Популярные темы

Қаза болған орманшылардың отбасыларына тұрғын үй беріледі

Дата: 13 июня 2023 в 13:28 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Қаза болған орманшылардың отбасыларына тұрғын үй беріледі
Стоковые изображения от Depositphotos

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында күн тәртібінен тыс Абай облысындағы ірі табиғи өрттерге қатысты ахуал қаралды, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.

Министрлер кабинетінің басшысы өңірде өрт басталғалы оның ауданы тез ұлғайып, бірқатар елді мекенге қауіп төнгенін атап өтті. Осыған байланысты тұрғындар эвакуацияланып, Семейде жергілікті деңгейде төтенше жағдай режимі енгізілді.

«Үйлестіру штабының отырыстары үнемі өткізіліп тұрды. Өкінішке орай, адамдар қаза тапты. Біз орман өртіне қарсы тұрған 14 адамнан айырылып қалдық. Үкімет атынан қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Үкімет пен әкімдік тарапынан қаза тапқандардың отбасыларына қажетті көмек көрсетілетін болады», — деді Әлихан Смайылов. 

Одан кейін Министрлер кабинетінің мүшелері өрттен қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Премьер-Министр Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында қаза болғандардың отбасыларына келесі қолдау шаралары көрсетілетінін айтты:

Сондай-ақ несиелерді есептен шығару үшін қайтыс болған адамдар мен олардың отбасыларының несиелік жүктемесі анықталады.

Оған қоса қаза тапқандардың отбасылары мен зардап шеккендерге қажетті қолдау шараларын көрсету үшін арнайы қор құрылды.

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың айтуынша, бүгінгі таңда өрттің жалпы ауданы шамамен 60 мың га-ны құрайды, 43 мың га – белсенді нүктелер. Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Өртті сөндіру жұмыстары үш бағытта жүріп жатыр: шығыс бағытта – өртті тоқтату үшін ауыр техникамен орман кесіліп, қалған екі бағыт бойынша – жету қиын жерлерде өрт жаяу және тікұшақпен сөндірілуде. Жалпы өртті жоюға 1 532 адам, 321 техника және 14 тікұшақ жұмылдырылды.

Өрт салдарынан үш үй және екі техника жанып кетті. Газбен уланған екі орман қызметкері жазылып келеді. Жоғалған тракторшы іздестіріліп жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қаза тапқан Успен орман шаруашылығының 14 қызметкерінің отбасыларына көмек көрсету бойынша жұмыс жүргізілуде.

Премьер-Министр өртті өршімей тұрып, басталған сәтте сөндіру үшін шұғыл әрекет ету керектігін айтты – өрттің таралуына жол бермеу үшін күштер мен құралдарды мүмкіндігінше жедел жіберіп отыру керек. 

«Далада немесе орманда өрт шыққанда бірінші күні, алғашқы сағаттарда тиісті қадамдарды қабылдау өте маңызды. Мұндайда жағдайды дұрыс бағалап, кез келген апаттың алдын алуға барлық күш-жігерді жұмсау керек», — деді Әлихан Смайылов. 

Осыған байланысты Премьер-Министр елдің ұлттық парктері мен орман шаруашылықтарын өртті ерте анықтау және мониторинг жүйелерімен жарақтандыру жөнінде шаралар қабылдауды, сондай-ақ мемлекеттік органдардың табиғи өрттерге қарсы әрекет ету алгоритмін қайта қарауды тапсырды.

Сурет: primeminister.kz

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями