Популярные темы

Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Дата: 17 мая 2024 в 16:28 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Стоковые изображения от Depositphotos

Синоптиктер Қазақстанда 18, 19 және 20 мамырда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Болжам бойынша, алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынды ауа райы сақталады. Оңтүстік циклон әсерінен барлық аумақта найзағай ойнап, қатты жаңбыр, бұршақ жауады.

«Жаңбыр, күндіз ауа температурасының төмендеуіне әкеледі: солтүстік және орталық облыстарда 10-18 градусқа дейін, шығыс және оңтүстік аймақтарда 15-23 градусқа дейін, тек батыс облыстарда оңтүстік ағындар 15-23 градус цельсийге дейін шамалы көтеріледі», дейді метеорологтар.

Сурет: Tengrinews.kz / Турар Казангапов

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями