Популярные темы

1 қыркүйектен бастап шетелдегі қазақстандықтарға жаңа ереже қолданылады

Дата: вчера в 12:48 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


1 қыркүйектен бастап шетелдегі қазақстандықтарға жаңа ереже қолданылады

1 қыркүйектен бастап шетелде жүрген Қазақстан азаматтарына төлқұжат рәсімдеудің жаңа тәртібі енгізіледі, деп хабарлайды Arnapress.kz Сыртқы істер министрлігі әзірлеген Эталондық бақылау банкіне сілтеме жасап.

Жаңа талаптарға сәйкес, шетелде тұратын азаматтар, студенттер, еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндер, Қазақстаннан тыс жерде туған кәмелетке толмағандар және олардың отбасы мүшелері төлқұжатты шетелдегі Қазақстанның консулдық мекемелері арқылы рәсімдей алады.

Сонымен қатар жаңа тәртіп егде жастағы азаматтарға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға, өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын жақындарына күтім жасайтын тұлғаларға, сондай-ақ шетелде ұсталған, қамауда отырған немесе жазасын өтеп жатқан Қазақстан азаматтарына қатысты болады.

Төлқұжат қанша уақытта дайындалады?

Консулдықтың арнайы цифрлық жүйеге қолжетімділігі болған жағдайда, төлқұжат мемлекеттік қызмет аясында 40 жұмыс күні ішінде рәсімделеді.

Ал жүйеге қолжетімділік болмаған жағдайда құжатты дайындау мерзімі 90 күнтізбелік күнге дейін созылуы мүмкін.

Құжаттардың толық пакеті тапсырылғаннан кейін консулдық азаматтың мәліметтерін тексеріп, электрондық өтінім қалыптастырады. Одан кейін құжаттар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетіне жіберіледі.

Комитет мамандары құжаттарды 5 жұмыс күні ішінде тексереді. Мәліметтерде қателер немесе фотосурет пен қолтаңбаға қатысты мәселелер анықталса, құжаттар қайта өңдеуге жіберіледі. Кемшіліктерді жою үшін азаматқа 5 жұмыс күні беріледі.

Егер мәселені шешу үшін азаматтың жеке қатысуы қажет болса, рәсімдеу мерзімі тағы 10 жұмыс күніне дейін ұзартылуы мүмкін.

Балалар үшін де жеке тәртіп қарастырылған

14 жасқа толмаған, төлқұжатты алғаш рет алатын және жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) жоқ балалар үшін арнайы тәртіп енгізіледі.

Мұндай жағдайда консулдық ЖСН қалыптастыруға бастамашылық жасайды. ІІМ ЖСН-ды екі жұмыс күні ішінде қалыптастыруы немесе одан бас тарту туралы шешім қабылдауы тиіс.

Сонымен қатар консулдықтардағы қызмет көрсету уақыты да белгіленген. Құжаттарды тапсыру кезінде азаматтың күту уақыты 30 минуттан, ал тікелей қызмет көрсету уақыты 10 минуттан аспауы тиіс.

Жаңа ережелер шетелде жүрген қазақстандықтардың төлқұжат рәсімдеу процесін жүйелеуге және консулдық қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған.
Фото: ЖИ

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями