Популярные темы

Семейде жүріп келе жатқан автобус өртенді

Дата: 21 июня 2023 в 17:48 Категория: Новости авто


Семейде жүріп келе жатқан автобус өртенді
Стоковые изображения от Depositphotos

Бүгін сағат 08:50-де «101» пультіне Шугаев көшесінде автобус жанып жатқаны туралы хабарлама түсті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құтқару бөлімшелері келгеннен кейін 2013 жылғы ПАЗ маркалы көлікте жанғыш қозғалтқыш бөліктерінің, аспаптар панелінің, ішкі қаптаманың, орындықтар мен корпустың жанып тұрғанын анықтады. Жану алаңы 20 шаршы метрді құрады.

«Қызыл жалын қысқа мерзімде жойылды. Зардап шеккен адамдар жоқ. Өрттің алдын — ала себебі — қауіптілігі жоғары қондырғыны абайсыз пайдалану», делінген ресми хабарламада. 

Автокөлікте өрттерді болдырмау мақсатында, Абай облысы ТЖД қала тұрғындары мен қонақтарынан автокөліктерде өрт қауіпсіздігі шараларын сақтауды сұрайды.

Сурет: Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Новости авто
Поделитесь новостью с друзьями