Популярные темы

Абай облысында кәсіпкерлікті дамытуға 100 млн теңге көлемінде грант бөліңді

Дата: 20 июня 2023 в 14:38 Категория: Новости экономики


Абай облысында кәсіпкерлікті дамытуға 100 млн теңге көлемінде грант бөліңді
Стоковые изображения от Depositphotos

Облыстың 649 кәсіпкері мемлекеттен қолдау алды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Оның  жалпы сомасы 30 млрд теңгені құрады. Басқармасы басшысы қазір шағын және орта бизнесті дамытуға көп көңіл бөлінетінін атап өтті.

— Мемлекет басшысы шағын және орта бизнесті дамытуға көп көңіл бөледі. 496 кәсіпорын кепілдендірілген қаржыландыруға ие болды. Осы жылдың басынан бері облыстың 138 кәсіпкері 5,9 млрд теңгеге қолдау алды. Мұның бәрі — ШОБ жобалары. Барлық мемлекеттік органдармен үлкен жұмыс жүргізілуде. Жақында ғана ұлттық жоба аясында құжат қабылданды. Бүгінде сауда объектілері 3 млрд теңгеге дейін субсидия ала алады. Бұл сауда нысандары заманауи сауда нысандарына өтуі үшін қажетті құрал, — деп атап өтті Рүстем Ворошилов.

Сонымен қатар, облыс әкімінің тапсырмасы бойынша биыл кәсіпкерлікті дамытуға 100 млн теңге көлемінде грант бөлді. Құжаттарды қабылдауды маусымның үшінші онкүндігінде жүзеге асыру жоспарлануда.

Сурет: мybusiness.kz, Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі 

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Новости экономики
Поделитесь новостью с друзьями