Популярные темы

Семейге кіретін аумақта жаңа белгі болады

Дата: 01 декабря 2023 в 13:18


Семейге кіретін аумақта жаңа белгі болады
Стоковые изображения от Depositphotos

Семейге кіретін аумақта көп ұзамай жаңа белгі болады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қалалық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Байқаудың негізгі мақсаты — қалаға кірген кезден бастап, Семей қаласының жаңа сәулеттік-көркемдік және эстетикалық мүмкіндіктерін көрсететін үздік тұжырымдамалық жобаны анықтау.



«Байқауға келіп түскен эскизді арнайы құрылған комиссия құрамы анықтайды. Комиссия құрамында қалалық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, мәдениет саласының қызметкерлері және Қазақстан сәулетшілер қоғамының мүшелері бар. Қорытынды шешім комиссия мүшелердің көпшілігімен ашық дауыс беру жолымен қабылданады», — делінген хабарламада.



Байқауға шығармашылық шеберханалар, жарнама агенттіктері мен фирмалары, дизайн студиялары, жобалау ұйымдары, сабақтас кәсіптердің мамандары, авторлық ұжымдар қатыса алады.

Конкурстық жұмыстар 2023 жылғы 20 желтоқсан сағат 18:00-ден кешіктірілмей қалалық ішкі саясат бөлімінде қабылданады.

Сурет: ашық дереккөздерден

По сообщению сайта Arna Press

Поделитесь новостью с друзьями