Arna Press,
22 апреля 2026
в 12:08
ІІМ-нің аумақтық бөлімшелері еліміздегі автомектептердің қызметіне тексеру жүргізді, деп хабарлайды Arnapress.kz Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап. Қазіргі таңда Қазақстанда 727 автомектеп жүргізушілерді даярлайды. Тексеру барысында бірқатар кемшіліктер анықталды. Атап айтқанда, кейбір автодромдарда жол белгілері, жол таңбалары мен жарықтандыру жеткіліксіз.
Arna Press,
22 апреля 2026
в 11:28
«Қазақмыс» компаниясы өндірістік көрсеткіштермен қатар, әлеуметтік және өңірлік бағыттағы жұмысты да жүйелі түрде дамытып келеді, деп хабарлайды Arnapress.kz Қазақстандағы ірі мыс өндірушіге сілтеме жасап. 2026 жылдың бірінші тоқсанында компания Ұлытау, Абай, Қарағанды облыстары және Жамбыл облысының Шу ауданы әкімдіктерімен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды.
Arna Press,
21 апреля 2026
в 17:38
Облыс әкімі Берік Уәли қалаға жұмыс сапары барысында сол жағалауда орналасқан «Заря» жағажайына барып, оның қазіргі жай-күйімен танысты, деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысы әкімдігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Семей қаласында жаз мезгілінде тұрғындар жиі баратын үш негізгі жағажай бар. Олар — «Заря», «Затон» және «Пристань» жағажайлары.
Arna Press,
21 апреля 2026
в 16:28
Биыл Семей қаласында көпқабатты тұрғын үйлердің сырт келбетін жаңарту жұмыстары жалғасуда. Жоспарға сәйкес, шамамен 30-ға жуық тұрғын үйдің қасбеті бірыңғай сәулеттік үлгіде жөнделмек, деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Облыс әкімі Берік Уәли бүгін қаладағы Кеңгірбай би көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үй аумағына барып, жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.Аталған үйдің қасбеті термопанельмен қапталып, балкондары металлсайдингпен әрленген.
Arna Press,
21 апреля 2026
в 16:28
Абай атындағы кітапханада «Кітапхана түні» аясында ауқымды мәдени-танымдық бағдарлама өтті, деп хабарлайды Arnapress.kzКештің ашылуында Ә. Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясының әншісі Нұрбек Өмірбековтің орындауында «Абай елі» әні шырқалып, алғашқы құттықтау сөз Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары Олжас Соғымбайға беріліп, ол мәдени шараның рухани-танымдық құндылығына тоқталды.Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасының директоры Мерей Қарт сөз сөйлеп, кітапхананың қоғамдағы орны мен мұндай кештердің жастарды кітап оқуға баулудағы рөліне ерекше назар аударды.Одан кейін Бизнес және сервис колледжінің студенттері сахнада сән көрсетілімін (дефиле) ұсынып, заманауи стиль мен ұлттық нақышты ұштастырған ерекше қойылым көрсетсе, кеш аясында бірқатар құрметті қонақтар да сөз алып, рухани шараның мән-маңызын атап өтті.
Arna Press,
21 апреля 2026
в 14:18
Қазақстанда көлік саласында инклюзивтілікті арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жалғасуда, деп хабарлайды Arnapress.kz үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Үкімет отырысында Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға қолайлы жағдай жасау бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы баяндады.Министрдің айтуынша, инклюзивті саясат үш негізгі бағытты қамтиды: инфрақұрылым, көлік және қызмет көрсету.
Arna Press,
21 апреля 2026
в 14:18
Семей қаласында түнгі уақытта өткізілген профилактикалық рейд барысында 50-ден астам кәмелетке толмаған жасөспірім анықталды. Іс-шараны ювеналдық полиция инспекторлары ұйымдастырды, деп хабарлайды Arnapress.kz полиция департаментіне сілтеме жасап. Рейдтің негізгі мақсаты — жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және түнгі уақытта қараусыз жүрудің алдын алу.
Arna Press,
20 апреля 2026
в 13:38
Абай облысының аумағында 16 сәуір мен 30 мамыр аралығында табиғи су ресурстарын қорғау, балық қорын сақтау және экологиялық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында «Нерест» жедел-алдын алу іс-шарасы өтуде, деп хабарлайды Arnapress.kz полиция департаментіне сілтеме жасап. Аталған шара аясында табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері рейдтік бақылау жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Arna Press,
20 апреля 2026
в 13:38
Семей қаласында ауа райының тұрақталуына байланысты 21 сәуірден бастап жылу беру тоқтатылады, деп хабарлайды Arnapress.kz қала әкімдігі сілтеме жасап. 2025–2026 жылғы жылыту маусымы қалыпты режимде өтті. Мамандардың айтуынша, жылу жүйелерінде барлық қажетті жұмыстар уақытылы жүргізіліп, жылу көздері штаттық тәртіпте жұмыс істеген.Жылыту маусымын аяқтау Абай облысында бекітілген қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Arna Press,
20 апреля 2026
в 13:38
Жаңа тармаққа сәйкес, 3 қыркүйек — Қазақы тазы мен төбет күні болып белгіленді, деп хабарлайды Arnapress.kz. zan.gov.kz сілтеме жасап. Үкіметте атап өткендей, бұл күнді енгізу дәстүрлі мұраны сақтау және насихаттауға бағытталған.Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.Бұл датаның таңдалуының да өзіндік себебі бар.
Arna Press,
20 апреля 2026
в 13:38
Павлодар қаласының прокурорлары халыққа медициналық көмек көрсетуге арналған «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ-тың бюджет қаражаты мен активтерінің жұмсалуына жүргізілген тексеру барысында жалған қызмет көрсету фактілерін анықтады, деп хабарлайды Arnapress.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.Мысалы, невропатолог, кардиолог, хирург, психолог және басқа да тар бейінді мамандардың қабылдаулары қайтыс болған адамдарға, акушер-гинеколог дәрігердің консультациялары ер адамдарға «көрсетілген».
Arna Press,
20 апреля 2026
в 12:08
Семей қаласының тұрғыны әлеуметтік желіде үйінде марғаудың өліміне қатысты видео жариялап, бұл жағдай желі қолданушылары арасында үлкен талқылауға түсті, деп хабарлайды Arnapress.kz полиция департаменті баспасөзіне сілтеме жасап.Жазба авторының айтуынша, алдымен оның баласы марғауды мұздатқышқа салып қойған.
Arna Press,
20 апреля 2026
в 11:18
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі әйгілі қазақ ақыны, драматург, қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері, Халық жазушысы Мұхтар Шахановтың өмірден өтуіне байласты отбасы мен туған-туыстарына, жақындарына, қалың қазақ жұртына қайғыра көңіл айтады, деп хабарлайды Arnapress.kz Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап. Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті ақын Мұхтар Шахановтың жары Ханшайым Шаханова мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа ашық хат жолдап, ақынның соңғы тілегін орындауға қолдау көрсетуді сұрады
Arna Press,
18 апреля 2026
в 17:49
Семейде кітапсүйер қауымға арналған ерекше мәдени кеш өтеді. Абай атындағы облыстық әмбебап кітапхана тұрғындар мен қала қонақтарын «Ұлттық кітап күні» аясында ұйымдастырылатын «Кітапхана түніне» өтеді, деп хабарлайды Arnapress.kz Абай атындағы кітапханаға сілтеме жасап.Шара 20 сәуір күні сағат 18:00-ден 21:00-ге дейін Абай көшесі, 86 мекенжайында өтеді.Кеш бағдарламасы мазмұнға бай. Қонақтарды кең көлемді кітап көрмелері, қолөнершілердің этно-көрмелері, әдеби квиздер мен шеберлік сағаттары күтеді.
Arna Press,
18 апреля 2026
в 17:49
Махамбет ауданында «А-Дана» шаруа қожалығы заманауи балық өсіру кешенін пайдалануға берді, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті баспасөзіне сілтеме жасап. Кәсіпорын жылына 130 тоннаға дейін тауарлық балық немесе 15 миллион данаға дейін бекіре тұқымдас шабақ өсіруге қауқарлы.Кешенде 28 бассейн, 400 инкубациялық науа, биофильтрлер және суды тазартудың заманауи жүйелері орнатылған.
Arna Press,
18 апреля 2026
в 17:49
Қазақстанда мемлекеттік грант алу үшін Ұлттық бірыңғай тестілеуді екі рет тапсыру мүмкіндігі жойылады. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді, деп хабарлайды Arnapress.kz. Оның айтуынша, тестілеуді бірнеше рет тапсыру абитуриенттерді сапалы іріктеу мәселесін толық шеше алмайды.«ҰБТ-ны тұтастай өзгерту қажет.
Arna Press,
18 апреля 2026
в 17:49
Семей қаласында құрылыс алаңында болған қайғылы оқиға салдарынан 20 жастағы студент бір қолынан айырылды, деп хабарлайды Arnapress.kz КТК-ға сілтеме жасап.Жергілікті университеттің заң факультетінде 4-курста оқитын Асылжан Кәлелов демалыс уақытында қосымша табыс табу мақсатында құрылыс жұмысына барған.Оқиға цемент араластыратын құрылғыны тазалау кезінде болған.
Arna Press,
18 апреля 2026
в 17:49
17 сәуір күні сағат 09:00-ден бастап ауа райының күрт нашарлауына (қалың қар, көктайғақ) байланысты республикалық маңызы бар бірқатар автожолдарда қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды Arnapress.kz полиция департаменті баспасөзіне сілтеме жасап. Шектеу жол қызметтерінің арнайы техникасынан басқа барлық көлік түрлеріне қатыстыАтап айтқанда, KAZ07 тасжолының Семей – Қалбатау (756–906 км) және Қалбатау – Көкпекті (910–1002 км) учаскелері жабылды.
Arna Press,
18 апреля 2026
в 17:49
Өскемен қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында азамат Т.-ға қатысты іс қаралды, деп хабарлайды Arnapress.kz ШҚО облыстық сотына сілтеме жасап. Ол Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы 1-бөлігі — ұсақ бұзақылық бойынша жауапқа тартылған.Сотта анықталғандай, 2026 жылғы 11 сәуірде азамат Т. қаладағы Қазақстан көшесі, 159/1 мекенжайында орналасқан «Башпай» дүкенінде қоғамдық тәртіпті бұзып, жаппай іс-шара ұйымдастырған.
Arna Press,
18 апреля 2026
в 17:48
Шымкент қаласында «The Coca-Cola Company» компаниясының ресми өтініші негізінде жоспардан тыс тексеру жүргізіп, «Coca-Cola» брендімен қолдан жасалған контрафактілік өнімдерді анықтады, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Әділет министрлігіне сілтеме жасап. Қала базарларында жүргізілген тексеру барысында ірі көлемде жалған салқындатқыш сусындардың сатылып келгені белгілі болды.
Arna Press,
18 апреля 2026
в 17:48
Бүгін Семей қаласында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің іргетасын қалау рәсімі өтті, деп хабарлады Arnapress.kz Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Салтанатты шараға Абай облысының әкімі Берік Уәли мен «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов қатысты.Аймақ басшысы өз сөзінде бұл жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Абайға құрмет» акциясы аясында қолға алынғанын атап өтті.
Arna Press,
18 апреля 2026
в 17:48
Семей қаласының сол жағалауындағы Степной кентінде үшінші жылу электр орталығының (ЖЭО-3) құрылысы басталды, деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жобамен танысу мақсатында Абай облысына «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов жұмыс сапарымен келіп, облыс әкімі Берік Уәлимен бірге құрылыс алаңын аралады.Жаңа нысанның құрылысы бойынша 2025 жылдың қазан айында ҚР Энергетика министрлігі мен «Самұрық-Энерго» АҚ еншілес ұйымы — «Семей Энерго» ЖШС арасында келісімшарт жасалған. Қазіргі таңда жобаның алдын ала техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленіп, EPC-келісімшарт негізінде жобалық-сметалық құжаттама дайындалуда.Жобаның қуаты 405 МВт электр энергиясын және 1000 Гкал/сағ жылу энергиясын өндіруге есептелген.
Arna Press,
18 апреля 2026
в 17:48
Жылы маусымның ерте басталуына байланысты ел аумағында көпқабатты тұрғын үйлердің терезелерінен балалардың құлап кету фактілері тіркеліп отыр, деп ескертеді Arnapress.kz Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы баспасөзіне сілтеме жасап. Мамандардың айтуынша, мұндай қайғылы жағдайлардың негізгі себебі – ересектер тарапынан бақылаудың жеткіліксіздігі.Тәжірибе көрсеткендей, балалар көбіне қысқа уақытқа қараусыз қалған сәтте терезе маңына шығып кетіп, қауіпке тап болады.
Arna Press,
18 апреля 2026
в 17:48
Павлодардағы әскери бөлімдердің біріндегі атыста жарақаттанған сарбаздың жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды Arnapress.kz Павлодар қалалық №1 ауруханасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Жарақат алған сарбаз 2001 жылы туған. Қазіргі уақытта ол жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, жағдайы ауыр, бірақ тұрақты.
Arna Press,
18 апреля 2026
в 17:48
Павлодар қаласындағы әскери бөлімдердің бірінде болған оқиға бойынша қылмыстық істер қозғалды, деп хабарлайды Arnapress.kz ІІМ сілтеме жасап. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, келісімшарт бойынша әскери қызметші өзіне бекітілген қарудан оқ атқан, салдарынан өзі оқиға орнында қаза тапты, тағы бір келісімшарттағы әскери қызметші жарақат алды.«Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.
Arna Press,
18 апреля 2026
в 17:48
Павлодар облысында медицина қызметкерлеріне күш қолдану дерегі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр, деп хабарлайды Arnapress.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.Оқиғаға қатысы бар үш күдікті ұсталды: олардың екеуі уақытша ұстау изоляторына қамалса, үшіншісі арнайы палатаға жатқызылып, полицияның бақылауына алынды.Оқиға 12 сәуір күні таңертең Екібастұз қалалық ауруханасының травмпунктінде болған.
Arna Press,
18 апреля 2026
в 17:48
2026 жылғы 20 сәуірден бастап Абай облысында заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды ерікті түрде тапсыру және сатып алу акциясы іске қосылады, деп хабарлайды Arnapress.kz полиция департаменті баспасөзіне сілтеме жасап.Бұл бастама өңірдегі қоғамдық қауіпсіздікті күшейтуге, құқық бұзушылықтың алдын алуға және төтенше жағдайлардың қаупін азайтуға бағытталған.Облыс тұрғындары тіркелмеген қару-жарақ, оқ-дәрілер немесе жарылғыш заттарды полицияға өз еркімен тапсыра алады. Әр тапсырылған қару үшін оның жағдайына қарай ақшалай өтемақы қарастырылған: – толық жарамды қару — 100% төлем; – пайдалануға болатын, бірақ тозған қару — 70%; – жарамсыз қару — 30%.Мәселен, кейбір қару түрлері үшін төлем көлемі бірнеше жүз мың теңгеге дейін жетуі мүмкін.Акция аясында қаруды өз еркімен тапсырған азаматтар заң алдында жауапкершілікке тартылмайды.Мамандар заңсыз қару сақтау — тек иесіне ғана емес, айналасындағы адамдарға да қауіп төндіретінін ескертеді.
Arna Press,
18 апреля 2026
в 17:48
Абай облысының әкімі Берік Уәлинің тапсырмасына сәйкес, Семей қаласының әкімі Әділет Қожамжаров сол жағалауда орналасқан бірқатар сауда нысандарын аралады, деп хабарлайды Arnapress.kz қала әкімдігі баспасөзіне сілтеме жасап. Атап айтқанда, қала басшысы «Жаңа базар», «Океан», «Мереке» және «Южный» сауда үйлерінде болып, кәсіпкерлермен және нысан жетекшілерімен кездесу өткізді.Кездесу барысында аталған сауда орындарының санитарлық талаптарға толық сәйкес келмейтіні анықталды.
Arna Press,
18 апреля 2026
в 17:48
Қазақстанда зейнетақы жүйесі жаңғыртылып, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) арқылы азаматтардың болашақтағы әлеуметтік қорғалуы күшейтілуде, деп хабарлайды Arnapress.kz Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап. Бұл тетік қызметкердің қазіргі жалақысынан ұстамай, жарнаны толықтай жұмыс беруші есебінен аударуды көздейді.Жаңа жүйенің басты мақсаты – әрбір жұмыскердің, әсіресе жас буынның тұрақты әрі сенімді зейнетақы қорын қалыптастыру.
Arna Press,
18 апреля 2026
в 17:48
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі авиаотынмен қамтамасыз ету мәселелері бойынша жүргізілген тексеру нәтижесінде «Air Astana» АҚ және «FlyArystan» АҚ компаниялары тарапынан мәліметтерді бұрмалау фактілері анықталғалды, деп хабарлайды Arnapress.kz Көлік министрлігіне сілтеме жасап. Ведомствоның мәліметінше, авиакомпаниялар авиаотын көлеміне қатысты есептерде нақты емес ақпарат көрсеткен.