Arna Press,
27 февраля 2023
в 13:18
Қарағанды облысы тұрғынның қоймаларды тінту кезінде жалпы сомасы 432 мыңнан астам қорапты құрайтын әртүрлі маркалы және атаудағы темекі өнімдері табылып, тәркіленді.Мамандардың қорытындысына сәйкес, есепке алынбаған тәркіленген темекі өнімдерінің жалпы құны 280 миллион теңгеден асады.Сотқа дейінгі тергеу басталып, жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.ҚМА көлеңкелі экономикамен күрес жұмысын жалғастыратын болады. Өткен жылдың өзінде ғана Агенттік қабылдаған шаралар кешені көлеңкелі экономика деңгейін 19,7%-ға дейін төмендетуге оң әсер етті, бұл ретте болжамдық мән 21,5%-ды құрады.Сурет: unsplash
Arna Press,
27 февраля 2023
в 11:18
Әлеуметтік желіде Алматы-Қорғас тасжолында болған ірі жол апатының видеосы пайда болды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасап.Кадрларда аударылып қалған жүк тиелген тіркеме мен қираған көліктер көрінеді.Алматы облысының полицейлері жол апаты 26 ақпанда сағат 11:00-де Алматы-Шелек-Қорғас тасжолының 42-шақырымында болғанын хабарлады.MAN жүк көлігінің артқы жартылай тіркемесі шығып кетіп, DAF автотасығышына соғылып, соққы инерциясынан ол Mercedes-Benz автотасымалдаушысымен соқтығысқан.MAN жүк көлігі бүйіріне аударылып қалған.
EKaraganda.kz,
26 февраля 2023
в 10:45
Участие могут принять школьники с 4-го по 9-й класс. Начало конкурса — 27 февраля.Условия просты:— выложить пост с рисунком и отметить официальную страницу зоопарка в Instagram: @krgzoo;— написать в директ «Участвую в конкурсе»;— быть подписчиком страницы зоопарка.Конкурс продлится до 6 марта.Победитель получит приз.
Arna Press,
24 февраля 2023
в 20:18
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласында заңсыз қару айналымының жолын кесуге бағытталған арнайы операция өткізді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сілтеме жасап.Құзырлы ведомсвто бұл операция алдында ұзақ жедел зерделеу жұмысы жүргізіліп, оқ-дәрімен ататын және өзге де суық қаруды, сонымен қатар оқ-дәрінің сирек кездесетін түрлерін жеткізу мен сату жүйелері анықталғанын, құжатпен бекітілгенін нақтылайды.
Arna Press,
24 февраля 2023
в 19:38
Мойынқұм ауданы полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері Ақбақай ауылында орналасқан жекеменшік үйдің қосалқы шаруашылығында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында құрамында бағалы металдары бар шикізатты заңсыз өңдеу жұмыстарын жүргізетін шағын цехты анықтады.Тексеру кезінде қолдан жасалған ұсатқыш, сынапқа ұқсас сұйықтығы бар 3 пластикалық бөтелке, азот қышқылы бар канистр, жалпы салмағы 116 келі болатын ішінде алтынды кені бар 2 қап табылды және тәркіленді.Осы дерекке қатысты Қр ҚК-нің 295-1-бабы 1-бөлігі (Бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының заңсыз айналымы) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстары нәтижесінде 28 жастағы жергілікті тұрғын анықталып, ұсталды.Оған қатысты ешқайда кетпеу туралы жазбаша түрдегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қазіргі уақытта мемлекетке келтірілген залал анықталып жатыр.
Akorda.kz (KZ),
24 февраля 2023
в 19:36
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
Arna Press,
24 февраля 2023
в 18:58
Ақтөбедегі әскери бөлімде қатарласының жағын сындырған жауынгерге қатысты қылмыстық іс қозғалды,деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сілетеме жасап.КТК телеранасының хабарлауынша, жәбірленуші мен оны соққыға жыққан жігіт осы артиллерия және ракета бөлімінде отан алдындағы борышын өтеп жүр. Кезекшілікте жүрген жауынгерді қатарласы алғашқыда түйіп өтіп, кейін бөлек бөлмеге апарып аяусыз соққыға жыққан.Басынан жарақат алып жағы сынған сарбазға әскери бөлім басшылары дер кезде көмек бермепті.
Arna Press,
24 февраля 2023
в 18:58
Қазақстандықтар Egov порталындағы «Ашық НҚА» заң жобаларына өз ұсыныстарын енгізуге мүмкіндік алды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Әділет министрлігіне сілтеме жасап.Енді құжаттарды порталда көрсету кезінде НҚА-ны орналастырудың статусын көрсететін «Жоба» арнайы батырмасы пайда болды. Бұл ҚР Әділет министрлігі және ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінің бірлескен технологиялық шешімдерінің нәтижесінде мүмкін болды.
Akorda.kz (KZ),
24 февраля 2023
в 13:06
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
Arna Press,
24 февраля 2023
в 12:48
23 ақпанда сағат 15:38-де Орал қаласынан 54 шақырым жерде, Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданындағы Чапурино кентінің ашық аумағында «Атырау-Орал-Атырау» бағыты бойынша ұшқан ТЖМ Қазавиақұтқару тікұшағы қонуға мәжбүрлі болғаны туралы ақпарат келіп түсті, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ҚР ТЖМ сілтеме жасап.Қатты екпінмен қону нәтижесінде ТЖМ Қазавиақұтқару төрт қызметкері қаза тапты.
Akorda.kz (KZ),
23 февраля 2023
в 17:46
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
EKaraganda.kz,
23 февраля 2023
в 17:25
— В ходе проверки факт излива сточных вод в реку Малая Букпа подтвердился, — сообщают в Управлении санитарно-эпидемиологического контроля региона. — При изучении схемы данного района перекреста водопроводных и канализационных сетей ТОО «Қарағанды Су» не установлено. Специалистами Управления организован выход на близлежащие объекты в районе сброса воды, с предпринимателями проведена санитарно-просветительная работа по профилактике инфекционных заболеваний.По результатам проведенной внеплановой проверки в отношении ТОО «Қарағанды Су» был составлен протокол об административном правонарушении в части 1 статьи 425 КоАП РК со штрафом в размере 1600 МРП за сброс сточных вод и отсутствие плана ликвидации аварии. — Руководству ТОО «Қарағанды Су» подготовлено и вручено предписание об устранении нарушений с определением конкретных мероприятий и сроками его исполнения.
Arna Press,
23 февраля 2023
в 15:28
Семейде күйші Айбек Бекбосынның «Өнерім саған — Туған ел» атты шығармашылық кеші өтті, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Іс-шараға шығармашылық зиялы қауым өкілдері, мәдениет және өнер қайраткерлері қатысты.Салтанатты кешті белгілі дирижер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Арман Жүдебаевтың сүйемелдеуімен «Бибігүл» халық аспаптар оркестрі мен Айбек Бекбосын ашты.Музыкалық кеште танымал «Әлқиса» мен «Күй тартыспен» қоса, белгілі спортшы, бірнеше дүркін «Қазақстан барысы» атанған Айбек Нұғымаровқа арнап шығарған «Айбарыс» күйі де орындалды.Халық алдында осы өңірдің тумасы, Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаевамен Секен Тұрысбеков, Дәулеткерей Кәпұлы, Нұркен Әшіров, Данияр Байжұманов өнер көрсетті.Айта кетерлігі, Роза Қуанышқызы Айбек Бекбосын оның шәкірті екенін және оны мақтан тұтатынын айтты.
Akorda.kz (KZ),
23 февраля 2023
в 15:06
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
Akorda.kz (KZ),
23 февраля 2023
в 12:16
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
Arna Press,
23 февраля 2023
в 12:08
Абай облысының Үржар әуежайы туризмді дамыту мақсатында қайта жаңғыртылуда, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімшіліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Әуежайдың ұшып-қону жолағы 1500-ден 2100 метрге, ені 35 метрге дейін ұлғайтылды. Бұл Fokker, Bombardier, Embraer және басқа да осыған ұқсас топтардың ұшақтарын қабылдауға мүмкіндік береді. Ұзындығы 175 м, ені 16 м болатын 2 рульдеу жолының құрылысы жүргізілді.2 әуе кемесі тұрақтайтын перрон бір уақытта 2 ұшақты қабылдауға мүмкіндік береді және 5 қабатты бақылау мұнарасы жаңадан салынды. Әуежайда әуе кемелерін тәулік бойы қабылдау үшін ұшу-қону жолағында жарықтандыру қондырғылары мен бейнебақылау орнату жұмыстары жүргізілуде.
Arna Press,
23 февраля 2023
в 10:28
Әділет министрі Азамат Есқараев Батыс Қазақстан облысының халықына есеп беру кездесуінде алимент өндіру осы өңірде ғана емес, бүкіл ел бойынша күрделі мәселелердің бірі екенін айтты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ведомство басапсөз қызметіне сілтеме жасап.Батыс Қазақстан облысы бойынша барлығы 11 мемлекеттік және 50 жеке сот орындаушы қызмет атқаратынын, атап өтті.
Arna Press,
22 февраля 2023
в 18:58
Оңтүстік шаһарда қоғамдық көлік кәмелетке толмаған қызды қағып кетті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Оқиға 22 ақпанда сағат 10:30-да Байтұрсынов көшесінде болған. Апат салдарынан қыз көптеген дене жарақатын алған. Бұл туралы мегаполистің Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
Akorda.kz (KZ),
22 февраля 2023
в 18:46
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
Arna Press,
22 февраля 2023
в 18:18
Facebook әлеуметтік желісінде «Жомарт-Тоқаев» есімді аккаунт пайда болды. Әлеуметтік желіде Президенттің фейк парақшасы ашылды.Онда ақшалай сыйлықтардың ұтысы ойнатылады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Жомарт-Тоқаев» деген Facebook парақшасында жүргізілген ұтыс – алаяқтардың ісі. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлеуметтік желіде екі-ақ ресми парақшасы бар.
Arna Press,
22 февраля 2023
в 18:18
ҚР ИИДМ 2023 жылғы 15 ақпандағы бұйрығымен Әуе көлігінде жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Атап айтқанда, егер ол бекітілген талаптарға сәйкес келмесе, авиакомпания жүкті тасымалдауға қабылдаудан бас тартатыны қосылды, олар:Сондай-ақ алушы авиакомпаниядан әуе кемесі межелі жерге келген, жүк түсірілген және өңделген сәттен бастап жүкті және жүкқұжатты ресімдеуді талап ететіні түсіндіріледі.
Akorda.kz (KZ),
21 февраля 2023
в 17:56
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
EKaraganda.kz,
21 февраля 2023
в 15:55
В ходе тренировки отмечалась высокая слаженность в работе органов управления, руководящего состава, рабочих и служащих ТОО «Қарағанды Жарық» по ведению гражданской обороны.К учению привлекались входящие и не входящие в формирования гражданской обороны сотрудники ТОО «Қарағанды Жарық». Были отработаны приемы по эвакуации в бомбоубежище и показаны способы защиты людей в чрезвычайных ситуациях природного и техногенного характера.Изучены приемы защиты рабочих и служащих ТОО «Қарағанды Жарық» от современных средств поражения, стихийных бедствий и производственных аварий.Штабные тренировки проводятся ежегодно.
Arna Press,
21 февраля 2023
в 12:48
Бүгінгі күні билікті асыра пайдалану арқылы өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу бойынша күдікті ретінде сол заставаның келісімшарт бойынша әскери қызметшісі өтеді. Қылмыстық Іс материалдарына сәйкес ол Б.Мирашты және онымен бірге әскерге шақырылған басқа да мерзімді әскери қызметкерлерді жүйелі түрде психологиялық тұрғыда қорлап, соққыға жыққан, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Бас әскери прокуратураға сілтеме жасап.«Күдікті қамауға алынып, тергеу жалғасуда және ерекше бақылауға алынған.
Arna Press,
20 февраля 2023
в 18:28
Шымкентте қарулы ер адам атыс ұйымдастырды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Редакцияға Шымкент көшелерінде қаруланған ер адамның өтіп бара жатқаны және одан басқа адамдар қашқаны түсірілген видео жіберілді. Тағы бір видеода ер адам мен қауіпсіздік қызметкерлері арасында атыс болғаны көрсетілген.Кейін ер адам полиция көлігін көріп, оған шабуыл жасаған.
Arna Press,
20 февраля 2023
в 16:08
Енді Абай облысының тұтынушылары «Е-тұтынушы» және «Е-өтініш» ақпараттық жүйелері арқылы электронды түрде шағымдарын қалдыра алады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі өңірлің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне сілтеме жасап. Айта кетейік, былтыр «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР заңына өзгерістер енгізу туралы заң жобасы әзірленді.
Akorda.kz (KZ),
20 февраля 2023
в 15:06
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
Arna Press,
20 февраля 2023
в 13:38
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің өкілдері Түркістан облысы Жетісай ауданының әкімшілігін тексеріп, ауылдық округтерінің әкімдерін қылмыстық жауапкершілікке тартумен қорқытып, олардан ақшалай қаражат талап еткен, депм хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Олардың тұрақты түрдегі талаптарынан кейін әкімшілік жұмыскерлері тексерушілерге тексерістің оң шешілуі үшін 400-мыңнан 630-мың теңгеге дейінгі қаражатты беріп, пара беру дерегі бойынша ұсталған.
Arna Press,
20 февраля 2023
в 12:38
ҚР Еңбек министрлігі ұсынған мәліметке сүйенсек, 2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 659 теңге болды, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 82 878 теңге, базалық зейнетақы – 37 781 теңге, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Ал 1 қаңтардағы жағдай бойынша орташа зейнетақы 108 761 теңге болды, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 74 950 теңге, базалық зейнетақы – 33 811 теңге.
Arna Press,
20 февраля 2023
в 12:38
Қазақстан арқылы үшінші елдерге одан әрі экспорттау мақсатында ресейлік астықтың сұр импортының сұлбасын ҚМА Павлодар облысы бойынша департаменті анықтады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Қаржы мониторингі агенттігінің хабарлауынша, ЖШС-нің бірі 2021-2022 жылдар аралығында Өзбекстан, Ауғанстан және Тәжікстанға 1 миллиард теңгеден астам сомаға 8,3 мың тонна ресейлік астықты экспорттаған.Бұл ретте Қазақстан компаниясы жеңілдетілген экспорттық тарифті алу үшін отандық шаруашылықтардан Қазақстаннан шыққанын растайтын жалған шот-фактураларды пайдаланған.Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, бұл транзиттік тарифтен жалтарып, «KTZ Freight Transportation» ЖШС-ға 150 миллион теңгеге жуық шығын келтіруге себеп болды.Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.Сурет: primeminister.kz