Популярные темы

Қазақстандықтар мамырда қанша күн демалады?

Дата: 08 апреля 2023 в 22:38 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Қазақстандықтар мамырда қанша күн демалады?
Стоковые изображения от Depositphotos

Қазақстанда мамырда үш бірдей мереке бар. Сондықтан бұл айда қазақстандықтар бірнеше күн демалады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Мамырда үш мереке атап өтіледі: 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні; 7 мамыр — Отан қорғаушылар күні; 9 мамыр — Жеңіс күні.

1 мамыр дүйсенбіге тұспа-тұс келеді. Сондықтан үш күн, яғни 29, 30 сәуір және 1 мамыр демалыс болады.

Ал 7 мамыр жексенбіге сай келеді. Сондықтан ол дүйсенбіге ауыстырылады. Сәйкесінше, қазақстандықтар 6 мамыр мен 9 мамыр аралығына демалады.

Қазақстандықтар мамырда мына күндері демалады:

— Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін 1, 6-9, 13-14, 20-21, 27-28 мамыр — демалыс.
— Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін 1, 7-9, 14, 21, 28 мамыр — демалыс.

Сурет: Tengrinews.kz

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями