Популярные темы

Абай облысында бюджет қаражатын жымқыру фактілері анықталды

Дата: 05 июня 2024 в 19:58 Категория: Новости экономики


Абай облысында бюджет қаражатын жымқыру фактілері анықталды
Стоковые изображения от Depositphotos

Ақсуат ауданының прокуратурасы бюджет қаражатын жұмсау кезінде заңдылықтың сақталуына талдау жүргізді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның барысында аудандағы оқу орындарының қызметкерлеріне 14,7 млн теңге заңсыз төленгені анықталды.

Прокуратура шараларымен артық төленген сома мемлекетке қайтарылды.

«Бұдан басқа, мектеп есепшілерінің бірімен 1,3 млн теңге қаражатын ұрлау фактісі анықталды.«Абай облысының прокуратурасы

Есепші мектеп директорының электронды цифрлық қолтаңбасын пайдаланып, ақшаны жеке шотына аударған.

Аталған факті бойынша аудан прокуратурасы сотқа дейінгі тегеп тексеруді бастады.

Сот үкімімен бұрынғы есепші ҚР ҚК 189-бабының 2-бөлігінің 3) — тармағымен (өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу, яғни жымқыру) кінәлі деп танылып, 2 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасымен қаржы ұйымдарда белгілі бір лауазымды атқару құқығынан 3 жыл мерзімге айырылды.

Сурет: Zakon.kz

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Новости экономики
Поделитесь новостью с друзьями