Популярные темы

Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы «Қазреестр» ақпараттық жүйесінің жаңа нұсқасын жариялады

Дата: 11 декабря 2023 в 15:16 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы «Қазреестр» ақпараттық жүйесінің жаңа нұсқасын жариялады
Стоковые изображения от Depositphotos

2023 жылғы 8 желтоқсанда Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы (ҚТК) үлестік тұрғын үй құрылысы нарығын цифрландыруға арналған презентациясын өткізді.

Құрылыс компанияларына тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды (ҮҚШ) мемлекеттік тіркеу жүзеге асырылатын «Қазреестр» тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесінің жаңартылған нұсқасы көрсетілді.

Қазреестрдің жаңалықтарының бірі eGov Mobile қосымшасы арқылы онлайн режимде ЭЦҚ немесе QR-код көмегімен  электрондық ҮҚШ жасау, сондай-ақ оларды автоматты түрде тіркеу жөніндегі функционал болып табылады. Бұл шешім ҮҚШ-ны бұрмалау тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді, сондай-ақ мемлекеттік қызметті алу ыңғайлылығын арттырады, себебі ҮҚШ-ны тіркеу мерзімі 3 күннен бірнеше сағатқа дейін қысқарады.

Сондай-ақ, «Тұрғын үй порталы» ақпараттық жүйесінің заңды тұлғаларының жеке кабинеттері таныстырылды (homeportal.kz) құрылыс салушыларға үлестік тұрғын үй құрылысын аяқтауға кепілдіктер мен тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін кредиттер бойынша субсидиялар алуға өтінімдерді онлайн режимде электрондық форматта шарттар жасасу мүмкіндіктері баяндалды.

Тұсаукесер барысында тағы бір жоба – құрылыс материалдарының онлайн-платформасы ұсынылды (material.kz), ол арқылы қазақстандық өндірушілер тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде құрылыс материалдарының қажеттіліктерімен танысып, қажет болған жағдайда құрылыс компанияларына электрондық коммерциялық ұсыныстар жібере алады. Сондай-ақ, платформа қазақстандық өндірушілерге құрылыс компанияларға арналған құрылыс материалдары бойынша бағалары көрсетілген өз жеке ұсыныстарын беруге мүмкіндік туғызады.

Іс-шараның тағы бір қызықты тақырыбы үлестік тұрғын үй құрылысының «сұр» нарығын зерттеу нәтижелерін таныстыру болды, оған сәйкес үлестік тұрғын үйдің шамамен 68% — ы заңсыз тәсілдермен тартылады. Бұл ретте, үлестік тұрғын үй құрылысы нарығын жетілдіру үшін ұсынылып отырған шаралар да айтылды.

Кездесу соңында құрылыс салушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ҚТК өкілдерінен толыққанды жауап алысты.

Елімізде үлестік тұрғын үй құрылысы саласын цифрландыру бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде, бұл ел азаматтары үшін үлестік тұрғын үй сатып алу рәсімін жеңілдете түсері сөзсіз.

Подпишитесь на недельный обзор главных казахстанских и мировых событий

По сообщению сайта kapital.kz

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями