Стоковые изображения от Depositphotos
Оқу-ағарту министрлігі ресми аккаунтында мұғалімдерді марапаттауға қатысты маңызды мәлімдеме жариялады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Министрлік білім беру саласының педагогтері мен қызметкерлерін көтермелеу жүйесіне мыналар кіретінін еске салды:
Министрлік мәліметінше, ведомстволық наградалармен көтермелеуге ұсынымды өңірлік білім басқармалары жанындағы «Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, қосымша білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін көтермелеулермен марапаттауға материалдар енгізу жөніндегі комиссия» енгізеді.
«Көтермелеуге кандидаттардың құжаттары салалық көтермелеу жүйесінің 6-қосымшасына сәйкес жұмыс көрсеткіштеріне сәйкес қаралады: жұмыс тәжірибесі, біліктілігі, педагог пен оның оқушыларының жетістіктері және т.б. марапаттау балдарды есептеу негізінде жүзеге асырылады. Материалдарды қарау нәтижелері бойынша министрлік комиссиясы ашық дауыс беру арқылы шешім қабылдайды. Әрбір көтермелеудің сәйкестендіру нөмірі болады, ҚР Оқу-ағарту министрінің мөрімен және қолымен бекітіледі.Осылайша, көтермелеудің өзге түрлері ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ведомстволық наградаларына жатпайды», — делінген хабарламада.
Көтермелеуге ұсыныстар «Республика күні» ұлттық мереке, «Мұғалім күні» кәсіби мереке, «Халықаралық балаларды қорғау күні» халықаралық мереке, «Білім күні» мереке күні, мерейтойлық күндер мен білім беру саласындағы өзге де еңбегі үшін мерекелерге қарай қаралады.
«Әр түрлі бейресми марапаттар мен атақтардың жиілеп кетуіне байланысты мұқият болуды сұраймыз. Мемлекеттік наградалар туралы барлық ақпарат ҚР Оқу-ағарту министрлігінің сайтында орналастырылған».
По сообщению сайта Arna Press