Arna Press,
07 мая 2024
в 15:28
Семейде 400-ге жуық каратеші қала көшелерінде жүргіріп өтті, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Спорттық шара 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орайластырылып, есірткіге қарсы акция ретінде ұйымдастырылды. Айта кетерлігі, бұл спорттық шара биыл 27 рет өтуде. «Жыл сайын бұл шараны біз 1 мамыр күні өткізетінбіз.
Arna Press,
17 апреля 2024
в 16:18
Қырғызстанда TikTok бұғатталады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Бұған дейін Қырғызстанның интернет-провайдерлеріне байланыс саласындағы реттеу және қадағалау қызметінен ел территориясында TikTok-қа кіруді шектеу және 18 сәуірге дейін жазбаша жауап беру туралы хат келіп түскен.Министрлік бұл шаралар МҰҚК хаты негізінде жасалғанын түсіндірді.«Шешім шығаруға TikTok тарапынан «Балалардың денсаулығына, олардың физикалық, интеллектуалдық, психикалық, рухани және адамгершілік дамуына зиян келтірудің алдын алу жөніндегі шаралар туралы» ҚР Заңын сақтамау негіз болды.
Arna Press,
16 апреля 2024
в 18:28
Мемлекет басшысы еліміздің бірқатар өңіріндегі су тасқынына байланысты қалыптасқан күрделі жағдайды ескере отырып, сондай-ақ бюджет қаржысын үнемдеу мақсатында Үкіметке, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға имидждік және басқа да ірі іс-шараларды өткізбеу жөнінде тапсырма берді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.«Мен бюджет қаржысын үнемдеу мақсатында ірі халықаралық форумды өткізуден бас тарттым.
Arna Press,
03 апреля 2024
в 16:08
2024 жылы Қазақстанда Жеңіс күніне орай шеру өткізу жоспарланбайды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.Ведомство мәліметінше, мұндай шешім қабылдауға бюджет қаражатын үнемдеуге ұмтылыс себеп болып отыр.«Қазақстан Қарулы Күштері бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігі мен ұтқырлығының қажетті деңгейін ұстап тұру басымдылық болып табылады», — деп хабарлады ведомство тілшіге.Еске салайық, 2023 жылы Қазақстанда шеру өткізілген жоқ.Сурет: Tengrinews.kz
Магнолия,
29 февраля 2024
в 17:38
Қазақстан Республикасының судьялары, Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мəртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын басшылыққа ала отырып; Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының, Азаматтық жəне саяси құқықтар туралы халықаралық пакті ережелерінің, БҰҰ Бас Ассамблеясының Қарарымен мақұлданған сот органдары тəуелсіздігінің негізгі қағидаларының маңыздылығын сезіне отырып; судьялардың тəуелсіздігі, объективтілігі, теңдігі, адалдығы мен сатылмайтындығы, құзыреттілігі мен ұқыптылығы жəне əдеп нормаларын сақтау туралы судья — лардың жүріс-тұрысының Бангалорлық қағидаттары мен қағидаларын ескере отырып; үстемдікті құқық пен демократияның, ал сот билігінің тəуелсіздігін əділ сот талқылауына деген құқықтың базалық элементі ретінде мəлімдей отырып; азаматтардың, қоғамның адамагершілік, адалдық пен сатылмайтындық мəселелерінде биліктің сот тармағына, сон — дай-ақ сот жүйесінің беделіне деген сенімі қазіргі демокра — тиялық қоғамда аса маңызды рөлге ие екендігін мойындай отырып; осы Судьялық əдеп кодексін (бұдан əрі – Кодекс) қабылдай отырып, жұмыс істеп жүрген судьялар мен отставкадағы судьялар үшін жүріс-тұрыстың мынадай əдеп қағидаларын белгілейді.
Arna Press,
28 февраля 2024
в 12:38
Қазақстанда депозиттер бойынша ең жоғары мөлшерлеме бекітілді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Қор мәліметінше, 2024 жылғы наурызда жеке тұлғалардың тіркелген пайыздық мөлшерлемесі бар жаңадан тартылған депозиттері бойынша келесі шекті пайыздық мөлшерлемелер қолданылады:Айта кетейік, екінші деңгейдегі банктер өз депозиттік өнімдері бойынша сыйақы мөлшерлемелерінің мөлшері туралы өз бетінше шешім қабылдайды.
Arna Press,
27 февраля 2024
в 19:08
Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.Жиын барысында Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын жүзеге асыруға бағытталған негізгі әдіс-тәсілдерді жандандыру мәселелері қарастырылды. Мемлекет басшысы әлемде қалыптасқан күрделі геосаяси ахуал жағдайында талқыланып отырған проблематика Қазақстанның экономикалық және әскери әлеуетін нығайту тұрғысынан зор мәнге ие екенін атап өтті.Бұдан бөлек, Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров баяндама жасады.
Arna Press,
23 февраля 2024
в 14:18
Ұлттық банк Қазақстандағы базалық мөлшерлеме туралы шешімін жариялады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.«Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/– 1 п.т. дәлізімен жылдық 14,75 пайызға дейін 50 базистік тармаққа төмендету туралы шешім қабылдады», — делінген хабарламада.Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімі 2024 жылғы 12 сәуірде Астана уақытымен сағат 12:00-де жарияланады.Сурет: Tengrinews.kz
Arna Press,
08 февраля 2024
в 20:48
Бүгін өртеніп кеткен «Ақшың» сауда үйінің басшысы Марат Құрманбай, облыс әкімі, ТЖД мен ПД басшылары зардап шеккен кәсіпкерлермен кездесті, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Оқиға орын алған кезде елордаға Үкімет жиналысына кеткен облыс басшысы Нұран Ұранхаев бұл жағдай ҚР Үкіметінің және облыс әкімінің жеке бақылауында екенін бірден айтты.
Arna Press,
31 января 2024
в 15:58
Полиция адам ағзасын сатудың жолын кесті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.Автор желі қолданушыларына өз мүшесін сатуды ұсынды, ал алу операциясы туралы барлық келісімдерді қабылдаушы ұйымдастыруы керек еді.Танымал әлеуметтік желідегі ерекше хабарландыруға Ақмола облысының ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері назар аударып, донормен байланысқа шықты.
Arna Press,
24 января 2024
в 19:48
Оқу-ағарту министрлігі ресми аккаунтында мұғалімдерді марапаттауға қатысты маңызды мәлімдеме жариялады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Министрлік білім беру саласының педагогтері мен қызметкерлерін көтермелеу жүйесіне мыналар кіретінін еске салды:Министрлік мәліметінше, ведомстволық наградалармен көтермелеуге ұсынымды өңірлік білім басқармалары жанындағы «Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, қосымша білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін көтермелеулермен марапаттауға материалдар енгізу жөніндегі комиссия» енгізеді.«Көтермелеуге кандидаттардың құжаттары салалық көтермелеу жүйесінің 6-қосымшасына сәйкес жұмыс көрсеткіштеріне сәйкес қаралады: жұмыс тәжірибесі, біліктілігі, педагог пен оның оқушыларының жетістіктері және т.б. марапаттау балдарды есептеу негізінде жүзеге асырылады.
Tengrinews,
22 января 2024
в 09:13
Үйлердің қабырғасы сөгіліп, құлауға шақ тұр. Алматы облысында баспаналарының маңынан автокөлік көпірі салынған 4 үйдің тұрғындары шарасыздықтан не істерін білмей отыр. Бір жағынан теміржол өтсе, енді бір жағына көпір салынған үйлердің жалғыз шығар жолы да жекенің меншігінде екен. Бұқара осыдан 4 жыл бұрын «үйлерің сүріледі» деген хабар алғанымен, «жер қатынастары бөлімінен жағдайымызды сұрап келген жан баласы жоқ» дейді.
Arna Press,
10 января 2024
в 18:38
Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевтың төрағалығымен «Самұрық-Энерго» АҚ басшылығымен бірге ЖЭО-3 құрылысы жобасын жүзеге асыру мәселесіне қатысты кеңес өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Кездесу барысында жобаны жүзеге асырудың орны мен кезеңі талқыланды.Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың тапсырмасына сәйкес «Самұрық-Энерго» АҚ ЖЭО-3 құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу рәсімін бастады.
Arna Press,
03 января 2024
в 13:28
Президент «Egemen Qazaqstan» газетіне көлемді сұхбат берді. Оның толық нұсқасын төменде келтіреміз.Өткен жыл несімен есіңізде қалды?– Осы мүмкіндікті пайдаланып, барша отандасымды тағы да Жаңа жыл мейрамымен құттықтаймын!2023 жыл еліміз үшін маңызды оқиғаларға толы жыл болды. Біз негізгі саяси реформаларды аяқтап қалдық.
Arna Press,
30 декабря 2023
в 21:28
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі абоненттердің бағаны көтеру туралы өтініштерін қарау аясында биыл тарифтік жоспарлардың шарттары мен ұялы байланыс қызметтеріне бағаның өзгеру динамикасын талдады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.2023 жылы ұялы байланыс операторларының тарифтік жоспарлары бойынша бағаның 7,7%-дан 57,3%-ға дейін айтарлықтай өсуі тіркелгені анықталды.
Магнолия,
28 декабря 2023
в 19:28
Казакстан Республикасының мемлекеттік тілі казақ тілі. Қазақ тілі әлемдегі тілдердің ішіндегі ең бай тілдердін бірі. Қазақ тілі қазақ халкының ана тілі. Тіл — халықтың рухани және мәдени байлығының дамуының құралы. Тіл адамдардың карым-катынас құралы болғандықтан, ол сөйлеу әрекетінің арқауы екендігі сөзсіз.
kapital.kz,
11 декабря 2023
в 15:16
2023 жылғы 8 желтоқсанда Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы (ҚТК) үлестік тұрғын үй құрылысы нарығын цифрландыруға арналған презентациясын өткізді.Құрылыс компанияларына тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды (ҮҚШ) мемлекеттік тіркеу жүзеге асырылатын «Қазреестр» тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесінің жаңартылған нұсқасы көрсетілді.Қазреестрдің жаңалықтарының бірі eGov Mobile қосымшасы арқылы онлайн режимде ЭЦҚ немесе QR-код көмегімен электрондық ҮҚШ жасау, сондай-ақ оларды автоматты түрде тіркеу жөніндегі функционал болып табылады.
Arna Press,
05 декабря 2023
в 12:18
Bek Air әуекомпаниясының Fokker 100 ұшағының апатқа ұшырауына қатысты соталды тергеу әлі аяқталған жоқ, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Бүгінде ұшақ апатына қатысты тергеуді Ішкі істер министрлігінің Көліктегі департаменті жүргізіп жатыр.«Қазіргі уақытта Африкадағы: Сомали, Джибути, Эфиопия және Конго елдеріндегі шет мемлекеттерге құқықтық көмек көрсету туралы халықаралық тапсырмаларға жауап күтіліп отыр.
Arna Press,
04 декабря 2023
в 11:28
Алматы соты құнына жанар-жағармайдың үстеме ақысы кірген билет бағасын көтергені үшін Air Astana әуе компаниясына 876 миллион теңге айыппұл салу туралы шешім шығарды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Тексеру қорытындысы бойынша Эйр Астана әуекомпаниясы Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі Мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен жанармай алымын негізсіз қолдануда көрсетілген үстем/монополиялық ережені теріс пайдаланғаны үшін 876 млн теңгеден астам сомаға әкімшілік жауапкершілікке тартылды», -деп жазылған ресми хабарламада. Ұшақ билеттерін ұшу күні немесе таяу күндерде сатып алған кезде Эйр Астана жолаушылардың барлық санаттарынан 3500-ден 6500 теңгеге дейінгі мөлшерде жанармай алымын негізсіз алып, оны қолданудың мақсаты мен қағидатын іс жүзінде өз қалауынша реттегені анықталды.Анықтама: отын алымы тасымалдауға арналған тарифтің қолданылу кезеңінде авиаотынға жұмсалатын шығындардың өсуін өтеу мақсатында ғана алынуы мүмкін, оны есептеу кезінде бұл өсімді ескеру мүмкін болмады.Эйр Астана авиакомпаниясы мен Агенттік арасында ішкі бағыттар бойынша монополиялық/үстем бағыттардағы бағаны тежеуге бағытталған, атап айтқанда төмендегі міндеттерді көздейтін монополияға қарсы комплаенс жасалды:Сондай-ақ, Агенттік келесі жүйелі шараларға бастамашылық жасайды:Сурет: ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз қызметі
Arna Press,
01 декабря 2023
в 13:18
Семейге кіретін аумақта көп ұзамай жаңа белгі болады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қалалық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Байқаудың негізгі мақсаты — қалаға кірген кезден бастап, Семей қаласының жаңа сәулеттік-көркемдік және эстетикалық мүмкіндіктерін көрсететін үздік тұжырымдамалық жобаны анықтау.
Arna Press,
01 декабря 2023
в 10:38
Түсіндірме құжатта бұйрық жобасын қабылдаудың мақсаты зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлердің жалпыға бірдей белгіленген зейнеткерлік жасқа толғанға дейін әлеуметтік қамсыздандырылуын арттыру жөніндегі тәсілдерді іске асыру екені жазылған, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Мемлекет басшысы 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына жолдауында салалардың дамуына елеулі үлес қосуды және қызметкердің денсаулығына зиян келтіру дәрежесін ескеретін зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін жұмыскерлер үшін 55 жастан бастап зейнеткерлік жасқа толғанға дейін арнаулы әлеуметтік төлемдерді енгізу қажеттігін атап өтті.Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы шеңберінде көзделген заңнамалық түзетулер әзірленді.
Магнолия,
30 ноября 2023
в 17:28
«Медиация» термині латынның «mediare», делдалдық ету деген сөзінен шыққан. Медиация — үшінші, бейтарап, әділ, жанжал нәтижесіне мүдделі емес тараптың қатысуымен өтетін дауларды реттеудің баламалы жаңа түрі. Аталған үшінші тарап ретінде медиаторды танимыз, ол даудың немесе сотта қаралатын істің қатысушыларының белгілі бір келісімге келуіне көмектеседі, сонымен бір мезгілде тараптар дауды реттеу мен оны шешудің шарттары жөнінде шешім қабылдау үдерісін толығымен бақылап отырады.
Arna Press,
29 ноября 2023
в 13:58
Қазақстанда міндетті дактилоскопиялық тіркеуді (саусақ ізімен анықтау) енгізуді алып тастау жоспарланып отыр, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Қазіргі ережелерге сәйкес, саусақ ізін міндетті тіркеу 2024 жылдың 1 қаңтарынан басталуы керек. Бірақ енді оны алып тастау жоспарланып отыр.
Arna Press,
24 ноября 2023
в 16:08
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/– 1 п.т. дәлізімен жылдық 15,75%-ға дейін төмендету туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Мұндай шешімге келуге Ұлттық банктің болжамдарды жаңартуы, деректерді талдауы және инфляция тәуекелдерінің балансын бағалауы негіз болды.Ұлттық банктің мәліметінше, жылдық инфляция белсенді түрде баяулап келеді.
Arna Press,
20 ноября 2023
в 19:18
Абай облысында батыр аналарды марапаттау мақсатында кезекті жиын өтті. «Алтын алқа» иегерлерінің арасында полиция майоры Райхан Ешимова да бар, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.Салтанатты кездесу Достық үйінде өтті. Абай облысының түкпір-түкпірінен көпбалалы аналар күміс және алтын алқа алуға келді.
Магнолия,
13 ноября 2023
в 17:18
Азаматтық кодекске сәйкес шарт деп екі немесе бірнеше адамның азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі танылады. Заң қызметтерін көрсетуге арналған шарт азаматтық — құқықтық жауапкершілік шарты болып табылады және тараптар — адвокат пен оған жүгінген тұлға (Клиент) арасында туындаған қатынастарды бекітеді. «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңға сәйкес заң көмегін көрсетуге шарт жасасу міндетті болып табылады және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады(47-бап).
Arna Press,
10 ноября 2023
в 16:48
Абай облысында ауыл тұрғыны үйінде есірткі сақтаған, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Абай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Бесқарағай ауданының криминалдық полиция бөлімімен бірлесіп, Жыланды кентінің 32 жастағы тұрғынын ұстады.
Arna Press,
09 ноября 2023
в 12:08
Денсаулық сақтау министрі қазақстандықтарды қызылшаға қарсы қосымша иммундау шараларына қатысуға шақырды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Қазіргі уақытта Қазақстанда, сондай-ақ әлемнің көптеген елінде қызылша ауруына қатысты қолайсыз эпидемиологиялық жағдай қалыптасып отыр.
Arna Press,
07 ноября 2023
в 15:58
Алматы орталығында екі жүргізуші арасындағы кикілжің төбелеске ұласып, соңы нокаутпен аяқтады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Оқиға Назарбаев даңғылы мен Сәтбаев көшесінің қиылысында болған. Жүргізушілердің бірі қарсыласын оңдырмай соғып, есінен тандырып тастайды.
Костанайские Новости,
07 ноября 2023
в 11:11
2023 жылғы наурызда күшіне енген банкроттық туралы заңға сәйкес азаматтар өздерін банкрот деп тануға өтінімдер берілген соң, қыркүйек айынан бастап банкрот деп таныла бастады. Алғашқы банкроттық туралы деректерге сүйенетін болсақ, өтініш берушілердің қарыз сомасы мен оны алу шарттары түрлі. Кейбір азаматтар 3-4 миллион теңгені бірнеше кредиторлардан, тағы біреулері қарызды бір ғана ұйымнан және шағын сомаға алғандығын байқауға болады. Өкінішке орай, көптеген қазақстандықтар банкроттық рәсімін амнистия және қарыздан құтылудың оңай тәсілі деп ойлап, оның салдарлары туралы мүлдем ойланбайды деген тұжырым жасауға болады.