр жаууына, дауыл соғуына себепкер болады, бұрақ жаууы мүмкін.«26 маусымда солтүстікте, 24-25 маусымда шығыста, 24 және 26 маусымда республиканың оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады, Қазақстанның оңтүстік-шығысында шаңды дауыл болжанды.
Arna Press,
23 июня 2023
в 17:49
Жылдық көрсеткіште Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасы 9,3%-ға өсті, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.Ұлттық статистика бюросының 23 маусымдағы мәліметі бойынша, әлеуметтік маңызы бар өнімдерге баға индексі соңғы аптада өзгерген жоқ, жылдық мәнде 9,3 пайызға өсті.Статистика басқармасы жариялаған инфографикаға сәйкес, елімізде сәбіз (+3,3%), картоп (+3%), күріш (+1%), макарон мүйізі (+0,3%), сүзбе сияқты өнімдердің бағасы қымбаттады. Қазақстан (+0,3%).
Arna Press,
23 июня 2023
в 17:49
Қазақстан полициясы күніне орай Arnapress.kz тілшісі Қарағайлы ықшам ауданының учаскелік инспекторының жұмысымен танысып, халықтың тәртіп сақшыларына байланысты пікірін біліп қайтты.Полиция аға лейтенанты Дулат Абдрахманов ішкі істер органдарында 2010 жылдан бері қызмет етіп келеді. Алғашқы еңбек жолын патрульдік полиция батальонының инспекторы қызметінен бастады.
Arna Press,
23 июня 2023
в 16:58
Семейде келін мен ене қаржылық пирамида құрғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «2020 жылы Семей қаласының тумасы аса ірі көлемде ақша тартудан кіріс алу жөніндегі қызметті ұйымдастыруға бағытталған қылмыстық ниет пайда болды.
Tengrinews,
23 июня 2023
в 09:03
Орал тұрғыны Анаргүл Әмірова аталарынан аманаттап Алтын Орда туын осы кезге дейін сақтап келгені туралы Massaget.kz тілшілері сұхбат жазған еді. Аталмыш мақала әлеуметтік желіде біраз пікірталас туғасын Massaget.kz порталының тілшілері ту туралы арнайы фоторепортаж дайындады. Анаргүлдің туды мемлекет қорғауына алсын деп бармаған жері, қақпаған есігі қалмаған.
Arna Press,
22 июня 2023
в 17:48
2023 жылғы 22 маусым күні ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысы Дәурен Ерғарин Facebook парақшасында Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы ұсталғанын жазды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Шымкент қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қаланың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.«Ол мегаполистің әлеуметтік маңызы бар бағыттары бойынша жолаушылар тасымалын субсидиялау кезінде бюджет қаражатын кедергісіз төлегені үшін кәсіпкерден 13 миллион теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде», – делінген хабарламада.Департамент басшысының мәлімдеуінше, қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр.Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.Сурет: Zakon.kz
Arna Press,
22 июня 2023
в 17:48
Сенат депутаттары 22 маусымдағы жалпы отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол қозғалысын ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды мақұлдады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Мәжіліс депутаттары заңға шағын электр көліктері мен электрсамокаттарды реттеуді енгізу туралы бастама көтерген.
Arna Press,
22 июня 2023
в 17:48
Алматыда көлік ұрлады деген күдікті полицейлердің қызметтік көлігінде өзіне қол жұмсады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Күдікті тергеу тобының көлігінде өзіне қол жұмсаған. Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады.«Қазіргі уақытта өз танысынан Toyota автокөлігін ашық түрде ұрлады деген күдікпен ұсталған 1980 жылы туған азамат И.-дің өлімі дерегі бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.Сараптама қорытындысына сәйкес, марқұм мас күйде болған.
Arna Press,
22 июня 2023
в 16:58
22 маусымда Шемонаиха қаласы Украинская көшесіндегі газ баллондарына жанармай құю станциясында болған жарылыс салдарынан өрт шықты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Өрттен 5 бірлік техника жойылды.Сағат 14:44-те өрт оқшауланды. Термиялық күйік алған 2 адам ауруханаға жеткізілді.