Стоковые изображения от Depositphotos
Асхат Жұмағали Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысының жарлығымен Асхат Жұмағалиұлы Жұмағали Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы болып тағайындалды. Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», — делінген хабарламада.
Айта кетейік, Жұмағали былтыр наурыздан бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарған болатын.
Сурет: Tengrinews.kz
По сообщению сайта Arna Press