Популярные темы

Сеулде қазақстандық дипломаттар өртеніп жатқан көлікті сөндірді

Дата: 20 декабря 2023 в 12:58 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Сеулде қазақстандық дипломаттар өртеніп жатқан көлікті сөндірді
Стоковые изображения от Depositphotos

Қазақстандық дипломаттар Оңтүстік Корея астанасы Сеулде өртеніп жатқан көлікті сөндіріп, апаттың алдын алды, — деп хабарлайды деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға дүйсенбіде сағат 13:20-да болған. Сеулдегі Қазақстан елшілігіне қарама-қарсы орналасқан ғимараттың жерасты тұрағынан шыққан көлік өртене бастаған.

Автокөлік кенеттен өртене бастағанда төтенше оқиға орнында болған қазақстандық дипломаттар жедел әрекет еткені айтылған.

ҚР елшілігінің кезекші коменданты Руслан Қайрамбаев пен бірінші хатшы Бауыржан Байтілеуов шұғыл шаралар қолдану арқылы ықтимал апаттың алдын алған.

«Екі дипломат елшіліктің алдында өртеніп жатқан көлікті байқаған және шұғыл түрде араласу керек екенін түсінген. Олар тез әрекет етіп, жалынды өшіріп, жағдайдың ушығуына жол бермеу үшін көлікке қарай беттеді», — деп жазады Korea Herald басылымы.

Сурет: скриншот 

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями