Популярные темы

Вице-премьер шегірткелердің қаптауы туралы: Былтыр жағдай бақылаудан шығып кетті, мойындаймыз...

Дата: 06 июня 2024 в 11:48 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Вице-премьер шегірткелердің қаптауы туралы: Былтыр жағдай бақылаудан шығып кетті, мойындаймыз...
Стоковые изображения от Depositphotos

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Серік Жұманғарин 2023 жылғы егістікті жайпаған шегірткелер шабуылына тоқталды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы вице-премьер 5 маусымда Мәжіліс дәлізінде журналистерге берген сұқбатында айтты.

«Динозаврлар мен мамонттармен құрдас болып табылатын шегіртке әрдайым бізбен бірге біте-қайнасып жатады. Біз онымен әрдайым күресіп келеміз, алда да күресетін боламыз. Кейбір елдер оны өсіріп, одан керемет дәмді ақуыз тағамдар дайындауды үйреніп алған. Бірақ бұған Қазақстанның қатысы жоқ, шын мәнінде ол халал өнім», – деді Серік Жұманғарин.

Оның айтуынша, Үкімет 2023 жылы шынымен де сәтсіздікке ұшырады, кейбір аймақтар аталған жәндіктердің шабуылынан қатты зардап шекті.

«Өткен жылы жағдайды жіберіп алдық, оны жасырмаймын. Шегірткелер қаптап кетті. Жалпы, ұшатын шегірткелер қауіпті емес. Негізінде, қазір Еуропада, Америкада ұшатын шегірткеге қарсы ешкім шара қабылдамайды, тек біз ғана онымен жұмыс істейміз. Өйткені ол ұшып жүріп, бар жерге өз жұмыртқаларын тастап жүре береді», – деді Серік Жұманғарин.

Вице-премьер шегірткенің табынмен жүретін жәндік екендігін, сондықтан олар белгілі бір аумақтарда кеңінен тарап, қиындық туғызатынын айтты.

«Бұл жәндіктердің ерекшелігі осындай. Топ-тобымен жүреді. Алдымен олардың орналасқан орнын анықтау керек. Бұл — ең үлкен проблема», — деді Серік Жұманғарин.

Бұған дейін Ауылшаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров биылғы жылы шегірткелер Ақтөбе, Қостанай және Түркістан облыстарында көптеп тарайды деп күтілетінін айтқан болатын.

Сурет: pxhere

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями