Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

Новости по теме "құқық"

Өңірдің экономикалық қуаты артса, тұрғындардың өмір сапасы жақсарады

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 14 ноября 2019 в 11:12

Өңірдің экономикалық қуаты артса, тұрғындардың өмір сапасы жақсарады Кеше Нұр-Сұлтандағы Орталық коммуникациялар қызметінде Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин осы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша брифинг өткізді. Экономикалық өсімді қамтамасыз ету мен халықтың әлеуметтік әл-ауқатын жақсарту бойынша ел басшылығының тапсырмалары табысты жүзеге асырылуда. Соның ішінде өнеркәсіп көлемі 5,8 %, инвестиция — 6,1%, ауыл шаруашылығы — 1,7%, құрылыс — 3,4%,тұрғын үйді пайдалануға беру 16,7%, сауда 2,5 %-ға өскен.

Медиацияның маңызы артып келеді

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 14 ноября 2019 в 11:02

Медиацияның маңызы артып келеді Сейсенбі күні Шығармашылық академиясында Ақтөбе қаласы әкімі Мавр Абдуллиннің қатысуымен «Инвестициялық, еңбек, отбасылық және әлеуметтік дауларды реттеу үшін келіссөздер мен медиацияның заманауи технологиялары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Ақтөбе қаласы Астана ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен дауларды соттан тыс және сотқа дейінгі реттеудің баламалы тәсілдерін талқылау үшін өткен шараға Алматы қаласынан арнайы келген «Қазақстан медиаторлар ассоциациясы» ЗТБ Бас директоры, медиатор-жаттықтырушы, кәсіби медиатор Жанділдә Жақыпов, судьялар мен прокурорлар, Nur Otan қалалық партиясының филиалының өкілдері, қалалық маслихат депутаттары, облыстық кәсіподақ қызметкерлері, ардагерлер ұйымы, мемлекеттік қызметшілер қатысты.

Жанжалдың ақыры

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 14 ноября 2019 в 09:42

Жанжалдың ақыры Ақтөбе қаласындағы Заречный елді мекенінде қарашаның 10-ы күні болған төбелестің салдарынан бір оқушы көз жұмып, екі жасөспірім жеңіл жарақат алды. Жанжалға негізінен жасөспірімдер қатысқан. Оқиғаға байланысты облыстық полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстанов баспасөз мәслихатын өткізді. Ата-аналар бақылауды күшейтуі керек — Заречный елді мекенінде болған жанжалдың кесірінен №61 мектептің 10-сынып оқушысы қайтыс болды.

Министр наградил полицейских, спасших девушку от суицида в Караганде

Источник: NewTimes Дата: 09 ноября 2019 в 17:24

Министр наградил полицейских, спасших девушку от суицида в Караганде Глава ведомства лично поблагодарил лейтенанта полиции Ерасыла Мурата и сержанта полиции Бекзата Омашева за оперативные, грамотные и самоотверженные действия и наградил полицейских медалью МВД «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін».Награждение полицейских состоялась в г. Нур-Султан с участием руководителей служб и подразделений центрального аппарата министерства.«Ежедневно на службу по защите спокойствия и безопасности наших граждан заступают тысячи молодых сотрудников.

Интернетте жеке мәліметтер қалай тарап кетеді? Маман қауіптің алдын алу жолдарын айтты

Источник: TengriNews Дата: 08 ноября 2019 в 16:33

Интернетте жеке мәліметтер қалай тарап кетеді? Маман қауіптің алдын алу жолдарын айтты Соңғы кездері әлем бойынша Интернетте қолданушылардың жеке мәліметтері тарап кетіп жатқан жағдайлар көбейіп жатыр. Кез келген адам жүйеге еркін кіріп, ондағы мәліметтерді өзіне толығымен жүктей алатын мүмкіндігі болған. Осыдан кейін қазақстандықтар жеке деректеріне алаңдаушылық білдіре бастады. Ол расында да қауіпті ме?

«Көпбалалы аналарға 500 мың теңге». Жұртты әуре-сарсаңға салған фейк-ақпараттар

Источник: TengriNews Дата: 08 ноября 2019 в 15:13

Соңғы кездері алаяқтар желі қолданушылары көбіне мессенджерлерді қолданатынын аңғарғандай. Мессенджерлер арқылы таралатын фейктер көпбалалы аналар мен зейнеткерлерге қатысты екен. Жалған ақпарат таратқаны үшін заң бойынша жазаланғандары да бар. Себебі аталған іс-әрекет үшін ҚР Қылмыстық кодексінің «Көрінеу жалған ақпарат тарату» бабы бойынша жаза тағайындалады.

Бағыт — жемқорлықтан ада қоғам құру

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 07 ноября 2019 в 10:02

Бағыт — жемқорлықтан ада қоғам құру Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог — Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауы өз мазмұнымен азаматтар өмірінің барлық салаларын қамти отырып, қоғамның өзекті деген мәселелерін қозғады.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі іс-қимыл негізгі мәселе ретінде күн тәртібінен түскен жоқ.Сыбайлас жемқорлық туралы айтылған кезде, қандай да бір моральдық-рухани қағидалардан аттап, өз өкілеттіліктері мен лауазымдық мүмкіндіктерін теріс пайдаланатын шенеуніктер еріксіз ойға келеді.

39 адамның мәйіті. Еуропа жұртының жағасын ұстатқан оқиғаның мән-жайы

Источник: TengriNews Дата: 04 ноября 2019 в 16:43

39 адамның мәйіті. Еуропа жұртының жағасын ұстатқан оқиғаның мән-жайы Биыл 23 қазанда Ұлыбританияның Эссекс графтығында жүк көлігінен 39 адамның мәйіті табылды. Оның сегізі — әйел адам болса, қалған 31-і ер адам екені анықталған. Алғашқы деректер бойынша, қаза тапқандардың барлығы Ұлыбританияға заңсыз өтпекші болған қытай азаматтары. Оқиға бойынша 25 жастағы жүк көлігінің жүргізушісі Солтүстік Ирландиялық Мо Робинсон адам өлтірді деген күдікпен ұсталған.

Балалар су спорты: сан мен сапа

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 31 октября 2019 в 10:42

Балалар су спорты: сан мен сапа Бүгінде еліміздің барлық өңірлерінде Олимпиада ойындары бағдарламасына енгізілген су спорты түрлері қарқынды дамып келеді. Оған спортшыларымыздың әлемдік, құрлықтық жарыстарда иеленіп жүрген жетістіктері дәлел.2016 жылы Риода өткен Олимпиада ойындары мен мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасындағы Паралимпиадада құрама қоржынын алтын медальмен толықтырған Дмитрий Баландин мен Зүльфия Габидуллина көптеген жас өрендердің су спортына деген қызығушылығын арттырғаны сөзсіз.

8 адамды атып өлтірді деген сарбазға қатысты атышулы іс қалай өрбіп жатыр?

Источник: TengriNews Дата: 30 октября 2019 в 14:13

8 адамды атып өлтірді деген сарбазға қатысты атышулы іс қалай өрбіп жатыр? 25 қазанда кешкі 18:00 шамасында Горный солдат ауылындағы №54160 әскери бөлімшесінде борышын өтеуші Рамиль Шамсутдинов жедел әрекет ету бөлімшесі жеке құрамының мүшелерін атып тастады. Бұл оқиға қазақстандықтарға Владислав Челахтың оқиғасын еске салғандай болды. Себебі Шамсутдинов әскерилерге оқ жаудырып, салдарынан сегіз адам көз жұмып, тағы екеуі жараланған.

Басты мақсат — азық-түлік молшылығын жасау

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 26 октября 2019 в 01:52

Басты мақсат — азық-түлік молшылығын жасау Алдағы жексенбіде еліміздің ауыл шаруашылығы қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекесін атап өтеді. Егіс алқаптарында, фермаларда, шалғайдағы шабындықтарда диқандар мен малшылар, механизаторлар күні-түні еңбек етіп, уақытпен санаспай, халық игілігін молайтуға үлес қосуда. Олардың өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі ұмтылыстары жоғары бағалауға лайық.Біз осы мереке қарсаңында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Құсайын Сәрсембайдан өзі басқарып отырған саланың бүгінгі ахуалы туралы айтып беруін сұрағанбыз.Сонымен…Ілгерілеуге негіз барОблыста мал шаруашылығы мен егіншілікті дамытуда ілгерілеу нышандары байқалуда, жоғары технологиялық жобалар жүзеге асырылып, кәсіпорындарды жаңғырту қолға алынуда.

Көліктен түкіру, қоқыс тастау, былапыт сөйлеу. Жиі жасалатын ұсақ бұзақылықтың жазасы қандай?

Источник: TengriNews Дата: 24 октября 2019 в 13:53

Көліктен түкіру, қоқыс тастау, былапыт сөйлеу. Жиі жасалатын ұсақ бұзақылықтың жазасы қандай? Қоғамдық орындарда тәртіп бұзу, яғни өзге адамдардың намысына тиетін сөздер айту, онда түкіру, рұқсат етілмеген жерде шылым шегу, мас күйде шу шығару және жүргізушілердің бірін-бірі басып озуы сияқты ұсақ бұзақылықтардың жазасы бар екенін білмейтін адам жоқ. Алайда ұсақ бұзақылыққа жатпайтын әрекеттер де бар. Қала өмірінде тағы қандай әрекет үшін жазалануыңыз мүмкін?

Суицид: санайғақтардың өзі сай-сүйегіңді сырқыратады…

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 24 октября 2019 в 10:32

Суицид: санайғақтардың өзі сай-сүйегіңді сырқыратады… …Әр адамның өзіне тән мұңы бар. Ер мен әйел, үлкен-кіші, жалпы кез келген әлеуметтік топтағы азаматтарға ортақ осы бір «құбылыс» негізінен өмірде одан сайын қажырлы болуға итермелесе, кейде құрдымға да жібереді… Яғни ауыртпалықтарға, соның салдарынан туындаған жан күйзелісіне шыдамағандар ақырғы амалға барып, өз-өзіне қол жұмсап жатады. Өкініштісі сол, қоғамдағы ең өзекті мәселелердің біріне айналған суицид бүгінде қазақстандықтарды да ерекше алаңдатып отыр.

Жолапаты қырып барады…

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 24 октября 2019 в 10:12

Жолапаты қырып барады… Жыл басталғалы облыста барлығы 582 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 75 адам қаза болған. Оның 12-сі бала. Ал 750-ге жуық адам түрлі жарақат алып ауруханаға түскен. Полицейлердің айтуынша, өкінішке қарай, өңірдегі жол-көлік оқиғаларының саны өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда еш азаймапты. Жол-көлік оқиғасының алдын алып адам өлімін болдырмау мақсатында өңірде қандай шаралар ұйымдастырылып жатыр?Жүргізушілер арасында ең жиі кездесетін құқықбұзушылықтар қандай?

«Қаншама қылмыскермен кездестім». Ерлан Қарин «Жусан» операциясы жайлы

Источник: TengriNews Дата: 19 октября 2019 в 13:43

ҚР Президентінің кеңесшісі, политолог әрі ғалым Ерлан Қарин Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің өкіліне берген сұхбатында «Жусан» операциясы аясында Сириядан қайтарылған адамдар жайлы және терроризммен күрес туралы пікір білдірді, — деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. ҚР Президентінің кеңесшісі «Жусан» операциясының күрделілігі мен ерекшелігіне тоқталды.

Жәрмеңке жазасын өтеп шыққандарға жәрдемдеседі

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 19 октября 2019 в 13:02

Жәрмеңке жазасын өтеп шыққандарға жәрдемдеседі «Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде ашық есік күні өтті. Бұл күні Ақтөбе қаласы Алматы және Астана ауданы прокуратурасының ұсынысымен бекітілген «Ақтөбе қаласы бойынша құқық бұзушылықтың алдын алудың 2019 жылға арналған жоспары» бойынша жеке санаттағы тұлғалар үшін мамандандырылған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Департамент өкілдері қызметкерлермен кездесті

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 17 октября 2019 в 13:22

Департамент өкілдері қызметкерлермен кездесті Сейсенбі күні Ақтөбе қалалық әкімдігінде республикалық «Адалдық сағаты» бірыңғай акциясы аясында Ақтөбе облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басшылары мемлекеттік қызметшілер мен әлеуметтік сала мамандарымен кездесу өткізді.Кездесуге Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Айгүл Арынғазиева, Ақтөбе облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының орынбасары Ғалымбек Досанов қатысты.Басқосуда департамент өкілдері қала тұрғындары тарапынан қолдауға ие болған бұл шара жыл басынан бері екінші рет өткізіліп отырғанын, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда бірлесіп жұмыс жасаудың маңызды екенін атап өтті.Кездесуде мемлекеттік қызметкерлер сыбайлас жемқорлық мәселесі туралы өз ой-пікірлерін білдіріп, сауалдарын жолдады.— Республика бойынша ұйымдастырылып жатқан «Адалдық сағаты» акциясы аясында бүгін мемлекеттік қызметшілер мен әлеуметтік сала мамандарымен кездесіп, оларға сыбайлас жемқорлықты жою, оның алдын алуға бағытталған іс-шаралар туралы түсіндіріп жатырмыз.

Судьялар қатары толықты

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 17 октября 2019 в 13:12

Судьялар қатары толықты Облыстық сот төрағасы Сәкен Абдолла облыстың сот корпусына жаңадан тағайындалған судьяларды таныстырды.Қазақстан Республикасы Президентінің ағымдағы жылдың 2 қазанындағы Жарлығымен Ақтөбе қалалық сотының судьясы лауазымына Илиада Досова, Мереке Сабырбаева, Ақтөбе қаласының №2 сотына Сандуғаш Ізбағамбетова, Саят Ташымбаев, сондай-ақ Байғанин аудандық сотының төрағасы қызметінен босатылған Жанас Қуанышев тағайындалды.Облыстың аудандық соттары жаңа кадрлармен толықты.

Жобаның тоғызыншы кезеңі басталды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 17 октября 2019 в 12:42

Жобаның тоғызыншы кезеңі басталды Ақтөбеде «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасын жүзеге асырудың тоғызыншы сатысы басталды. 7-24 қазан аралығында топ мүшелері облыстың 6 ауданында жұмыс жасап, түрлі кездесулер өткізеді.Жобаға жауапты мамандардың айтуынша, халықпен жұмыс жасау кезінде негізгі басымдық өзекті әлеуметтік мәселелерді шешу, діни экстремизмді болдырмау, мемлекеттік және салалық бағдарламалардың жүзеге асырылуын түсіндіру, өңірдегі бизнес ортаны дамыту сияқты жұмыстарға берілмеді.Жалпы жоба аясында 15 000-ға жуық адамды қамтитын 400-ге жуық іс-шара ұйымдастырылып, нәтижесінде бірнеше азаматқа түрлі бағытта көмек көрсетілу жоспарлануда.1-бағыттың 1 жұмыс тобымен мешіт жамағаттары арасында 70-ке жақын шара өткізу көзделсе, 1-бағыттың 2-ші жұмыс тобының негізгі мақсаты кәсіпкерлік ортаға тарту бойынша жүйелі проблемаларды анықтауға, ауыл кәсіпкерлеріне нақты көмек көрсетуге бағытталған.

Түбімізге лудомания жетпесін

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 17 октября 2019 в 12:32

Түбімізге лудомания жетпесін Көлеңкелі экономика «Ойынға ойсыз құмар», «Ой түбі — алтын, ойын түбі — от» деп бабаларымыз текке айтпаса керек. Жалпы құмар ойын деген атау қазақ ұғымында болған емес. Бұл — бүгінгі қоғамның дерті. Елімізде үш жыл ішінде көлеңкелі экономика деңгейін 40 пайызға төмендету — Үкімет алдына қойылған нақты міндет.

Еңбек дауларын шешетін кабинет ашылды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 15 октября 2019 в 10:22

Еңбек дауларын шешетін кабинет ашылды Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жылы аясында Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы ғимаратында республика бойынша алғаш рет еңбек дауларын шешетін кабинет ашылды.Әуелі Ақтөбе қалалық соты, Ақтөбе қаласының №3 соты, Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы, Ақтөбе облысының медиаторлар кеңесі қоғамдық бірлестігі, облыстық кәсіподақтар орталығы, «Медиаторлар Одағы» қоғамдық кеңесі, Халықаралық құқықтық қорғау орталығы бірлесіп, өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Пара берме!

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 12 октября 2019 в 11:22

Пара берме! Біреуге 2 айлық есептік көрсеткіш, яғни 5050 теңге көлемінде пара беріп, тарту-таралғы жасасаңыз, қылмыстық іс қозғалады. Ал сый-сияпат көлемі бұдан аз болса да заң алдындағы жауапкершіліктен жалтару мүмкін емес: мұндай жағдайда әкімшілік іс қозғалады. Бұл туралы кеше Ақтөбе өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы Мирлан Мұхамбетов айтты.Басқосу барысында департамент басшысы пара беру және пара алу жағдайындағы қылмыстық заңнама нормаларын түсіндірді.— Қазір ел көлемінде, оның ішінде біздің облыста да «Пара берме!» акциясы ұйымдастырылып жатыр.

Пара алу, алаяқтық және миллиондаған доллар. Қазақстандық шен-шекпенділердің атышулы істері

Источник: TengriNews Дата: 08 октября 2019 в 16:33

Пара алу, алаяқтық және миллиондаған доллар. Қазақстандық шен-шекпенділердің атышулы істері Шенді-шекпенділердің заң бұзып, жазаланғаны жайлы ақпаратты жиі оқитын болдық. Кей полиция қызметкері бас бостандығынан айырылса, басқа біреулері айыппұлмен құтылады. Қылмыстық қудалауға ұшырап, істі болған полицейлерге Tengrinews.kz тілшісі шолу жасады.Жоғары лауазымды шенділердің ұсталуыТаяуда Ақмола облысында полиция полковнигі Асан Сәдуовтың ұсталғаны хабарланды.

Кәсіпкерлік қызметті қолдаудың «жол картасы» бекітілді

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 05 октября 2019 в 11:12

Кәсіпкерлік қызметті қолдаудың «жол картасы» бекітілді Облысқа жасаған жұмыс сапары аясында Қазақстан кәсіпкерлерінің құқығын қорғау жөніндегі уәкіл Болат Палымбетов ақтөбелік бизнес өкілдерімен кездесті. Облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің қатысуымен өткен кездесу барысында бизнес саласындағы мәселелер жан-жақты талқыланып, нәтижесінде кәсіпкерлік қызметті қолдаудың «Жол картасы» бекітілді. «Капитал Плаза» бизнес орталығының мәжіліс залында өткен басқосуға «Атамекен» кәсіпкерлер мен жұмыс берушілердің өңірлік қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің басқарма төрағасы Есімхан Құрманғазин, облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Анар Даржановалар қатысты.Бүгінгі таңда облыста белсенді шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 58 мыңнан асқан.

Тағылымды еңбектің тұсаукесері өтті

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 05 октября 2019 в 10:42

Тағылымды еңбектің тұсаукесері өтті Облыстық сотта Қазақ КСР Жоғарғы Сотының Төрағасы болған Әбидолла Биекеновке арналған «Ә.Биекенов. Мемлекеттік және қоғам қайраткері» атты кітаптың тұсаукесері өтті.Оған облыстық соттың алқа төрағалары мен судьялары, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, оқу орындарының өкілдері қатысты.Жиынды облыстық соттың төрағасы Сәкен Абдолла ашты.

«Жүрмей тұрған машинаға салық төлеу керек пе?» Көлік салығы жайлы ең көп қойылатын сұрақтарға жауап

Источник: TengriNews Дата: 04 октября 2019 в 10:33

Мемлекеттік кірістер комитеті жеке тұлғалардың ең жиі қоятын ТОП-20 сұрағына жауап берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.Салық төлеушілер (жеке тұлғалар) мүлікке, жер және көлік салықтарын төлеуге қатысты сұрақтарды жиі қояды. Ел азаматтары сан түрлі өмірлік жағдайда кездесетін, онда өздерінің салық міндеттемелерін қалай дұрыс орындау керектігін көбіне біле бермейді.

Жол-көлік оқиғаларының 99,9 пайызы жүргізушілердің  жауапсыздығынан болған

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 03 октября 2019 в 12:32

Жол-көлік оқиғаларының 99,9 пайызы жүргізушілердің  жауапсыздығынан болған Кеше облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен құқықбұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті. Комиссия отырысына Ақтөбе қаласының әкімі Мавр Абдуллин, сондай-ақ облыс әкімінің орынбасарлары, құқық қорғау органдарының, мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысты.

Биыл құқықбұзушылық деректері 18,7 пайызға азайған

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 01 октября 2019 в 10:02

Биыл құқықбұзушылық деректері 18,7 пайызға азайған Ақтөбе қаласының әкімі Мавр Абдуллиннің төрағалығымен құқықбұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.Отырысқа комиссия мүшелері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен қалалық бөлім басшылары қатысты.Жиында алдымен Ақтөбе қалалық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Самат Аисов баяндама жасап, құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша биылғы жылдың 8 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.— Ақтөбе қалалық полиция басқармасы биылғы жылдың 8 айында құқықбұзушылықты болдырмау жәнеоның алдын алу, азаматтардың қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша жүйелі жұмыс жүргізді.

Ұялы телефон ұрлығы өршіп тұр

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 28 сентября 2019 в 11:52

Ұялы телефон ұрлығы өршіп тұр Жұма күні облыстық мәслихаттың депутаттық өкілеттіктер мен этика, заңдылық, құқық тәртібі мәселелері және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.№8 Пацаев сайлау округінің депутаты Дмитрий Довматенконың төрағалық етуімен өткен жиынға облыс әкімінің бірінші орынбасары Рахат Сыдықов, облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Қалдығұлова, тұрақты комиссияның мүшелері мен облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқарма басшылары мен департамент басшылары, облыстық қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.Күн тәртібінде қаралған мәселе — облыстағы құқықбұзушылықтың алдын алу және қылмысқа қарсы күрестің жай-күйі және одан әрі күшейту бойынша шаралар туралы облыстық полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстанов баяндады.Облыстың бас полицейінің айтуынша, ағымдағы жылы өңірде заңбұзушылықтарды болдырмау үшін жүргізілген алдын алу жұмыстарының нәтижесінде қылмыс санының азайғандығы байқалады.

«Полицейлердің үрейі». Руслан Жанпейісов деген кім?

Источник: TengriNews Дата: 27 сентября 2019 в 15:43

Шымкентте танымал азаматтық белсенді Руслан Жанпейісовтің ұсталғаны хабарланды. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, 18 маусымда Шымкент тұрғыны полицияға дене жарақатын алғанын айтып, арыз берген. Сондай-ақ полиция қызметкерін балағаттау дерегі бойынша («Билік өкiлiн қорлау») тергеу жүріп жатыр. Қазіргі уақытта Жанпейісов Шымкент қалалық уақытша ұстау изоляторына қамалған.Тengrinews.kz тілшісі «Охотник за полицейскими» деген атағы шыққан Руслан Жанпейісов туралы мәліметтер жинады.«Мен полицияны жақтаймын«Жанпейісов «Степь» сайтына берген сұхбатында өзінің қарапайым қазақ отбасында дүниеге келгенін айтады.
Показано 30 новостей из 839