Arna Press,
14 августа 2023
в 14:18
Қазақстанда қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан орманшылардың отбасына ақшалай төлемдер беріледі, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Экология министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті қызметтік міндеттерін атқару кезінде алған мертігу (жарақат, контузия) салдарынан қаза тапқан мемлекеттік орман күзеті қызметкерінің отбасы мүшелеріне ақшалай төлемді жасау қағидалары мен мөлшерін бекіту туралы қаулының жобасын ұсынды.Ережеге сәйкес, мемлекеттік орман күзеті қызметкерінің отбасы мүшелері, атап айтқанда олардың жұбайы, балалары, оның ішінде асырап алған балалары, өгей балалары, бірге тұратын өгей ұлдары мен кәмелетке толғанға дейінгі өгей қыздары төлемақы ала алады.Төлемдерді алу үшін бірқатар құжат пен өтініш беру қажет: қызметкердің қайтыс болғаны туралы куәлік, некені немесе тууды тіркеу туралы куәлік және басқалар. Құжаттар толық ұсынылмаған жағдайда өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде қайтарылуға тиіс.
Arna Press,
14 августа 2023
в 12:28
Биылғы қаңтар-наурыз аралығында Қазақстанға 227,7 мың шетелдік турист келген, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Мәдениет және спорт министрлігінің хабарлауынша, салыстырмалы түрде, былтырғы сәйкес кезеңінде Қазақстанға 97 мың шетелдік келген. Биыл алғашқы тоқсанда ішкі туристер саны да 20% артты.
Arna Press,
14 августа 2023
в 12:28
Алдағы оқу жылында Абай облысында 1-сыныпқа 11 мыңға жуық оқушыны қабылдау жоспарланып отыр, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Қазіргі уақытта ата-аналардан баланы мектепке қабылдау туралы 10 мыңнан астам өтініш түскен. Оның 5016-сы Семей қаласына тиесілі.
Arna Press,
14 августа 2023
в 11:48
Абай облысының Полиция департаментінде Cyberpol» соққы-нысаналы тобының жұмысы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Оның құрамына тәжірибелі тергеушілер, жедел уәкілдер мен криминалистер кіреді. Қазіргі уақытта «Cyberpol» тобы интернет-алаяқтықты ашу және тергеу бойынша жұмыстарды жаңа форматта жүргізуде, жаңа бөлімше заманауи зертханамен жабдықталған және бір терезе қағидаты бойынша жұмыс істейді.
Arna Press,
11 августа 2023
в 15:18
Әйел балаларымен бірге көпқабатты үйдің терезесінен секіріп кетпек болған. Елордалық тәртіп сақшылары қайғылы оқиғаның алдын алды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.9-шы қабаттағы пәтердің терезесінен екі баласымен әйелдің секірейін деп жатқанын естіген автопатруль оқиға орнына аттанды.Бірінші болып №26 учаскелік полиция пунктінің полиция бөлімшесінің аға инспекторы Асқар Папышев өзінің серіктесі Елдос Нұғмановпен бірге жетті.
Arna Press,
11 августа 2023
в 12:18
2023 жылдың қаңтар-маусым айларындағы елдегі демографиялық жағдай туралы нақтыланған ақпаратты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы ұсынды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша халық саны 19 899 377 адамды құрады, оның ішінде 12 317 671 адам қала тұрғындары, 7 581 706 адам ауыл тұрғындары, 48,8 пайызы ерлер, 51,2 пайызы әйелдер», — делінген Ұлттық статистикалық бюросының хабарламасында.Бірінші жартыжылдықта Қазақстанда 189,5 мың бала дүниеге келсе, оның 98 мыңы ұл, 91,5 мыңы қыз бала.
Arna Press,
11 августа 2023
в 11:28
«Ашық НҚА» сайтында екі елдің арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісімге қол қою туралы қаулының жобасы жарияланды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Atamekem Business арнасына сілтеме жасап.Осы құжатқа сәйкес, қазақстандықтар Сан-Мариноға алты ай сайын 90 күн визасыз жүре алады. ⠀«Шенген келісімінің Уағдаласушы тараптары мемлекеттерінің бірінің аумағына бірнеше рет келу/кету бойынша Шенген келісімінен туындайтын міндеттемелерге нұқсан келтірместен бірінші кірген күннен бастап әрбір 180 (жүз сексен) күн ішінде 90 (тоқсан) күннен аспайтын мерзімде бір мәрте немесе бірнеше мәрте келуге, кетуге, транзит арқылы өтуге және уақытша болуға визалық талаптардан босатылады. Қазақстан Республикасының азаматтары үшін 90 (тоқсан) күндік көрсетілген мерзім Шенген аймағына алғаш кірген күннен басталады», — делінген қаулының жобасында.Сурет: Atamekem Business
Arna Press,
11 августа 2023
в 10:38
ШҚО-да жүргізуші құқығынан айырылған екі масаң жүргізуші тағы да рульге отырып, полиция қызметкерлеріне ұсталды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ШҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Өскемен қ. ПБ Солжағалау полиция бөліміне Сибинская көшесін патрульдеу барысында 34 жастағы жүргізушінің басқаруындағы «Москвич» маркалы автокөлік тоқтатылғаны, жүргізушіден алкогольдің өткір иісі байқалғаны туралы ақпарат келіп түскен.
Arna Press,
11 августа 2023
в 10:38
Қазақстанда жылу үшін артық төленген миллиардқа жуық теңге тұтынушыларға қайтарылады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Комитеттің мәліметінше, Қазақстан бойынша жылу энергиясын есептегіш құралдары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау қызметінің құнын қайта есептеу жұмыстары аяқталды. Қайта есептеу нәтижелері бойынша қайтару тұтынушылардың жеке шотында жаңа жылыту кезеңінде 2023-2024 жылы немесе 2023 жылдың соңына дейін күнтізбелік жыл үшін (баланс) алғы төлем ретінде көрсетіледі.«Қазақстан Республикасының Табиғи монополиялар туралы заңнамасының нормаларына сәйкес табиғи монополия субъектісі сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтің құнын тікелей тұтынушыларға және орналасқан жерін белгілеу мүмкін болмаған жағдайда, жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметке ақы төлеу кезінде тарифті төмендету жолымен қайта есептеуді жүргізуге міндетті.Осылайша, 2022-2023 жылдардағы өткен жылу беру кезеңінде жылумен жабдықтау саласында қызмет көрсететін табиғи монополиялар субъектілерімен есепке алу аспаптары жоқ тұтынушыларға жылу энергиясы үшін төлем қайта есептелді.
Arna Press,
11 августа 2023
в 09:18
Қарағанды қаласының тұрғындары 2023 жылдың 10 тамызында әлеуметтік желіде су басқан көшелердің видеосын жариялап, жаппай бөлісе бастады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Қаладағы вокзалдың алдындағы алаңның су басқан суреттері Instagram-дағы Denski_blog парақшасында пайда болды.«Біздің қалада жаңбыр суын ағызып әкететін кәріз желісі жұмыс істемейді ме?» — деп жазыпты сурет авторы таң қалып.Оның астына жазылған пікірлерде кейбір қала тұрғындары бүкіл қаланы су басқанын атап өткен:«Бүкіл қаланы су басты».«Майқұдық» ықшам ауданында нөсермен бірге бұршақ та жауды».«Қарағандыны су басты, аулаларда не болып жатқанын бір Құдай біледі, масқара енді.
Arna Press,
10 августа 2023
в 17:38
2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 923 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 83 092 теңге, базалық зейнетақы – 37 831 теңге, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,9 триллион теңгеден астам зейнетақы төленді.«Республикалық бюджеттен 1 триллион 924,5 миллиард теңге зейнетақы төленді, оның 590,6 миллиард теңгесі базалық зейнетақыны төлеуге, 1 триллион 333,9 миллиард теңгесі ынтымақты зейнетақыға төленді», деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінде.Еңбек министрлігінің 2023 жылғы 22 маусымдағы бұйрығымен Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің, жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу, тағайындау, іске асыру, тоқтату және тағайындау туралы шешімді қайта қарау қағидалары бекітілді.Сурет: Zakon.kz
Arna Press,
10 августа 2023
в 16:48
Қазақ халқының әдеби мұрасын дәріптеу мақсатында еліміздің 16 өңірінен жүз отыздан астам мектеп оқушылары Ұлы ақынның өлеңдерін оқып, өз бақтарын сынады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Сайыс қорытындысы шығарылды. Абай Құнанбайұлының туған күні қарсаңында өткен XXIV Республикалық «Абай оқулары» байқауы 6 номинация бойынша өтті: «Көңілім әнді ұғады», «Ұлылар әлемі», «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы», «Абайдың қара сөздері», «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары», «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда».Байқау қорытындысы бойынша I дәрежелі дипломмен 13 қатысушы, II дәрежелі дипломмен 19 қатысушы және III дәрежелі дипломмен 24 қатысушы марапатталды.«Абай оқулары» сайысы барысында қатысушылар үшін Семей қаласының көрікті жерлеріне және Жидебай еліндегі Абай қорық-музейіне экскурсия ұйымдастырылды.Айта кетейік, «Абай оқулары» республикалық байқауы 2000 жылдан бері өткізіліп келеді.
Arna Press,
10 августа 2023
в 16:48
Қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы, қазақтың жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының туған күніне орай Абай облысы Полиция Департаментінің қызметкерлері түрлі шығармашылық шара ұйымдастырды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Бұл күні полиция қызметкерлері Хакім Абайға, ұлт мәдениетіне құрмет көрсетіп, ұлы ақынның өлен шұмақтарын орыдады.Челленджге барлық аудандардың қызметкерлері де қатысты.
Arna Press,
08 августа 2023
в 17:08
11 тамызда сағат 17.00-де «Спартак» стадионында кезекті футбол матчы өтеді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Семейлік «Елімай» «Тұран» футбол командасын қабылдайды.«Бұл тартысты ойын болмақ. Себебі жеңіпмпаз команда 6 ұпайға ие болады. «Тұран» — біздің команданың басты қарсыласы және осы жұмада біз өте әсерлі ойын көретін боламыз», — делінген футбол клубының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.Айта кету керек, футбол клубы жанкүйерлері үшін жағымды сыйлық дайындады.
Tengrinews,
08 августа 2023
в 06:43
Алматының «Самал-2» шағын ауданының тұрғындары үйлерінің маңынан тағы да 4 көпқабатты тұрғын үйдің бой көтеруіне қарсы. Себебі, қазірдің өзінде «электр жүйесі мен жылу желілеріне түсетін қысым көп» дейді. Ал егер «тағы да тұрғын үй салынар болса қыста жылу мен жарықсыз қаламыз ба» деп қауіптенеді. Ал осы жерде бұрыннан қоныстанып келе жатқан, 1924 жылы салынған ескі үйлердің тұрғындары басқа ауданнан үй салып бергенге келіспей отыр. Қос тараптың кикілжіңін мәжіліс депутаттарымен бірге Massaget.kz тілшісі де тыңдап келді.
Arna Press,
07 августа 2023
в 09:18
«Қазгидромет» синоптиктері 7 тамызда елдің басым бөлігінде найзағай ойнап, нөсер жауын мен бұршақ жауатынын болжады, ал кей өңірде әлі де ыстық ауа райы сақталады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап. Абай облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Tengrinews,
04 августа 2023
в 06:43
Елорданың іргесіндегі Целиноград ауданына қарасты Қажымұқан, Қаражал, Талапкер ауылдары бірнеше жылдан бері жарықтың зардабын тартып келеді. Электр желілері жерге дейін салбырап, сәл жел соқса болды үзіліп кетеді. Бірақ жекеменшік иелеріне жергілікті әкімдіктің де, басқа да құзырлы органдардың да тісі батпай тұр, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Arna Press,
03 августа 2023
в 15:48
Air Astana Қазақстан халқына үндеу жасады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Делдалдар көмегімен Air Astana әуекомпаниясына жұмысқа кепілді орналасу туралы жалған хабарландырулардың жиілеп кеткенін ескертеміз. Мұндай хабарландырулар мен қызметтер заңсыз», – делінген әуекомпанияның Telegram арнасында жарияланған хабарламада.Air Astana жұмысқа орналасудың көп сатылы процесінде «транспаренттік пен адалдық қағидаларын ұстанатынын» нақтылады.«Қазіргі кезде ұсынылып жатқан жұмыс орындары www.job.airastana.com сайтында жарияланып, тек осы ресми сайт арқылы жіберілген түйіндемелер қарастырылады.
Arna Press,
03 августа 2023
в 14:58
Өңір басшысы Нұрлан Ұранхаев Бобровка және Мұрат саяжайларының тұрғындарымен кезекті кездесу өткізді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Облыс әкімі Бобровка және Мұрат аудандарында түйткілді мәселелерді шешу үшін тұрақты жиындар өткізуде. Осы мақсатта әкімдік арнайы Жол картасын әзірледі.«Жол картасы аясында бірқатар жұмыстар атқарылды, атап айтқанда, жол белгілері мен 11 аялдама, 4 «Сергек» бейнебақылау камерасы мен қоқыс контейнерлері орнатылды, 70-тен астам рұқсат етілмеген үйінділер жойылды.
Arna Press,
03 августа 2023
в 13:58
Қостанайда астық қоймасына найзайғай түсіп, құрылым бөлініп кетті, — деп хабарлайды деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.ҚР ТЖМ ӨҚК Қостанай облысы бойынша департаменті таратқан ақпаратқа сәйкес, 1 тамызда сағат 21.50 шамасында «Компания САЛАМАТ» ЖШС диірмен кешенінің аумағында құрылыстар құлады (екі астық қоймасы).«Алдын ала ақпараттарға сәйкес құрылыстарға найзағай тиген.
Arna Press,
03 августа 2023
в 12:49
Шілде айының соңында Риддер қаласы полиция бөліміне қала тұрғыны белгісіз адам мобильді қосымшаның көмегімен оның атына 759 970 теңге сомасында тауарлық несие ресімдеп, жоғалып кеткені туралы өтінішпен жүгінген, деп хабарлайды Arnapress.kz ШҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жедел-іздестіру іс шараларын жүргізу барысында тәртіп сақшылары дереу 2000 жылы туған күдіктінің жеке басын анықтап, ұстаған.Ұсталған адамға қатысты ешқайда кетпеу туралы жазбаша міндеттеу түріндегі процесстік мәжбүрлеу шарасы таңдалды.«Аталған факті бойынша ҚР ҚК — нің 190-бабы 2-бөлігімен – «алаяқтық» сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясы 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді», деді полиция департаментінде.Полиция департаменті барлық азаматтарды мұқият және қырағы болуға сондай ақ, бірқатар қарапайым қауіпсіздік қағидаларын есте сақтауға шақырады.«Ешбір жағдайда бейтаныс адамдарға өзіңіздің жеке деректеріңізді (аты-жөні, ЖСН, карта нөмірі, жеке куәлік нөмірі және т. б. жария етпеңіздер», деп қосты ШҚО ПД баспасөз қызметінде.Өзіңізді алдауға жол бермеңіз, егер Сізге қатысты заңсыз әрекеттер жасалса, дереу «102«арнасына хабарласыңыз.Есіңізде болсын сіздің деректеріңіз бен қолма қол ақшаңыздың қауіпсіздігі сіздің қолыңызда.Сурет: ашық дереккөздерден
Arna Press,
03 августа 2023
в 11:58
Цифрлық даму министрі 2023 жылғы 28 шілдедегі «Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақылардың өсіміне өтемақы төлеудің мөлшерін анықтау және қағидаларын бекіту туралы» бұйрыққа қол қойды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Бұйрықтың мәтініне сай, әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін тарифтердің көтерілуіне байланысты ай сайынғы өтемақы мөлшері қолданыстағы тарифтік жоспар бойынша байланыс қызметтеріне ай сайынғы нақты шығыс пен қазіргі шығыс арасындағы айырма ретінде айқындалады.Құжатта әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсету тарифтерінің көтерілуіне байланысты өтемақы тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға ақы төлеу үшін тұрғын үй көмегінің бөлігі болатын ақшалай өтемақы түрінде беріледі деген.Өтемақы алуға кім құқылы?Өтемақы Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғын үй ретінде меншік құқығындағы тұрғын үйде тұрақты тіркелген және тұратын әлеуметтік қорғалатын азаматтарға, сонымен қатар мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға) төленеді.Қандай құжаттар қажет?Өтемақы алу үшін абонент тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға тұрғын үй көмегін тағайындау үшін қажет құжаттармен жүгінуі қажет. Құжаттардың тізбесі тұрғын үй көмегін көрсету ережелерімен айқындалады және мыналарды қамтиды:Өтемақы төлеуге қаражатты қандай тәртіппен аударады?
Arna Press,
03 августа 2023
в 10:58
Қазақстан бойынша өткізілген орта және мектепке дейінгі білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау нәтижелері СҚО әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаментінің басшысы Сергей Перов өз сөзінде талдау объектісі кездейсоқ таңдалмағанын, соңғы жылдары білім беру саласында үш жүзден астам қылмыстық құқық бұзушылық жасалып, 143 адам сотталғанын атап өтті.«Өңірлік деңгейде негізгі назар жоспарлау мен еңбекақы төлеу қорына аударылды, онда білім беруге бөлінген облыс бюджетінің 80%-ға жуығы жұмсалады.
Arna Press,
02 августа 2023
в 15:08
Оқу жылы қарсаңында Семейде мектеп формасының жәрмеңкесі өтуде, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Бұл шара Абай облысы кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының қолдауымен өңіріміздің жеңіл өнеркәсіп ұйымдарына қолдау көрсету мақсатымен өтіп жатыр.«Жәрмеңке 1-6 тамыз күндері аралығында өтеді.
Arna Press,
02 августа 2023
в 13:28
Абай облысы Бесқарағай ауданының пробация қызметінің есебінде 15 жастағы қызбен қарым-қатынасқа түскен азамат 2 жылға бас бостандығынан шектетілді, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.«21 жастағы Сергей мен 15 жастағы Лена (есімдері өзгертілген) әлеуметтік желіде танысып, ұзақ уақыт сөйлесіп жүрген.
Arna Press,
02 августа 2023
в 13:28
Алматыдағы көпқабаттағы үйдегі өрттен зардап шеккен бір әйел қайтыс болды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Алатау ауданы Ақкент шағын ауданы, 54 мекенжайында болған өртке 23 жедел жәрдем бригадасы, соның ішінде 5 жансақтау бригадасы жұмылдырылды. Барлығы 43 адам зардап шекті.
Arna Press,
02 августа 2023
в 12:18
Абай облысы әкімінің грант иегерлерінің тізімі 20 тамызда білім басқармасының сайтында жарияланады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Білім беру грантын иеленетін үміткерлерге тағайындалатын жеңілдіктер ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпандағы № 264 қаулысында көрсетілген жеңілдіктер негізінде жүзеге асады.
Arna Press,
01 августа 2023
в 22:48
Видеодан кейбір адамдардың жанып жатқан ғимараттың терезелерінен секіргенін көруге болады. Ал тағы біреулер балаларын лақтыруға мәжбүр, оларды төмендегі топ адам кілемнің көмегімен қағып алуда, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 1 тамызда сағат 17:10-да Алматы қалалық ТЖД күштері мен құралдары жоғары дәрежедегі дабыл белгісі бойынша Алатау ауданы, Ақкент ықшам ауданы, 54 үй мекен-жайына аттанды.Оқиға орнына 6 минутта жеткен өрт сөндірушілер 16 қабатты тұрғын үйдің бесінші қабаттағы пәтерлері ашық отқа оранғанын анықтады.
Arna Press,
01 августа 2023
в 13:48
Абай облысының әкімдігі қалалықтарды сақ болуға шықырады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бейтаныс адамдар өздерін мемлекеттік қызметкер немесе облыс әкімінің көмекшісімін деп, кәсіпкерлерге қаржылай көмек сұрап жүгінеді. Аталған жағдай Шығыс Қазақстан облысында тіркелген.
Arna Press,
01 августа 2023
в 13:48
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 26 шілдедегі бұйрығымен жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдауға арналған қабылдау квотасының көлемі бекітілді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Атап айтқанда, бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырысынан жоғары оқу орындарына оқуға түсуге арналған қабылдау квотасының мөлшері:Бұйрық 2023 жылғы 1 тамыздан бастап күшіне енеді.Бұған дейін Қазақстанда білім туралы құжаттар қандай ережелермен танылатыны туралы айтқан болатынбыз.Сурет: Zakon.kz