Популярные темы

Депутат жастарға қолжетімді ипотека енгізуді ұсынды

Дата: 15 мая 2024 в 18:58 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Депутат жастарға қолжетімді ипотека енгізуді ұсынды
Стоковые изображения от Depositphotos

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев 15 мамырда премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевқа депутаттық сауал жолдады. Ол жастарға арналған жаңа тұрғын үй бағдарламасын әзірлеуді ұсынды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Депутат жастарға жан-жақты қолдау көрсету мемлекеттің басым міндеттерінің бірі екенін атап өтті.

«Ең маңызды қажеттілік-тұрғын үй мәселесі, бірақ бұл мәселе өз шешімін әлі таппады. 2019 жылдан бастап Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жалдамалы пәтерге орныққан жастардың саны 10 мыңға жуықтады. Бүгінде мегаполистердегі жастардың далада қалу қаупі жоғары», — деп толықтырды ол.

Оның айтуынша, пәтер жалдайтын жастардың ақша жинауға және өз үйлерін сатып алуға мүмкіндігі жоқ.

«2019 жылдан бастап инфляция деңгейі де шарықтап үй бағасы жылдан жылға өсті. 5 жыл бұрын республикадағы пәтердің орташа шаршы метрі 200 мың, ал қазір 400 мыңға жуық болды. Яғни, ол 2 есе өсті. Егер шындыққа тура қарасақ, баспанаға ақша жинаудың орнына, қымбаттылық аясында өмір сүру үшін күрес бірінші орынға шықты», – деді Дәулет Мұқаев.

Мәжілісмен елімізде жастар үшін қолжетімді әрі тиімді мемлекеттік бағдарлама жоқ деп есептейді.

«Елде тиімді бағдарламаның болмауына байланысты жастар баспана алу үшін шетел асып жұмыс істеуге мәжбүр. Келмей қалып қойғандары қаншама. Бұл елдегі дарынды және талантты жастардың азаюына әкеледі. Енді бір мәселе, жалдамалы мемлекеттік пәтерлерде тұратын жастар басқа мемлекеттік бағдарламалардан және кезекте тұру мүмкіндігінен айырылған. Ақшасын жиып-түйіп отырған жастар, басқа бағдарламаларға қатыса алмаса, қалай баспаналы болмақ.», — деп толықтырды ол.

Депутат мемлекеттік жалдамалы пәтерлерде тұрып жатқан жастардың, сол үйлерді бастапқы жарнасы кемінде 10% және пайыздық мөлшерлемесі 5% — дан аспайтын жеке тұрғын үй ретінде сатып алу мүмкіндігін қарастыруды ұсынады.

1 наурызда Қазақстанда жұмыс істейтін жастар мен жас отбасыларға бағытталған «Отау» жаңа ипотекалық бағдарламасы басталды. Екі айдан кейін, 1 мамырда елімізде тағы бір «Наурыз» ипотекалық бағдарламасы іске қосылды.

Сурет: Zakon,kz

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями