Стоковые изображения от Depositphotos
Абай облысы аумағында «Құқықтық тәртіп» ЖПІШ барысында бөлімше қызметкерлері уақытша және тұрақты тұратын шетелдік азаматтардың тіркелген мекенжайлары бойынша тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
«Курчатов қаласы аумағында заңсыз жүрген Тәжікстан Республикасының екі азаматы анықталды. Белгілі болғандай, шетелдіктер 2023 жылдың тамыз айында келген және олардың болу мерзімі аяқталған соң, Қазақстан Республикасының аумағынан кетуден жалтарған. Қазіргі уақытта бұл заң бұзушылық үшін шетелдіктер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот шешімімен мемлекет аумағынан шығарылды», делінген полиция хабарламасында.
Енді құқық бұзушылар бес жылдан кейін ғана Қазақстанға орала алатыны да нақтыланады.
По сообщению сайта Arna Press