Популярные темы

«Наурыз» ипотекасына өтініштер маусымның аяғына дейін қабылданады

Дата: 13 мая 2024 в 19:48 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша



Стоковые изображения от Depositphotos

«Наурыз» ипотекасына өтініштер маусымның аяғына дейін қабылданады. Бұл туралы «Отбасы банк» филиалының директоры — басқарушы директор Жансұлтан Матай айтты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Отбасы банк» филиалы директорының айтуынша, олар жаңа ипотекаға қатысушыларды мазалап немесе асықтырмау үшін осындай шешімге келген.

«Өтініш білдірушілерді асықтырмау үшін маусымның аяғына дейін өтініштерді қабылдауға әлі бір жарым ай уақыт бар. Бүгін үлгермегендерде әлі мүмкіндік бар. Яғни, бірінші күні немесе соңғы күні өтініш бергеніңіз маңызды емес. Сондықтан асығудың қажеті жоқ, өтініш бергенде барлық қажетті құжаттарды жинағаны дұрыс», – дейді Матай.

Бүгінде «Наурыз» бағдарламасы бойынша 17 432 қазақстандық өтініш беріп, оның 8 945-і қабылданды. Бұл туралы «Отбасы банк» АҚ басқарма төрағасы Ляззат Ибрагимова айтты. Аталған бағдарлама 25 сәуірде іске қосылған.

«10 мамырдағы жағдай бойынша 17 432 қазақстандық өтініш берді. Оның ішінде 8 945 өтініш қабылданды. Олардың жартысы, яғни 3 955 өтініш тұрғын үйге кезекте тұрған халықтың әлеуметтік осал тобынан түскен. Бұл – көпбалалы отбасылар, жетім балалар, тұрғын үйі апатты деп танылғандар», — деді Ляззат Ибрагимова ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Бағдарламаға түскен өтініштердің 57 пайызын әйелдер жіберген, ал түскен барлық өтініштің 62 пайызы 35 жасқа дейінгі жастар.

«Ең жас өтініш берген азамат – Түркістан облысының тұрғыны. Ол – 18 жаста», — деді басқарма төрағасы.

Сурет: depositphotos.com

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями