Популярные темы

депо: новости — страница 47

«Көкпар» ойынының форматы жаңарды

Arna Press, 07 июня 2023 в 12:38

«Ұлы дода» деп аталатын ішкі біріншілік аясында бірнеше лига жасақталмақ, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Мәселен, жоғары лигада ең үздік 6 команда өнер көрсетеді. Олар әр турда өзінің және қарсыласының алаңында ойнайды.Сәйкесінше, көрермендер 30-ға жуық матч тамашалай алады.

2023 жылдың 1 қазанынан бастап микрокредиттердің пайызы жаңа әдіспен есептеледі

Arna Press, 07 июня 2023 в 11:58

2023 жылдың 1 қазанынан бастап микрокредиттердің пайызы жаңа әдіспен есептеледі
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2023 жылғы 26 мамырдағы қаулысымен Ұлттық банктің «Микрокредит беру шарты бойынша сыйақының шекті мәнін белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізді, деп хабарлайды – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Түзетулерге сәйкес, азаматтармен 45 күнтізбелік күнге дейінгі мерзімге кепілсіз микрокредиттер бойынша сыйақының шекті мөлшері:Қаулы 2023 жылғы 1 қазаннан бастап күшіне енеді.Сурет: freepik

Семейде Абай облысының құрылуына орай іс-шара өтеді

Arna Press, 07 июня 2023 в 10:48

Семейде Абай облысының құрылуына орай іс-шара өтеді
Іс-шара 8 маусым күні сағат 18:00-де Ертістің оң жағалауында өтеді, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Шара барысында жергілікті өнерпаздардың концерті, бейнероликтер, флешмоб болады. Сондай-ақ, мерекелік шараға жиналған халық бір мезетте Абай облысының эстрадалық-симфониялық оркестрі сүйемелдеуімен Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін орындайды.Сурет: tengritravel.kz

Шымкентте жоғалып кеткен жасөспірім Астанадан табылды

Arna Press, 07 июня 2023 в 10:48

Шымкентте жоғалып кеткен жасөспірім Астанадан табылды
Шымкентте жоғалған 14 жастағы қыз Астанадан табылды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Қызды волонтерлер Астанадағы автовокзалдан тапқан. Бұл туралы otyrar.kz хабарлады.6 маусымда қыздың әкесі полицияға жүгінген. 5 маусымда оның 14 жастағы қызы Арайлым үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.Сурет: otyrar.kz

Қазақстанның бес облысында құрғақшылық болады

Arna Press, 06 июня 2023 в 14:48

Қазақстанның бес облысында құрғақшылық болады
Қазақстанның синоптиктері 2023 жылдың маусым айындағы құрғақшылық болжамына түзету жариялады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Сонымен бірге, республиканың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, сондай-ақ солтүстікте және орталықта жекелеген аудандарында қалыпты құрғақшылық аймақтары күтілуде», — делінген хабарламада.Болжам бойынша орташа құрғақшылық күтілуде:Бұған дейін синоптиктер 2023 жылдың маусым айында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтқан болатын.

Енді Kaspi.kz-те тұрғылықты жері бойынша тіркелуге болады

Arna Press, 06 июня 2023 в 14:48

Енді Kaspi.kz-те тұрғылықты жері бойынша тіркелуге болады
Енді мобильді қосымшада тұрғылықты жері бойынша уақытша немесе тұрақты тіркеуді рәсімдеуге болады, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.Бұл қызмет арқылы үй иесі өзін және отбасы мүшелерін (14 жастан асқан балалар), сондай-ақ бірге тұратын басқа да адамдарды өз пәтерінде тіркей алады.

Қазақстандағы арнайы ХҚКО-лар ақауға байланысты жұмысын тоқтатты

Arna Press, 06 июня 2023 в 13:38

Қазақстандағы арнайы ХҚКО-лар ақауға байланысты жұмысын тоқтатты
Қазақстандық арнайы ХҚКО-лар жұмысында техникалық ақау байқалды, қазақстандықтар мемлекеттік қызметтерді ала алмай отырғандарына шағымданды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі мәліметінше, Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті (ӘПК) жағында техникалық ақау пайда болған.«Сіздің назарыңызға ІІМ ӘПК тарапындағы техникалық ақауларға байланысты еліміздің барлық арнайы ХҚКО-сында мемлекеттік қызметтер көрсету тоқтатылғанын жеткіземіз.

Семейде ҚАЖД қызметкерлері балалардың арманын орындады

Arna Press, 05 июня 2023 в 17:58

Семейде  ҚАЖД қызметкерлері балалардың арманын орындады
Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қызметкерлері әлеуметтік желіде Дарина мен Мақсат (есімдері өзгерген) есімді балалардың арманы «Ninety One» тобының концертіне қатысу туралы бейнежазбаны көріп, балаларға жақсы көңіл-күй сыйлауды шешті, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ҚАЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Белгілі болғандай, 15 жасар Дарина мен 13 жасар Мақсат туылғаннан бері церебральды сал ауруына шалдыққан.

Семей қаласын дамытудың бас жоспары әзірленіп жатыр

Arna Press, 05 июня 2023 в 17:08

Семей қаласын дамытудың бас жоспары әзірленіп жатыр
Тиісті жұмыс Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қолға алынды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Бас жоспардағы алғашқы жобалардың бірі – жалпы ауданы 72 га болатын қаланың сол жағалауындағы ескі тұрғын үйлердің орнына жаңа шағын аудан салу.

Астанадан Антальяға жаңа әуерейсі іске қосылды

Arna Press, 05 июня 2023 в 14:28

Астанадан Антальяға жаңа әуерейсі іске қосылды
Түркиялық әуетасымалдаушы Mavi Gök Aviation Астанадан Антальяға жаңа рейсін ашты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengritravel.kz-ке сілтеме жасап. «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, алғашқы рейс 4 маусымда Boeing 737-800 ұшағында орындалды және ол 5,5 сағатқа созылды.«Ұшақты дәстүр бойынша «су аркасымен» қарсы алды.

Елімізде 46 градусқа дейін аптап ыстық болады деп болжанды

Arna Press, 05 июня 2023 в 13:38

Елімізде 46 градусқа дейін аптап ыстық болады деп болжанды
Қазақстандық синоптиктер 2023 жылғы 6-8 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.«Қазгидромет» РМК ұсынған мәлімет бойынша, күндіз өте қатты ыстық 6-7 маусымда солтүстікте, 6 маусымда орталықта болжанып отыр. Күн республиканың шығысында +41°С-қа дейін, 8 маусымда оңтүстік-шығыста +41°С-қа дейін, елдің оңтүстігінде +46°С дейін ысиды.«8 маусымда еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде ауа райы +22+30°С-қа дейін төмендейді», – делінген хабарламада.Болжам бойынша, Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады: найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады.«6 маусымда батыста, 7-8 маусымда солтүстік-батыста, 8 маусымда республиканың солтүстігінде нөсер жаңбыр, бұршақ жауады деп болжанды.

Мысырда Бейбарыс Сұлтан мешіті қайта ашылды

Arna Press, 05 июня 2023 в 12:48

Мысырда Бейбарыс Сұлтан мешіті қайта ашылды
Даңқты билеушінің 800 жылдығына орай биыл 600-ден аса іс-шара ұйымдастырылмақ. Тарихи сәтте ата жұрттан Сенат төрағасы бастаған делегация арнайы барды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі «Қазақстан» ҰА сілтеме жасап.Әйгілі Бейбарыстың тікелей әмірімен 1269 жылы салынған мешіт Каирдың дәл орталығында тұр.

Демалыс күндері Абай облысында 2 адам суға батып кете жаздады

Arna Press, 05 июня 2023 в 11:48

Демалыс күндері Абай облысында 2 адам суға батып кете жаздады
Жаз мезгілінің аптап ыстығы басталысымен, семейліктер суға шомылуға асық. Алғашы демалыс күндері адамдардың суға батып кете жаздаған екі адам құтқарылды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.2023 жылғы 3 маусымда сағат 11:20-да 112 пультіне Солнечная долина алқабында ер адам судан құтқарылды деген хабарлама түсті.«Ақпарат жинау барысында 1978 жылғы ер адам отбасымен Ертіс өзенінің жағалауында демалу кезінде батып бара жатқан адамды көріп, содан кейін дереу көмекке асығып, судан шығарған.

Семейде мектеп бітірушілер жол ережелерін өрескел бұзды

Arna Press, 05 июня 2023 в 11:48

Семейде мектеп бітірушілер жол ережелерін өрескел бұзды
Әлеуметтік желілердің мониторингі барысында аспалы көпірмен жол қозғалысы ережелерін бұзудың айқын белгілері бар түлектер түсірілген бейне анықталды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«TOYOTA» көлік құралының 19 жастағы жүргізушісіне қатысты 2 әкімшілік хаттама толтырылды: — ҚР ӘҚБтК 593-бабының 1-бөлігі бойынша, жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелерін сақтамағаны үшін. — ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабының 2-бөлігі бойынша көлік құралын басқаруға құқығы жоқ адамды басқарғаны үшін (оқу сапарынан басқа), сол сияқты көлік құралын тиісті көлік санатын басқаруға құқығы жоқ жүргізушінің басқарғаны үшін.«Бұдан басқа, «TOYOTA» көлік құралының 20 және 19 жастағы жолаушыларына қатысты ҚР ӘҚБтК 615-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар жасалды, яғни жаяу жүргіншілер мен жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларының талаптарын орындамауы бойынша», делінген баспасөз хабарламасында.

Мәжіліс депутаты монша бағасына шағымданды

Arna Press, 02 июня 2023 в 18:18

Мәжіліс депутаты монша бағасына шағымданды
Мәжілісте халықтың кірісін 2029 жылға дейін арттыру бағдарламасын талқылау барысында Amanat партиясының депутаты Ерлан Саиров монша бағасының қымбаттағанына шағымданды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.«Керемет» деген моншаға барамын. Қазір адамдар аптасына бір емес, екі аптада бір рет моншаға барады.

Абай облысында ауылдасының сиырын ұрлаған ер адам ұсталды

Arna Press, 02 июня 2023 в 17:18

Абай облысында ауылдасының сиырын ұрлаған ер адам ұсталды
Ағымдағы жылдың мамыр айының ортасында Әуезов полиция бөліміне Қайнар ауылының 41 жастағы тұрғыны жүгініп, ауылының маңында еркін жайылымнан белгісіз адам бір бас ірі-қара малын ұрлап кеткенін айтты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Полиция Департаменінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Осы уақытқа дейін жәбірленуші малын өз бетінше іздеумен айналысқан, алайда жоғалған малды табамын деген үміті үзілген ол құқық қорғау органына жүгінді.

Астанада 60-тан астам көшенің атауы өзгереді

Arna Press, 02 июня 2023 в 16:18

Астанада 60-тан астам көшенің атауы өзгереді
1 маусымда Астана әкімдігі орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында 60-тан астам көше мен 15 мектептің атауын өзгертуді ұсынды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Қазіргі таңда 60-тан астам көше мен 15 мектепке жаңа атаулар беру бойынша дайын ұсыныстар бар.

Қазақстанда балалар неше жасқа дейін пойызда тегін жүре алады

Arna Press, 02 июня 2023 в 15:38

Қазақстанда балалар неше жасқа дейін пойызда тегін жүре алады
«Жолаушылар тасымалы» АҚ балаларға пойызға билет алу тәртібін түсіндірді. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.ҚТЖ мәліметінше, 7 жасқа жетпеген балалар үшін пойызға міну ақысы тегін, алайда оған бөлек орын қарастырылмайды.

Семейде жалған номер тағып алған лимузин жүргізушісі ұсталды

Arna Press, 02 июня 2023 в 15:38

Семейде жалған номер тағып алған лимузин жүргізушісі ұсталды
Ағымдағы жылдың 1 маусымы күні соңғы қоңырау мен балалар күні мерекесіне орай қаланы патрульдеу барысында Семей қаласы Полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері «HAMMER» маркалы лимузин автокөлігін тоқтатты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Полиция Департаменінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Көлік мектеп бітіруші түлектерді тасымалдаған.

Қазақстанда тұңғыш рет жас жазушылар мен ақындар Президенттің әдеби сыйлығын алады

Arna Press, 02 июня 2023 в 14:18

Қазақстанда тұңғыш рет жас жазушылар мен ақындар Президенттің әдеби сыйлығын алады
Қазақстанда 2023 жылы жас таланттарды мемлекеттік қолдау және авторлардың жаңа буынын қалыптастыру үшін тұңғыш рет Президенттің арнайы әдеби сыйлығы беріледі, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап. Президенттік әдеби сыйлықтың иегерлері төрт номинация бойынша анықталады: «Проза», «Поэзия», «Драматургия» және «Балалар әдебиеті». Әр номинация бойынша жеңімпаздарға 4 миллион теңге, «Президенттік арнаулы әдеби сыйлықтың лауреаты» атағы, диплом мен төсбелгі беріледі.«Байқауға 18 бен 35 жас аралығындағы жазушылар қатыса алады. Өтінімдер 1 маусым мен 30 маусым аралығында қағаз және электронды түрде қабылданады.

Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апаты болды: көлікте мұғалімдер отырған

Arna Press, 02 июня 2023 в 13:28

Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апаты болды: көлікте мұғалімдер отырған
Ақтөбе облысындағы 4 адам мерт болған жантүршігерлік жол апатына қатысты жаңа деректер белгілі болды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.Қайғылы оқиға 1 маусымда Самара – Шымкент тасжолында болған. Lada Largus-тың 27 жастағы жүргізушісі DAF жүк көлігімен соқтығысқан.

Қазақстанда нотариустардың кеңестері eGov Mobile арқылы онлайн форматта қолжетімді болды

Arna Press, 02 июня 2023 в 12:48

Қазақстанда нотариустардың кеңестері eGov Mobile арқылы онлайн форматта қолжетімді болды
Әділет министрлігі Республикалық нотариаттық палатамен бірлесіп eGov Mobile мобильді қосымшасында «Нотариаттық онлайн консультация» сервисін енгізді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.ҚР Әділет вице-министрі Бекболат Молдабековтың айтуынша, сервис білікті заңгерлік көмекке мұқтаж адамдар үшін тиімді құрал болмақ.«Онлайн-кеңес беру арқылы азаматтар үйден немесе кеңседен шықпай-ақ нотариаттық қызметке байланысты құқықтық сұрақтарға жауап ала алады.

Семейлік студент курстық жұмыс сатып алам деп, алаяққа ұрынды

Arna Press, 02 июня 2023 в 12:48

Семейлік студент курстық жұмыс сатып алам деп, алаяққа ұрынды
«ANTI-FRAUD» Жедел алдын-алу іс-шарасы барысында Семей қ. Орталық ПБ криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері облыс орталығының 24 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Arnapress.kz Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ол алаяқтық әрекеттер жасады деген күдікпен ұсталды.Белгілі болғандай, 22 жастағы студент танымал әлеуметтік желі арқылы курстық жұмыс жасату үшін қаскөйге тапсырыс беріп, 22 000 теңге төлем жасаған, алайда белгіленген күні күдіктімен байланыса алмай, алаяққа тап болғанына көзі жеткен.«Жауап алу барысында күдікті ер адам қолма-қол ақша беріп, кінәсін мойындады.

Несие алуға тыйым салу: ЕGov-та жаңа функция пайда болады

Arna Press, 01 июня 2023 в 18:48

Несие алуға тыйым салу: ЕGov-та жаңа функция пайда болады
Қазақстандықтар eGov порталы арқылы өз атына несие алуға тыйым сала алады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі заңнамалық актілерге мыналарды көздейтін түзетулер әзірледі:Ведомство мәліметінше, ереже жеке тұлғаны несие алуға тиісті тыйым болған жағдайда берілген несие бойынша міндеттемелерді орындаудан босатуды қарастырады.Функция өзіңізді алаяқтардан қорғауға көмектеседі, сонымен қатар елден ұзақ уақыт кеткен жағдайда пайдалы болады.Сурет: Tengrinews.kz

Бүгін 27 семейлік тұрғын мемлекет тарапынан үй алды

Arna Press, 01 июня 2023 в 17:58

Бүгін 27 семейлік тұрғын мемлекет тарапынан үй алды
Бүгін әлеуметтік осал топқа жататын 27 қала тұрғыны баспаналы болды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Жақында қоныс тойын тойлайтындар арасында көпбалалы отбасылар, ата ана қамқорлығынан айырылғандар мен жалғызбасты аналар бар.Қарағайлы ықшам ауданында салынған жаңа көпқабатты үйлердің жартысы мемлекеттік баспана.

Астана күніне орай қазақстандықтар 4 күн демалады

Arna Press, 01 июня 2023 в 13:48

Астана күніне орай қазақстандықтар 4 күн демалады
Үкіметтің 2023 жылғы 25 сәуірдегі «Демалыс күнін 2023 жылға ауыстыру туралы» қаулысы жарияланды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.Құжатқа сәйкес, 2023 жылғы 1 шілдедегі сенбіден демалыс күні 2023 жылғы 7 шілдедегі жұмаға ауыстырылды.Осылайша, Астана күні қазақстандықтар бес күндік жұмыс аптасында 6, 7, 8 және 9 шілдеде демалады.

Абай облысының барлық мектептерінде соңғы қоңырау соғылды

Arna Press, 01 июня 2023 в 13:48

Абай облысының барлық мектептерінде соңғы қоңырау соғылды
Биылғы оқу жылында Абай облысында мектепті 4 522 түлек бітіреді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Мектеп бітірушілердің 179 түлегі «Алтын белгіге», 441 түлек «Үздік аттестат» иегері атануға үмітті.Ағымдағы жылы ұлттық бірыңғай тестілеуден облыс бойынша 4 034 түлек өтеді, 3 181 қазақ тілінде, 953 оқушы орыс тілінде ҰБТ тапсырады.Облыс орталығы Семейде биылғы оқу жылын 68 мектеп бойынша 1937 түлек тәмамдады.

Қазақстанда қанша бала бар

Arna Press, 01 июня 2023 в 13:48

Қазақстанда қанша бала бар
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бүгінде Қазақстанда 16 жасқа дейін 6 162 мың бала бар, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.Елімізде 51,4%-ы ұлдар болса, 48,6%-ы қыздар. Қалалық жерлерде 3 664 мың бала тұрса, ауылдық жерлерде – 2 497 мың бала тұрады,Өңірлер бөлінісінде балалардың ең көп саны Түркістан облысында – 836 мың, одан кейін Алматы қаласы және Алматы облысында, сәйкесінше 592 мың және 498 мың баладан.Сурет: pixabay

Оңтүстік Кореяда қазақстандықтар үшін еңбек визасы пайда болуы мүмкін

Arna Press, 01 июня 2023 в 11:38

Оңтүстік Кореяда қазақстандықтар үшін еңбек визасы пайда болуы мүмкін
Астанада Оңтүстік Корея сыртқы істер министрі Пак Чжин мен Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің екіжақты келіссөздері өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.«Халықтар арасындағы байланыстардың маңыздылығын ескере отырып, министр Пак Чжин екеуміз екі ел азаматтарының еңбек және көші-қон құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерін талқыладық. Өз тарапымнан Қазақстан азаматтарының Кореяда заңды жұмысқа орналасуын қамтамасыз ету, әсіресе Қазақстанды «Кореяның» жұмысқа рұқсат беру жүйесіне қосу біздің еліміз үшін өте маңызды екеніне назар аудардым», — деді Мұрат Нұртілеу брифинг барысында.Еске салайық, Оңтүстік Корея сыртқы істер министрі Пак Чжиннің Қазақстанға ресми сапары 30 мамыр мен 1 маусым аралығында жалғасады.Сурет: Tengrinews.kz

Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарына 1,3 миллиард теңгеден аса жәрдемақы төленеді

Arna Press, 31 мая 2023 в 12:48

Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарына 1,3 миллиард теңгеден аса жәрдемақы төленеді
31 мамыр — Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. 2003 жылдан бастап Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына біржолғы ақшалай өтемақы және арнайы мемлекеттік жәрдемақы ретінде 18,4 миллиард теңге төленді. Биыл бұл мақсатқа 1,3 миллиард теңгеден аса қаражат қарастырылған, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.Еңбек министрлігі мәліметінше, қолданыстағы заңнамаға сәйкес саяси қуғын-сүргін құрбандарына және саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен деп танылған азаматтарға 2003 жылдан бастап біржолғы ақшалай өтемақы төленеді.«2003-2022 жылдар аралығында республикалық бюджеттен 2,9 миллиард теңге сомасында біржолғы ақшалай өтемақы төленді. Өтемақы мөлшері 2 588 теңге мен (3/4 АЕК) 345 000 теңге (100 АЕК) аралығында.
Показано 30 новостей из 2 619