Стоковые изображения от Depositphotos
Мемлекет басшысы Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиевті қабылдады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Ақорданың мәліметінше, Президентке ведомствоның қазіргі қызметі мен жұмыс жоспары жөнінде баяндалды. Жаслан Мәдиевтің айтуынша, мемлекеттік басқаруды және басқа да салаларды цифрлық трансформациялау үшін институционалдық база қалыптасқан. Реинжиниринг міндеттемесі заң жүзінде бекітіліп, 600-ден астам бизнес-процесс қайта қаралған. Сондай-ақ GovTech платформалық тәсілі арқылы цифрлық трансформациялау үдерісі басталған.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа жасанды интеллектіні енгізу, сондай-ақ AI-driven government экожүйесін қалыптастыру жолдары жөнінде мәлімет берілді.
Сонымен қатар Мемлекет басшысына отандық IT-компаниялардың экспорт нарықтарына шығу перспективасы туралы баяндалды.
Кездесу соңында Президент мемлекеттік басқару ісін сапалы түрде цифрландыру, халықаралық IT-алпауыттармен ынтымақтастықты жандандыру және экономиканың түрлі секторында жасанды интеллектіні одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.
Сурет: Ақорда
По сообщению сайта Arna Press