Популярные темы

Қазақстанда 200 мыңға жуық адам шизофренияға шалдыққан

Дата: 31 января 2024 в 12:48 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Қазақстанда 200 мыңға жуық адам шизофренияға шалдыққан
Стоковые изображения от Depositphotos

Қазақстанда 200 мыңға жуық адам шизофренияға шалдыққан, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау министрлігі Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабында 2024 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша, психикалық және мінез-құлық ауытқулары бар 198 417 адам динамикалық бақылауда тұрғанын хабарлады. Олардың ішінде:

«Алайда психикалық және мінез-құлық ауытқуларының болуы стационарлық емдеуге көрсеткіш болып табылмайды. Стационарлық емдеу аурудың жедел ағымы және/немесе өршуі кезінде көрсетіледі. Стационарлық ем алғаннан кейін пациенттер амбулаторлық бақылауды жалғастырады», деді ведомство өкілдері.

Денсаулық сақтау министрлігі мәліметінше, 2024 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша «шизофрения» диагнозымен дәрігерлердің бақылауында 289 бала, 19 405 әйел және 19 586 ер адам болған.

2023 жылы психикалық денсаулық орталықтарында 70,5 мың науқас, оның ішінде 8 мыңнан аса бала емделген. 1 қаңтардағы жағдай бойынша Психикалық денсаулық орталықтарында 7223 науқас болған.

Фото:depositphotos.com

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями