Популярные темы

Тоқаев Шығыс Қазақстан облысының жаңа әкімін қабылдады

Дата: 19 июня 2023 в 14:58 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Тоқаев Шығыс Қазақстан облысының жаңа әкімін қабылдады
Стоковые изображения от Depositphotos

Мемлекет басшысы күні кеше Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайыдалған Ермек Көшербаевты қабылдады, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы  азаматтардың тұрмыс сапасы мен әл-ауқатын одан әрі арттыру, аймақ экономикасын дамыту мәселелеріне назар аударды. Сондай-ақ өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, шағын және орта кәсіпкерлік салаларындағы тұрақты өсімді қамтамасыз етуді тапсырды.  

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қатон-Қарағай, Марқакөл аудандарын қайта құру жөнінде шешім қабылданғанына тоқталып, шекаралас аумақтағы елді мекендерді жүйелі түрде дамыту қажет екенін айтты.

Президент облыс әкіміне коммуналдық инфрақұрылым нысандарын жаңғырту, жылу электр стансаларының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету және жылыту маусымына дайындық жұмыстарын пысықтау жөнінде тапсырма берді.

Сурет: akorda.kz

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями