Популярные темы

ШҚО ПД ҰҚҚКБ қызметкерлері 128 кг астам марихуананы тәркіледі

Дата: 06 апреля 2023 в 13:18 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


ШҚО ПД ҰҚҚКБ қызметкерлері 128 кг астам марихуананы тәркіледі
Стоковые изображения от Depositphotos

ШҚО ПД ҰҚҚКБ қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында аса ірі мөлшерде есірткі затын өткізудің жолын кесті.

Ағымдағы жылдың 29 наурызында Өскемен қаласының гараж кооперативтерінің бірінде 32 жастағы азамат ұсталды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Күдіктінәң өзімен және өзіне тиесілі гаражында  әрі қарай қала маңында сатуға арналған 128 кг-нан астам «марихуана» есірткі заты табылып, тәркіленген.

Алынған есірткі құралдары 64 мың бір реттік дозаға тең 

Аталған  факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-тармағының 3-бөлігімен (өткізу мақсатында аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын сақтау) сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Күдікті  уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Оны 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр.

Сурет: ШҚО ПД баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями