Популярные темы

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі тағайындалды

Дата: 06 июня 2024 в 12:48 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі тағайындалды
Стоковые изображения от Depositphotos

Үкіметтің қаулысымен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі тағайындалды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап. 

Бұл туралы ҚР Үкіметі баспасөз қызметі 6 маусымда мәлімдеді.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Олжас Сейтбатталұлы Анафин еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды», делінген хабарламада.

Олжас Анафин:

1986 жылы дүниеге келген. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, Қазақ инженерлік-техникалық академиясын бітірген.

Еңбек жолын 2007 жылы Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталық маманы болып бастаған.

2015-2016 жылдары — Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтың бөлім басшысы.

2016-2020 жылдары — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек ресурстарын дамыту орталығының басқарма басшысы, басқарушы директоры.

2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек ресурстарын дамыту орталығының вице-президенті.

Сурет: primeminister.kz

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями