Популярные темы

Абай облысында полиция қызметкерлеріне арналған мобильді қосымшасы іске қосылды

Дата: 07 апреля 2023 в 13:58 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Абай облысында полиция қызметкерлеріне арналған мобильді қосымшасы іске қосылды
Стоковые изображения от Depositphotos

Полиция қызметкерлеріне арналған «Сергек қорғау» мобильді қосымшасы Абай облысында іске қосылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қосымшаның көмегімен полиция қызметкерлері іздеу жарияланған көліктерді және қала жолдарындағы қауіпті жүргізушілерді жылдам таба алады.

Қосымша патрульдік полиция қызметкерлерінің планшеттеріне орнатылған және Сергек аппараттық-бағдарламалық жүйелерімен біріктірілген.



Қосымшаның «Сергек» интеллектуалды жүйесімен біріктірілуі көлік ағынындағы іздеу жарияланған көліктерді анықтауға және полиция операторларына мобильді құрылғыларға автоматты түрде хабарлама жіберуге мүмкіндік береді. Бұл құқық бұзушылықтарды анықтау процесін жеңілдетеді және полиция қызметкерлерінің жедел әрекет етуіне көмектеседі. Осылайша, «Сергек Қорғау» жалған нөмірлері бар автокөліктерді, жүргізуші куәлігін жоғалтқан және/немесе техникалық байқаудан өтпеген адамдардың көліктерін, сақтандыру полисі жоқ адамдарды, сондай-ақ іздеу жарияланған автокөліктерді анықтайды, делінген ресми хабарламада.



Алайда, «Сергек Қорғаудың» басты артықшылығы – ықтимал қауіпті жүргізушілерді іздеу функциясы болып табылады. Арнайы алгоритмдерді қолдану арқылы жолдарда қауіпті жағдай туғызатын жүргізушілерді анықтауға болады. Мұндай көліктер туралы ақпарат та операторға жолданады. Қосымша белгіленген радиус шеңберінде олардың орнын анықтайды. Полиция қызметкері мұндай көліктерді тоқтатып, ықтимал апат болғанға дейін алдын алу шараларын қолдана алады.

Сурет: bluescreen.kz

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями