Популярные темы

Сурет: новости — страница 52

Сенаторлар электрсамокаттардың қозғалысын реттеуге қатысты түзетулерді мақұлдады

Arna Press, 22 июня 2023 в 17:48

Сенаторлар электрсамокаттардың қозғалысын реттеуге қатысты түзетулерді мақұлдады
Сенат депутаттары 22 маусымдағы жалпы отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол қозғалысын ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды мақұлдады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Мәжіліс депутаттары заңға шағын электр көліктері мен электрсамокаттарды реттеуді енгізу туралы бастама көтерген.

Алматыда күдікті полиция көлігінде өзіне қол жұмсады

Arna Press, 22 июня 2023 в 17:48

Алматыда күдікті полиция көлігінде өзіне қол жұмсады
Алматыда көлік ұрлады деген күдікті полицейлердің қызметтік көлігінде өзіне қол жұмсады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Күдікті тергеу тобының көлігінде өзіне қол жұмсаған. Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады.«Қазіргі уақытта өз танысынан Toyota автокөлігін ашық түрде ұрлады деген күдікпен ұсталған 1980 жылы туған азамат И.-дің өлімі дерегі бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.Сараптама қорытындысына сәйкес, марқұм мас күйде болған.

Шемонаихада жанармай құю станциясында жарылыс болды

Arna Press, 22 июня 2023 в 16:58

Шемонаихада жанармай құю станциясында жарылыс болды
22 маусымда Шемонаиха қаласы Украинская көшесіндегі газ баллондарына жанармай құю станциясында болған жарылыс салдарынан өрт шықты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Өрттен 5 бірлік техника жойылды.Сағат 14:44-те өрт оқшауланды. Термиялық күйік алған 2 адам ауруханаға жеткізілді.

Семейде «қоғамдық қордан» бопсалаушылар тобы ұсталды

Arna Press, 22 июня 2023 в 08:58

Семейде “қоғамдық қордан” бопсалаушылар тобы ұсталды
ІІМ-нің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөліністері Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, Абай облысы прокуратурасының үйлестіруімен Семей қаласының аумағында бопсалаушылардың қылмыстық тобын ұстау бойынша арнайы операция жүргізді, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.Өздерінің криминалдық қызметін топтың мүшелері ресми түрде тіркелген қоғамдық қорды формальды құру арқылы мұқтаж тұрғындарға қайырымдылық көмек көрсету түрінде жүзеге асырып отырған. Қордың Instagram әлеуметтік желісінде жеке парақшасы бар.Құрылған күннен бастап қордың есепшотына қаражат түспеген.

Көпір астындағы жаңа қоғамдық кеңістікте байланысты даулы мәселе туындады

Arna Press, 21 июня 2023 в 19:28

Көпір астындағы жаңа қоғамдық кеңістікте байланысты даулы мәселе туындады
Сол жағалаудағы көпір астындағы жаңа қоғамдық кеңістікте байланысты даулы мәселе туындады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Қазақстандық суретші Мағира Тілеуберлина Семей қаласында мұралдарды жасау үшін оның жұмыстарын рұқсатсыз пайдаланды, деп жазды әлеуметтік желіде.Бұл жазба әлеуметтік желі қолданушылары арасында талқыға түсіп, авторлық құқықты бұзғандығын бір ауыздан айттып отыр.Жаңа қоғамдық кеңістікте иллюстрациялар жасау кезінде авторлық құқықты бұзу жағдайы бойынша әкімдік ресми хабарлама берді.

Семейде жүріп келе жатқан автобус өртенді

Arna Press, 21 июня 2023 в 17:48

Семейде жүріп келе жатқан автобус өртенді
Бүгін сағат 08:50-де «101» пультіне Шугаев көшесінде автобус жанып жатқаны туралы хабарлама түсті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Құтқару бөлімшелері келгеннен кейін 2013 жылғы ПАЗ маркалы көлікте жанғыш қозғалтқыш бөліктерінің, аспаптар панелінің, ішкі қаптаманың, орындықтар мен корпустың жанып тұрғанын анықтады.

Абай облысында кәсіпкерлікті дамытуға 100 млн теңге көлемінде грант бөліңді

Arna Press, 20 июня 2023 в 14:38

Абай облысында кәсіпкерлікті дамытуға 100 млн теңге көлемінде грант бөліңді
Облыстың 649 кәсіпкері мемлекеттен қолдау алды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оның жалпы сомасы 30 млрд теңгені құрады. Басқармасы басшысы қазір шағын және орта бизнесті дамытуға көп көңіл бөлінетінін атап өтті.— Мемлекет басшысы шағын және орта бизнесті дамытуға көп көңіл бөледі.

Маңғыстау облысында сегіз оқытушы жалған дипломмен сабақ беріп келген

Arna Press, 19 июня 2023 в 16:08

Маңғыстау облысында сегіз оқытушы жалған дипломмен сабақ беріп келген
Бұл жөнінде Маңғыстау облысының прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.Құзырлы орган таратқан мәліметке сүйенсек, құқық бұзушылардың бірі екі жыл бойы Қарақия кәсіптік колледжінде жалған дипломмен тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша оқытушының жұмысын атқарған.«Қарақия ауданының соты оны ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабының 3-бөлігі (көрінеу жалған құжатты пайдалану) бойынша 30 сағат қоғамдық жұмыстар түрінде жаза тағайындаумен қылмыстық жауаптылыққа тартты», делінген Маңғыстау облысының прокуратурасысының ресми хабарламасында.Осы тектес құқық бұзушылық жасағаны үшін сот сол колледждің басқа екі оқытушысына үкім шығарды, олар жұмыстан босатылды.Төрт эпизод бойынша полиция органдарының сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізген қылмыстық істері рақымшылық актісі бойынша тоқтатылды.Бір дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүріп жатыр.

Тоқаев Шығыс Қазақстан облысының жаңа әкімін қабылдады

Arna Press, 19 июня 2023 в 14:58

Тоқаев Шығыс Қазақстан облысының жаңа әкімін қабылдады
Мемлекет басшысы күні кеше Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайыдалған Ермек Көшербаевты қабылдады, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.Мемлекет басшысы азаматтардың тұрмыс сапасы мен әл-ауқатын одан әрі арттыру, аймақ экономикасын дамыту мәселелеріне назар аударды. Сондай-ақ өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, шағын және орта кәсіпкерлік салаларындағы тұрақты өсімді қамтамасыз етуді тапсырды.

Шымкент әкімі жануарларды аулау орнындағы жантүршігерлік кадрларға назар аударды

Arna Press, 19 июня 2023 в 14:28

Шымкент әкімі жануарларды аулау орнындағы жантүршігерлік кадрларға назар аударды
Шымкент билігі оқиғаға назар аударды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасап.Еске салайық, Қазақстандағы жануарларды қорғау қауымдастығы Instagram-парақшасында жануарларды алау қызметі орнынан жантүршігерлік кадрларды жариялаған болатын – еденде тізілген ондаған мысықтың денесі, басы мен табаны кесілген мысық.Мемлекеттік мекемедегі қатыгездік Қазнетті ашуландырды.

Астанадағы адамдарды кепілге алу оқиғасы: Мурадовқа қандай жаза тағайындалу мүмкін?

Arna Press, 19 июня 2023 в 13:38

Астанадағы адамдарды кепілге алу оқиғасы: Мурадовқа қандай жаза тағайындалу мүмкін?
Тергеу мүддесіне байланысты соталды тергеп-тексеру деректері жария етілмейді. Алайда қылмыс жасаған күдікті 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екені белгілі болды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.«Бұл дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 261-бабы 2-бөлігі («Кепілге алу») бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген, ол мүлкін тәркілеп немесе тәркілемей жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады», — деп хабарлады ІІМ.Еске салайық, Kaspi.kz-тің Астанадағы бөлімшесінде ер адам бірнеше тұрғынды кепілге алған болатын.

Бүгін еліміздің ірі қалаларында жауын-шашын күтіледі

Arna Press, 19 июня 2023 в 12:38

Бүгін еліміздің ірі қалаларында жауын-шашын күтіледі
Синоптиктер бүгін, 19 маусымда қандай ауа райы күтілетінін болжады. Бұл туралы Arnapress.kz тілшісі KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап хабарлайды.Республиканың олтүстікте, солтүстік-батыста, оңтүстікте және орталықта бұршақ жауып, дауыл тұруы ықтимал. Сондай-ақ, солтүстік-батыста түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болады деп болжанған.

Абай облысының тұрғынының жылқысын ұрлап, сойып алғандар анықталды

Arna Press, 19 июня 2023 в 12:38

Абай облысының тұрғынының жылқысын ұрлап, сойып алғандар анықталды
29 мамыр күні Бесқарағай ауданының полиция бөліміне 47 жастағы Бөдене ауылының тұрғыны жүгініп, 18-20 мамыр аралығында Бөдене ауылынан 15 шақырым жерде орналасқан еркін жайылымнан белгісіз адамдар жасырын жылқысын ұрлап, сойып алды деп шағымданды, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.Келтірілген залал 700 мың теңгені құрады.

Елімізде 2024-тен бизнесті басқарудың автоматтандырылған жүйесі іске қосылады

Arna Press, 19 июня 2023 в 12:38

Елімізде 2024-тен бизнесті басқарудың автоматтандырылған жүйесі іске қосылады
ҚР премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте мемлекеттік органдар «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, бизнесті реттеудің 44 саласына талдау жасағаны айтылды. Нәтижесінде жаңа реттеу саясатының шарттарына сәйкес келмейтін 10 108 талап анықталды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Күн тәртібіндегі екінші мәселе аясында былтыр бизнесті мемлекеттік бақылаудың 35 бағытын автоматтандыру ісі аяқталып, қазір тағы 35 бағыт бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқаны айтылды.

ІІМ автокөлікті жалған құжаттар бойынша тіркеген қылмыстық топтарды ұстады

Arna Press, 19 июня 2023 в 11:28

ІІМ автокөлікті жалған құжаттар бойынша тіркеген қылмыстық топтарды ұстады
ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөліністері шетелден әкелінген автокөліктерді заңсыз тіркеумен айналысқан қылмыстық топтардың жолын кесу және оларды ұстау бойынша жедел-тергеу іс-шараларын жүргізді, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.Мәселен, Ақмола облысында тіркеуге заңсыз қойылған жүк автокөліктері анықталды. Өткен жылдың ақпан айынан ағымдағы жылдың сәуір айына дейін қылмыстық топ алғашқы мемлекеттік тіркеу алымын төлегені туралы жалған құжаттарды пайдалана отырып, 62 жүк автомашинасын қазақстандық есепке қойған.Әрбір жүк автомашинасын алғашқы мемлекеттік тіркегені үшін ресми төлем шамамен 7-8 млн теңге болуы тиіс еді.Алдын ала деректер бойынша мемлекетке келтірілген шығын шамамен 500 млн теңгені құраған.

Шымкентте мешіттегі ұстаз балаларды ұрған

Arna Press, 16 июня 2023 в 13:58

Шымкентте мешіттегі ұстаз балаларды ұрған
Видеода балалардың арқаларында соққы іздері, көгерген және қан бар екені көрінеді. Кәмелетке толмағандар аят пен хадис жаттамағандықтан дін қызметкерінен таяқ жеген, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Алайда бұл нұсқаны Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жоққа шығарды.

ШҚО-ның жаңа әкімі тағайындалды

Arna Press, 16 июня 2023 в 12:58

ШҚО-ның жаңа әкімі тағайындалды
16 маусым Өскеменде ШҚО мәслихат отырысы өтті. Күн тәртібінде өңір әкімін тағайындау болды, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Депутаттар ұсынылған екі кандидаттан таңдау жасады. Кешегі күнге дейін Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және Өкілетті Елшісі болып қызмет еткен Ермек Көшербаевпен ШҚО әкімінің орынбасары Дархан Сапановтың кандидатуралары ұсынылы.Депутаттардың шешімі бойынша әкім қызметіне Ермек Көшербаев тағайындалды.

Абай облысында пробация есебінде тұрған екі азамат бас бостандығынан айырылды

Arna Press, 15 июня 2023 в 19:08

Абай облысында пробация есебінде тұрған екі азамат бас бостандығынан айырылды
Абай облысы ҚАЖД Үрджар аудандық №1 пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандардың қатысуымен ашық сот отырысы өткізілді, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.«Үржар аудандық сотының үкімімен ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігімен (Ұрлық) 3 жыл 6 айға бас бостандығынан шектеу жазасы бойынша есепте тұрғандандарға қатысты сот талқылауы барысында жауаптылыққа тартылған Б. және А. есімді екі азаматқа қатысты бас бостандығынан шектеу түріндегі жаза мерзімінің өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айыру түріндегі жазамен ауыстыру туралы ұсынысы қанағаттандырылды» — делінген хабарламада.

Қайтыс болған тракторшы Сергей Архиповтың отбасына пәтер берілді

Arna Press, 15 июня 2023 в 17:28

Қайтыс болған тракторшы Сергей Архиповтың отбасына пәтер берілді
Бүгін өрт салдарынан қаза тапқан 14 адамның отбасына, сондай-ақ тракторшы Сергей Архиповтың отбасына Семей қаласы Қарағайлы шағын ауданындағы жаңа пәтерлердің кілттері табысталды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Абай облысының әкімі қайтыс болған Саят Нұржігітов пен Амангелді Дүйсембаевтың отбасыларына 2 және 3 бөлмелі пәтерлердің кілттерін тапсырды. — Өртте зардап шеккендердің отбасыларын қолдау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар біздің тұрақты бақылауымызда.

Төреғали Төреәлі көлік жүргізу куәлігінен 7 жылға айырылып, 20 тәулікке қамалды

Arna Press, 15 июня 2023 в 14:58

Төреғали Төреәлі көлік жүргізу куәлігінен 7 жылға айырылып, 20 тәулікке қамалды
Ол есірткіге мас күйінде көлік басқарып, полиция қызметкерлерінің ескеруіне бағынбады.Әнші Төреғали Төреәлі есірткіге мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өзге көлік құралдарына зақым келтіруге әкеліп соққан есірткіге мас күйінде көлік құралын басқару фактісі (ҚР ӘҚБтК 608-бабы 3-бөлігі) бойынша азамат А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.Сот 2023 жылдың 14 маусымында көлік рөліндегі азамат А. мас күйінде патрульдік көлікті қаққанын анықтады.

Қазақстандықтар 1-сыныпқа қабылдауға 250 мыңға жуық өтініш берді

Arna Press, 15 июня 2023 в 13:58

Қазақстандықтар 1-сыныпқа қабылдауға 250 мыңға жуық өтініш берді
Қазақстанда екі айдың ішінде бірінші сыныпқа қабылдауға 250 мыңға жуық өтініш түскен. Құжаттарды қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.Оқу-ағарту министрлігі орта білім комитетінің хабарлауынша, бүгінде 1-сыныпқа қабылдауға 249 737 өтініш түсті.

Экс-шенеунік Қазақстанға экстрадицияланды

Arna Press, 15 июня 2023 в 13:08

Экс-шенеунік Қазақстанға экстрадицияланды
Грузияның әділет Министрлігі лауазымдық құзыретін асыра пайдаланғаны және 50 млн теңгеден астам бюджет қаражатын ысырап қылғаны үшін күдікті деп танылған Тараз қаласы әкімінің бұрыңғы орынбасарын ұстап беру туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрау салуын қанағаттандырды. — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Бас прокуратураға сілтеме жасапКүдікті қылмыс жасағаннан кейін қылмыстық қудалау органынан бой тасалаған, сондықтан оған қатысты халықаралық іздеу жарияланған.Қабылданған шаралардың нәтижесінде іздеуде жүрген тұлға Грузияда анықталып, ұсталды.«Грузиялық әріпестермен арадағы тығыз қарым-қатынастың нәтижесінде бүгін Бас прокуратура, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдіктіні қылмыстық жауапқа тарту үшін Қазақстанған әкелді», — делінген хабарламада.Қәзіргі уақытта, ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.Жоғарыда көрсетілген қылмыстарды жасағаны үшін оған 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.Сурет: Бас прокуратураның баспасөз қызметі таратқан видеодан скриншот

Абай облысындағы орман өрті оқшауланды

Arna Press, 14 июня 2023 в 22:28

Абай облысындағы орман өрті оқшауланды
Абай облысындағы орман өрті оқшауланды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.2023 жылғы 14 маусымда сағат 21:00-де әуеден барлау және жедел жағдайды бағалау қорытындысы бойынша ТЖ вице-министрі генерал-майор Марат Күлдіков Абай облысындағы Семей орманы табиғи резерватының аумағындағы табиғи өрттің оқшауланғанын жариялады.Өрт толық жойылғанға дейін оқшауланған ошақтардың орындарына үнемі су төгу, сондай-ақ өрттің шетіне топырақ себу жүзеге асырылады.Сурет: ТЖД баспасөз қызметі

Қаза болған орманшылардың отбасыларына тұрғын үй беріледі

Arna Press, 13 июня 2023 в 13:28

Қаза болған орманшылардың отбасыларына тұрғын үй беріледі
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында күн тәртібінен тыс Абай облысындағы ірі табиғи өрттерге қатысты ахуал қаралды, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.Министрлер кабинетінің басшысы өңірде өрт басталғалы оның ауданы тез ұлғайып, бірқатар елді мекенге қауіп төнгенін атап өтті.

Жетісу облысы тұрғындарына Абай өңіріндегі өртке байланысты ескерту жасалды

Arna Press, 12 июня 2023 в 15:48

Жетісу облысы тұрғындарына Абай өңіріндегі өртке байланысты ескерту жасалды
Жетісу облысының ТЖД өкілдері облыс тұрғындарына Абай облысындағы өртке байланысты ескерту жасады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.«Құрметті Жетісу облысының тұрғындары мен қонақтары! Абай облысының аумағындағы ірі орман өртінің салдарынан жел бағытының өзгеруі нәтижесінде Жетісу облысының бірнеше аудандарының аумағы қалың түтінмен жабылды.

Сарыағашта «Ұстау» жоспары жарияланды: түрмеден күдікті қашып кетті

Arna Press, 12 июня 2023 в 14:58

Сарыағашта
11 маусым күні Түркістан облысы Сарыағаш полиция бөлімшесінен күдікті қашып кетті, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Қазіргі уақытта жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Қашып кеткен азаматты іздеуге Түркістан облысы ПД бүкіл жеке құрамы жұмылдырылды. «Ұстау» жоспары жарияланды.«Сарыағаш қаласы мен облыстың кіреберісі мен шығатын жерлеріне бекеттер қойылды.

ТЖМ: «Абай облысының елді мекендеріне қауіп жоқ»

Arna Press, 12 июня 2023 в 13:08

ТЖМ:
Минералдандырылған жолақтар жасау жұмыстары қолжетімділігі қиын болуына байланысты тоқтатылды, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Елді мекендерге қауіп жоқ.Өртті сөндіру жұмыстары басталғалы бері өрт ошақтарына әуеден 777 рет жалпы көлемі 2000 астам тонна су төгілді.Талица ауылына қарай тараған өрт дала аумағына шығып, сөндірілді.

Аружан Саин бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымынан босатылды

Arna Press, 12 июня 2023 в 12:18

Аружан Саин бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымынан босатылды
Аружан Саин бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымынан босатылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.«Мемлекет басшысының өкімімен Аружан Саин Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымынан босатылды», — делінген Жарлықта.Аружан Саин Қазақстандағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл болып 2019 жылы тағайындалған болатын.Оның орнына президент өкімімен Зәкиева Динара Болатқызы тағайындалды.Динара Зәкиева 1982 жылы дүниеге келген.Бейжің Тіл және мәдениет институтын (Қытай 2001 жылы), Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша (2002 жылы), Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша (Мәскеу, 2004 жылы); MBA Hult international business school (Дубай 2013 жылы) бітірген.2021 жылғы 15 қаңтардан Парламент Мәжілісінің жетінші шақырылымының депутаты болды.Сурет: zakon.kz

Қаза болған орманшылар «Құрмет» орденімен наградталды

Arna Press, 11 июня 2023 в 21:48

Қаза болған орманшылар
Мемлекет басшысының Жарлығымен Абай облысында орын алған төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін «Құрмет» орденімен марапатталды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі aqorda_resmi каналына сілтеме жасап.Президенттің арнайы Жарлығы шықты. 1. Тоқтасын Серікжан Бақытбекұлы (марқұм) – «Семей орманы» МОТР» РММ Новошульба филиалының инженері;2.

Абай облысының әкімі президенттен сөгіс алды

Arna Press, 11 июня 2023 в 18:58

Абай облысының әкімі президенттен сөгіс алды
Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевқа өз міндетін тиісті деңгейде атқармағаны үшін сөгіс жариялады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі aqorda_resmi каналына сілтеме жасап.«Қателік көп. Шұғыл әрекеттің жетіспеуі, мәселеден сырт қалуыңыз осы апатқа әкелді. Өзіңіз де оқиға орнына кеш жеткеніңізді маған баяндадыңыз.
Показано 30 новостей из 1 622