Arna Press,
26 октября 2023
в 14:59
Индустрия және құрылыс министрінің 2023 жылғы 18 қазандағы бұйрығымен 7 қарашадан бастап Қазақстан аумағынан түсті металдардың қалдықтары мен сынықтарын әкетуге тыйым салу алты айға ұзартылды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Қазақстан аумағынан әкетуге алты ай мерзімге тыйым салынады:Бұйрық 2023 жылғы 4 қарашадан бастап күшіне енеді.Құжат сынық тапшылығын сезініп отырған отандық кәсіпорындардың жүктемесін арттыру мақсатында және сынықтардың заңсыз айналымына қарсы күрес шараларының бірі ретінде қабылданды.Ағымдағы кезеңде 2023 жылдың 3 мамырынан бастап Қазақстан аумағынан қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын әкетуге алты айға тыйым салынды.Сурет: pexels
Arna Press,
26 октября 2023
в 14:59
Аягөз қаласында үй өртеніп, оның ішінде болға төрт бала қайтыс болды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 2023 жылғы 25 қазанда сағат 10:49-да ТЖБ күштері мен құралдарын жедел басқару орталығының пультіне Аягөз қаласының жеке үйлерінің бірінде түтін шыққандығы туралы сигнал түсті.
Arna Press,
25 октября 2023
в 17:58
«Қазақстанның Еңбек Ері» атағы еліміздің әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы аса үздік жетістіктері үшін Семей қаласы №7 жалпы білім беретін орта мектеп-лицейінің мұғалімі Алма Шүкежановаға берілді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Республика күні қарсаңында өз кәсібіне берілген, шығармашыл, үлкен абырой-беделге ие болған тәжірибелі, үздік маманға Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы аса үздік жетістіктері үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені табысталды.Алма Сайдахметовна №7 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінде 1983 жылғы 1 қыркүйектен бастап математика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді.
Arna Press,
25 октября 2023
в 17:08
СҚО-да өрт сөндіруші 23 тонналық хоппрды сүйреді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Республика күні қарсаңында СҚО ТЖД өрт сөндіру қызметі өрт сөндірушілердің ерекше физикалық мүмкіндіктерін көрсетуге арналған челленджге бастамашы болды. «28 жастағы өрт сөндіру көлігінің жүргізушісі, азаматтық қорғау сержанты Парсахан Алдияров сүйреу кабелін вагонға тіркеп, 23 тонналық хоппрді жалғыз сүйреді!» — деп жазылған ведомствоның әлеуметтік желідегі ресми парақшасында.
EKaraganda.kz,
25 октября 2023
в 16:15
— Возвращение государственного праздника Дня Республики – это знак преемственности поколений, уважения к важнейшим событиям современной эпохи и стремления нашего народа к независимости, — отметил Аким Темиртау Ораз Таурбеков. Темиртау вносит немалый вклад в развитие нашей республики. Мы являемся одним из крупных промышленных городов страны.
Arna Press,
24 октября 2023
в 22:28
Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесінің №21 мекемесінде Республика күніне орай салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі. Оған мекеме қызметкерлері, сондай-ақ ардагерлер кеңесінің мүшелері қатысты.Қылмыстық-атқару жүйесі құқық қорғау саласындағы ең ауыр бағыттарының бірі.
Arna Press,
24 октября 2023
в 15:28
Әскерде жүрген 1500 сарбаз жеңілдікпен оқуға түсті, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі qazaqstan.tv сайтына сілтеме жасап.Енді олар жоғары оқу орындарында тегін білім алады. Мұндай мүмкіндік жауынгерлік қабілеті мықты сарбаздарға берілді. Олардың барлығы былтыр күзде ғана әскерге шақыртылған.Жауынгерлік даярлық, жеке тәртіп, арнайы міндеттерді толық орындау, үміткердің психологиялық деңгейі.
Arna Press,
24 октября 2023
в 15:28
Университет оқытушыларының жалақысы көтерілуі мүмкін, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Ол комитет депутаттары республикалық бюджет жобасына ЖОО оқытушыларының жалақысын көтеруге қатысты түзету енгізгенін атап өтті.«Әлеуметтік-мәдени даму комитеті университет оқытушыларының жалақысын көтеру бойынша республикалық бюджеттің жобасына арнайы түзетулерді ұсынды.
Tengrinews,
24 октября 2023
в 15:03
Белгілі әнші Өмірқұл Айниязовтың жары күні кеше үшінші сәбиіне аяғы ауыр екенін айтқан болатын. Қуанышты жаңалықты ұзақ уақыт құпияда ұстаған ерлі-зайыпты көпшілік алдында баланың жынысын анықтады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Өнер иесі жақындарының басын қосып, гендер пати жасады. Бұл туралы ол өзінің instagram парақшасына видео жүктеп, оқырмандарына жария етті.
Arna Press,
24 октября 2023
в 10:58
Оңтүстік Корея еліміздің экономикасындағы ірі инвесторлардың топ-10-дығының қатарында екенін атап өтті, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Атап айтқанда, соңғы 18 жылда Қазақстанға 9,2 млрд долларға жуық инвестиция тартылған. Ал былтыр Кореядан келген тікелей инвестицияның жалпы көлемі 85%-ға өсіп, жаңа рекордтық 1,5 млрд долларға жетті.
Arna Press,
24 октября 2023
в 00:19
25 қазанда елімізде полиция күшейтілген режимде жұмыс істейді. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге 20 мың полицей мен Ұлттық ұланның күші тартылады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.«24-26 қазан аралығында барлық жеке құрам күшейтілген режимде жұмыс істейді. Әкімдіктермен бірлесіп, мәдени бұқаралық іс-шаралар өтетін орындар белгіленді. Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етілетін күштер мен құралдардың есебі дайындалды.
Arna Press,
24 октября 2023
в 00:18
Бас прокуратура Швециядан Қазақстанға алаяқтыққа оқталу жасады деген күдіктіні экстрадициялады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ҚР Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.2019 жылдың тамыз айында Алматыда өздерін Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлеріміз деп таныстырған бір топ адам кәсіпкер ісіне тексеру жүргізіп, қылмыстық жауаптылыққа тартамыз деген желеумен 30 мың АҚШ доллары көлеміндегі қаражатты жымқырмақ болған.
Arna Press,
24 октября 2023
в 00:18
Күзгі демалыс 2023 жылдың 30-қазаны мен 5-қарашасын қоса алғанда жеті күнге созылады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Оқу-ағарту министрлігі мектеп оқушыларының күзгі демалыстағы бос уақытын тиімді өткізу және жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту мақсатында Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында іс-шаралар жоспарын ұсынып отыр.Іс-шаралар жоспарына:Айта кетейік, бұл шаралар білім беру ұйымдарына әдістемелік ұсыным ретінде жіберіледі.Сурет: primeminister.kz
Arna Press,
20 октября 2023
в 15:48
Түркиядан контрабандалық зергерлік бұйымдарды әкеліп, елорда әуежайында кедергісіз өту үшін пара бермек болған азаматқа қатысты соталды тергеп-тексеру жұмыстары басталды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.ҚМА елордалық департаменті мәліметінше, брендтік зергерлік бұйымдардың құны 57 миллион теңге болады.«Сонымен қатар, аталған азамат багажды өткізгені, тексергені және кедергісіз кедендік ресімдегені үшін елорда әуежайының кеден бекетіндегі лауазымды тұлғаға 860 мың теңге пара берген.
Arna Press,
20 октября 2023
в 14:49
Қазақстан үкіметі мен Қытай үкіметі арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісім 2023 жылдың 10 қарашасынан бастап жұмыс істей бастайды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Келісімге 2023 жылы 17 мамырда Сиань қаласында қол қойылған.«Құжатта екі елдің азаматтары жеке істер, туризм, емдеу, халықаралық тасымалдау, транзит, сондай-ақ іскерлік мақсаттар (келісімшарттар жасау, келіссөздер жүргізу, консультациялық қызметтер көрсету және басқа да іскерлік мақсаттар) үшін визалық талаптардан босатылады.
Arna Press,
20 октября 2023
в 14:48
Түркістан облысында кәмелетке толмаған қыздарды зорлады деген күдікпен 33 жастағы ер адам ұсталды., — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Мұрат Қабденовтың сөзінше, ауылдың екі тұрғынынан арыз түскен.«Әлеуметтік желіде жарияланып жатқан хабарламалар бойынша нақты мынадай ресми ақпаратты хабарлаймын: Түркістан облысының полицейлері 33 жастағы ауыл тұрғыны тарапынан кәмелетке толмаған қыздарға қатысты құқыққа қайшы әрекеттер жасау дерегі бойынша екі жергілікті тұрғынның арызына сәйкес соталды тергеу жүрігізіп жатыр», — деп жазды ПД өкілі.Ер адам кінәсін мойындаған.«Менің тапсырмам бойынша арнайы жедел тергеу тобы құрылды. ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы 4-бөлігі «зорлау» бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Arna Press,
20 октября 2023
в 14:48
Ішкі істер министрі Ержан Саденов бастаған Қазақстан ІІМ делегациясы Сеулдегі Халықаралық полиция саммитіне қатысты, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.Саммитте халықаралық ынтымақтастық, қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл, полициядағы заманауи өзгерістерге ден қою, кешенді жан-жақты ынтымақтастықты қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Arna Press,
20 октября 2023
в 14:48
Келер жылы Қазақстанда дәрі-дәрмектерді қадағалау бойынша ақпараттық жүйе мен балабақшаға кезекке тіркеудің Бірыңғай деректер базасы іске қосылады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап. Үкіметтің дерегінше, дәрілік заттарды қадағалау жүйесі бірнеше мәселені бірден шешуге ықпал етеді.
Arna Press,
19 октября 2023
в 18:38
Finprom.kz алғашқы он банкке шолу жасап, кім көш бастап тұрғанын анықтады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Жеке депозиттерге ие банктердің ондығында ForteBank ең жақсы өсу қарқынына ие: плюс айына 2,3%, 783,2 млрд теңгеге дейін. Бір жылда банк жеке тұлғалардың депозит портфеліне 12,1% қосты.
Крыша,
19 октября 2023
в 16:57
Қазір келісімшарт құны қанша тұрады және қай кезде қосымша шығындаласыз?Сатып алу-сату келісімшартының құны үйді немесе жер телімін кім және кімге сатып жатқанына тікелей байланысты.Мысалы, сатушы мен клиент жеке тұлға және туыс болмаса, нотариус арқылы келісімшартқа отыру үшін 12 АЕК немесе 41 400 теңге керек (2023 жылы 1 АЕК 3450 теңге) төлейсіз.Егер мәмілені балалар, жұбайлар, ата-ана, туған бауырлар не әпкелер, немерелер арасында жасалса нотариус қызметі арзанға түседі — 7 АЕК (24 150 теңге).Ал сатушы мен сатып алушы заңды тұлға болған жағдайда — 17 АЕК (58 650 теңге) жұмсайды.Нотариус ең арзан тарифті ипотека рәсімдейтіндерге ұсынады, небәрі 4 АЕК (13 800 теңге).Барлық нотариалдық кеңседе бірыңғай тариф бекітілген.
Arna Press,
19 октября 2023
в 12:28
Қазақстанда екі жаңа кәсіби мереке пайда болады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Мереке тізімдеріне толықтырулардың тиісті жобасын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірледі.Яғни енді Қазақстанда Азаматтық авиация қызметкерлері күні — 1 ақпанда, Бұрғылаушылар күні — қарашаның үшінші сенбісі тойланбақ.Жоба порталда 2 қарашаға дейін талқылауда болады.«Қазіргі уақытта тұрақты әуе тасымалдарын орындайтын әуежайлар мен авиакомпаниялардың, сондай-ақ аэронавигациялық қызмет көрсетуді жеткізушілердің өз құрылымында азаматтық авиацияны заңсыз араласу актілерінен қорғауды қамтамасыз ететін техникалық құралдармен және кадрлық құраммен жабдықталған, ең көп қызмет болып табылатын 3000-нан астам маманнан тұратын біртұтас құрылым болып табылатын АҚҚ бар.Алайда, бүгінгі күні авиациялық қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтуге және осылайша мұндай мерекенің болмауына байланысты кәсіби қоғамдастықтың бірыңғай авиация саласына жататындығын сезінуге мүмкіндігі жоқ» — делінген жобада.Сонымен қатар, кез келген кен орнын ашу және пайдалы қазбаларды өндіру үшін, ең алдымен, барлау және пайдалану бұрғылау қажет.
Arna Press,
19 октября 2023
в 11:28
Олжас Мұхтаров Абай облысы ТЖД 1-ші Мамандандылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы. Кәсіби мерекенің қарсаңында Arnapress.kz тілшісіне жұмысының қызығы мен ерекшелігі жайлы айтып берді.Олжас Мұхтаров бұл салаға 2015 жылы келді. Әскер қатарында азаматтық борышын өтеп келген жігіт, полиция қызметкері боламын деген арман қуып құжаттарын жинай бастаған.
Arna Press,
19 октября 2023
в 10:38
Мемлекет басшысы азаматтық қорғаныс саласының қызметкерлерін Құтқарушы күнімен құттықтады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«Азаматтық қорғаныс саласының қызметкерлерін Құтқарушы күнімен құттықтаймын! Сіздердің жұмыстарыңыз қауіп-қатерге толы әрі зор жауапкершілікті талап етеді.
Tengrinews,
19 октября 2023
в 09:43
Атырауда кең жүректі ер азаматтар ерекше бастаманы қолға алып отыр. Олар әкесі өмірден озған, жалғызбасты ана тәрбиелеп отырған отбасындағы балаларға тәлімгер болып, әкелік мейірім сыйлап жүр, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.
Arna Press,
19 октября 2023
в 09:38
Синоптиктер Қазақстанның алты өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында нөсер жаңбыр жауады. Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде тұман түседі.
Arna Press,
18 октября 2023
в 16:38
ҚР Құтқарушылар күні қарсаңында Абай облысындағы төтенше жағдайлар гарнизонына 19 жаңа автокөліктің кілтін салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Техника республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен сатып алынды.Жаңа көліктер адам өмірі мен мүлкін сақтап қалуға қажетті заманауи өрт сөндіру, жедел медициналық, байланыс және навигациялық құралдармен, жоғары тиімді өрт сөндіру жүйелерімен жабдықталған.
Arna Press,
18 октября 2023
в 13:48
Қазақстанда алимент төлемегені үшін 1 618 адам іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап. Оның 1476-сы ер адам және 142-сі әйел адам.Қадағалаушы орган жариялаған статистикаға сүйенсек, іздеуде жүргендердің көбінің жасы 31-40 жас аралығында екен.Өңірлер бойынша қарастырсақ:2023 жылдың 9 айында СДТБТ-да алимент төлеу жөніндегі міндеттерді қасақана орындамау фактілері бойынша 427 қылмыстық іс тіркелген (қылмыстық кодекстің 139-бабы).Анықтама ретінде: Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.Аймақ бойынша мұндай қылмыстық құқық бұзушылықтадың ең көп бөлігі :Осы кезеңде Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша 207 адам сотталды.Жалпы алимент бойынша сот орындаушылардың өндірісінде алимент өндіріп алу туралы 309 670 атқарушылық іс орындауда болды.Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіБұл ретте балаларға ғана емес, ата-аналарын, жұбайын (зайыбын) күтіп-бағуға да алимент өндіріп алынады.291 886 атқарушылық іс – балаларды күтіп-бағуға арналған алимент бойынша;773 атқарушылық іс – еңбекке қабілетсіз ата-аналарын күтіп-бағуға;4 506 атқарушылық іс – еңбекке қабілетсіз жұбайын (зайыбын) күтіп-бағу өндірістері болды.Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің qamqor.gov.kz порталында («алимент бойынша борышкерлерді іздестіру» бөлімінде — тұлғаның тегі, аты — жөні) азаматтар, алимент өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлер болып саналатын тұлғаларды іздестіру есебінде болуын тексеруге болады.Сурет: Zakon.kz
Tengrinews,
18 октября 2023
в 12:13
Защита зеленых насаждений и забота о людях – в Бухар-Жырауском районе открыли лесную пожарную станцию. Модульное депо оснащено современной техникой и призвано охранять от природных пожаров территорию Белагашского лесничества, передает акимат Карагандинской области. Готовность к работе новой станции в селе Керней Бухар-Жырауского района проверил аким Карагандинской области Ермаганбет Булекпаев.
Arna Press,
18 октября 2023
в 11:58
Премьер-министр Әлихан Смайыловтың Түркістан облысына жұмыс сапары барысында шетелдік инвестор – БАӘ-нің Terminals Holding компаниясымен Астана әуежайын мультимодальді хаб ретінде дамыту жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.«Инвестор елорда әуежайының қызметіне жан-жақты баға беріп, кейіннен жолаушыларға қызмет көрсету сапасын және жалпы әуе айлағының тиімділігін арттыру үшін жедел басқаруды өз қолына алады.
Arna Press,
18 октября 2023
в 10:48
Полицияға қала тұрғыны оның ГАЗель автокөлігін белгісіз адам жалға алып, көлікті қайтармай жатқандығы туралы арызданған, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.«Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шараларын жүргізу барысында Алматы ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері кінәлі тұлғаны анықтады.