Новости по теме "шетел" — страница 4

Латын әліпбиіне көшу — жаңғыру жолындағы маңызды қадам

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 12 июня 2018 в 11:52

Латын әліпбиіне көшу —  жаңғыру жолындағы маңызды қадам Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жарияланғанына бір жылдан асып барады. Бұл мақала күллі қазақстандықтарға зор серпіліс әкелді. Мақалада қазіргі жаһандану заманында сыртқы өзгерістерді жақсы жағынан қабылдай отырып, ішкі руханият үшін айрықша мәнді ұлттық болмыс пен ұлттық кодты сақтаудың жолдары барынша айқындалып ұсынылды. Ұлт болмысын сақтау жолында қазақ әліпбиіне реформа жасау — маңызды қадамдардың бірі ретінде аталды.

Өркен жайған өскіндер

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 07 июня 2018 в 11:02

Өркен жайған өскіндер Кейде қатарда жүрген азаматтардың қадірін жете бағалай алмай қалатынымыз бар. Шалқар өңіріндегі тәжірибе стансасында ұзақ жыл қызмет атқарған Әуесхан Хұсайынов ірі қалалардағы ғылыми-зерттеу орталықтарының бірінде немесе шетелдерде қызмет еткенде халықаралық деңгейде танылған ірі ғалым болар еді. Осы пікірді оны жақсы білетін, қарым-қабілетін пайымдай алатын замандастары жиі айтады.Бірақ Әуесхан Хұсайынұлы атқарған, ауыз толтырып айтуға боларлық бір игілікті іс бар.

Майдангерлерге құран бағышталды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 12 мая 2018 в 03:32

Майдангерлерге құран бағышталды Облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұстаздары Жеңіс күні қарсаңында «Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген» атты іс-шара өткізді. Әйел-қыздар секторының жылдық жұмыс жоспары аясындағы бұл шараға сауат ашу курсының шәкірттері де атсалысты.Сабақ барысында Ұлы Отан соғысы тақырыбында өлеңдер оқылып, бейнероликтер көрсетілді.

Invest online жүйесі іске қосылды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 10 мая 2018 в 10:32

Invest online жүйесі іске қосылды Ұлттық Банктің Ақтөбе филиалы осы жылдың алғашқы тоқсанының нәтижелері бойынша атқарылған жұмыстарды жария етті. Жергілікті қаржы нарығындағы ахуал туралы банк директоры Перизат Әсімбетова баяндап берді.— Биылғы жылдың алғашқы тоқсанының қорытындысы бойынша облыста екінші деңгейдегі банктердің 20 филиалы жұмыс жасайды.

«OTAU TV» спутниктік телевизиясы ұсынады

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 05 мая 2018 в 10:42

«OTAU TV»  спутниктік телевизиясы ұсынады «Қазтелерадио» АҚ ұлттық операторы спутниктік теледидар желісінде шетелдік телеарналарды сапалы түрде пайдалана отырып, «OTAU+» жаңа топтамасын іске қосты. Енді 66 тегін отандық теле және радио арналардан басқа, көрермендер шетелдік түрлі жанрдағы 14 телеарнаға қол жеткізе алады. Топтаманың құны айына 500 теңгені құрайды. «OTAU+» топтамасы келесі қосымша арналарды қосады.

Академик Шора Сарыбаев қайтыс болды

Источник: TengriNews Дата: 02 мая 2018 в 18:54

Академик Шора Сарыбаев қайтыс болды Қазақ тілі диалектологиясы ғылымының негізін қалаушылардың бірі, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР еңбек сіңірген ғылым қайраткері Шора Сарыбаев қайтыс болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алғалықтарды алаңдатқан мәселелер: жол және жағымсыз иіс

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 30 апреля 2018 в 13:22

Алғалықтарды алаңдатқан мәселелер: жол және жағымсыз иіс Алға қаласы республикалық маңызы бар жол бойында орналасқандықтан, мұндағы тұрғындарды алаңдататын басты проблема — жол ережесінің қатаң сақталып, арнайы белгілердің орнатылуы. Бұрынғы Алға химия зауыты аумағындағы қауіпті қалдықтарды жою ісінің әзірге қолға алынбай отырғаны жергілікті тұрғындарды жауыр еткен мәселелердің қатарында тұр.

Тілепжанның тұғыры

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 30 апреля 2018 в 11:12

Тілепжанның тұғыры Тілепжан Ибрагимов жоғары оқу орнын бітірген сонау сексенінші жылдары жас мамандар жұмысқа жолдамамен жіберілетін. Одан бас тартуға болмайды. Кемі белгіленген екі-үш жылды атқаруың керек. Содан кейін қалаған жағыңа баруыңа болады.Алматы зоотехникалық-мал дәрігерлік институтын бітірген біздің кейіпкеріміз де Ақтөбеге осылай келді. Әйтпесе, табиғаты тіпті бөлек, қытымыр қысынан гөрі жадыраған жазы көбірек, таулы, баурайынан сылдырап өзен ағып жататын Алматы облысының Ұйғыр ауданындағы Кетпен деп аталатын көрікті ауылда туып-өскен жас жігіт бастапқыда өзіне бейтаныс аймақта бірер жыл қызметін атқарып қайтуды да бөтен көре қойған жоқ. «Ел көріп, жер танығаннан жаман болмаспын» деп ойлаған ол.

Ақпараттық топ Шалқарға барды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 21 апреля 2018 в 20:02

Ақпараттық топ Шалқарға барды Облыс əкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясында Шалқар ауданында 16-18 сәуір аралығында бірқатар кездесу өткізілді. Жобаның екінші бағыты бойынша ақпараттық-насихаттық топ Шалқар ауданында теракт қаупіне дайындық жұмыстарын жүргізу аясында 3593 адамның қатысуымен 40 іс-шара өткізді.

«Анаммен үйде қазақша сөйлесеміз» — Студент Патрик Эссамамбо

Источник: TengriNews Дата: 19 апреля 2018 в 13:53

Алда келе жатқан 1 мамыр — Қазақстан халықтарының бірлігі күніне елімізде тұрып жатқан ұлттар достастығына мысал болатын кейіпкерлерді іздестіріп, 20 жастағы Патрик есімді қазаққа тап болдым... Иә, жаңылыс оқып отырған жоқсыздар, бұл жігіт Патрик Эссамамбо — қазақ. Ол шетелден келіп оқып жатқан жоқ, Алматыды туып-өскен.  «№38 мектепте оқыдым, кейін №6 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде оқыдым.

Ақтөбе — инвесторлар үшін тартымды аймақ

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 19 апреля 2018 в 12:12

Ақтөбе — инвесторлар үшін тартымды аймақ Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық нақты тапсырмаларының бірі — ел экономикасын нығайтуға инвестиция тарту әрі осы бағыттағы жұмысты жандандыру. Бұл тапсырманы орындау мақсатында былтыр наурызда елімізде «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы»  акционерлік қоғамы құрылған болатын. Аталған компания елімізге инвестиция тарту саласында облыстардағы уәкілетті орган саналады.

Бұл — Ақорда!

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 29 марта 2018 в 10:32

Бұл — Ақорда! Газетіміздің бүгінгі санында біз Елбасының жұмыс бөлмесі орналасқан, мемлекеттік маңызы бар жиындар өтіп, құжаттар қабылданатын ел Президентінің резиденциясы — Ақорда жөнінде айтпақпыз. Қазақстандағы ең басты орталықтың тарихы және ондағы құрылыс ерекшеліктері һәм айтулы сәулеттік шешімдер, кім-кімге болсын, қызықты болары сөзсіз.

«Достық сазы» керемет көңіл күй сыйлады

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 23 марта 2018 в 03:22

«Достық сазы» керемет көңіл күй сыйлады Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның «Достық сазы» фольклорлық ансамблі Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне арнап «Наурыз — жаңа күн» атты кешін өткізді. Өнер орталығында өткен кешке ҚР мәдениет қайраткері Өмірқұл Айниязов, халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаты Жадыра Арыстанова арнайы келіп, ән шашуларын ұсынды.Мерекелік кеш композициялық қойылыммен басталып, ансамбльдің сүймелдеуімен «Наурыз» әні айтылды.Концерттік бағдарлама барысында көрермен халық күйлері мен әндерінен сусындап, шетел композиторларының шығармаларын тыңдады.Өз өнерін кеш жүргізушісі, Орал-Қосай Байсеңгірдің «Ән бастау» әнімен бастаған Жадыра Арыстанованың әндерін ақтөбелік көрермен ерекше қабыл алды. Әсіресе халық әні «Ақеркені» қалың жұртшылық зор ықыласпен тыңдады.—«Достық сазы» — еліміздегі шоқтығы биік фольклорлық ансабльдің бірі.

Қаржы мемлекеттің бақылауында болуы керек

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 15 марта 2018 в 08:32

Қаржы мемлекеттің бақылауында болуы керек Еліміздегі алғашқы жинақ кассасы 1923 жылы Ақтөбе қаласында ашылыпты. Осылай басталып, еліміздің аумағында жинақ жүйесінің құрылуы Қазақстанның халық банкі тарихының бастауы саналады. Осы қаржы жүйесінің тоқсан бес жылдық тарихына орай, біз халықтық банкте жиырма жылдай басшылық қызмет атқарған, еңбек ардагері, КСРО Мемлекеттік банкінің үздігі Бақыт Бірлепесов ағамен әңгімелескен едік… Өмірдің ыстығы мен суығы — Шежіресі ғасырға таяп келе жатырған бұл банктің сіздің жаныңызға қаншалықты жақын екенін біз жақсы білеміз. Өйткені саналы ғұмырыңыз осы салада өтті деуге болады.

Қазақстанда жалпы сомасы $47,8 млрд болатын 145 инвестициялық жоба іске асырылуда

Источник: Zakon.kz Дата: 27 февраля 2018 в 12:59

Қазақстанда жалпы сомасы $47,8 млрд болатын 145 инвестициялық жоба іске асырылуда ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек пен сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Мұхтар Тілеуберді шетел инвестицияларын тарту мәселелері жөнінде баяндады. Бұл туралы zakon.kz, primeminister.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Ақтөбеде «Көші-қон» жедел алдын алу шарасы барысында шетел азаматтары жауапқа тартылды

Источник: Zakon.kz Дата: 27 февраля 2018 в 10:59

Ақтөбеде «Көші-қон» жедел алдын алу шарасы барысында шетел азаматтары жауапқа тартылды Жолаушылар пойыздары мен әуе көлігі нысандарында жүргізілген профилактикалық іс-шаралар барысында бірқатар заңсыз жайттар анықталды, деп хабарлайды Aktobenews.kz.«Көші-қон» жедел шарасы кезінде әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін 6 шетел азаматы жауапкершілікке тартылды.Ақтөбе қаласы мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысын орындамай жүрген Өзбекстан Республикасының 1 азаматының үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Сұрақтар мен жауаптар

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 22 февраля 2018 в 05:12

Сұрақтар мен жауаптар Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев есепті баяндамасынан кейін тұрғындардың сауалына жауап берді. Ғалым Дәулеталин, облыстық ішкі істер департаменті ардагерлер кеңесінің төрағасы:— Облыста 92 мыңнан астам адардагер бар. Соның 60 мыңға жуығы Ақтөбе қаласында тұрады. Сондықтан қаламызда Ардагерлер үйін салып беруіңізді сұраймын.

Ұшақ апатына байланысты Оренбургте 12 ақпан қаралы күн деп жарияланды

Источник: Zakon.kz Дата: 12 февраля 2018 в 09:59

Ұшақ апатына байланысты Оренбургте 12 ақпан қаралы күн деп жарияланды Мәскеу маңында болған ұшақ апатына байланысты Ресейдің Оренбург облысында 12 ақпан қаралы күн деп жарияланды, деп хабарлайды Хабар 24.Соңғы мәліметтерге қарағанда «Саратов әуекомпаниясына» тиесілі Ан-148 ұшағында болған 71 адамның барлығы қаза тапқан. Алдын ала болжам бойынша, құрбандардың үшеуі – бұғанасы қатпаған бала.

Облыс әкімі Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаевтың «2017 жылдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және 2018 жылға арналған міндеттері туралы» есебіне тезистері

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 10 февраля 2018 в 09:52

Облыс әкімі Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаевтың «2017 жылдың  әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және 2018 жылға арналған  міндеттері туралы» есебіне тезистері Құрметті жерлестер!2017 жылы біздер облыстың серпінді экономикалық өсімін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасын орындадық.Барлық ақтөбеліктердің тегеурінді еңбегінің және бірлескен күш-жігерінің арқасында өңірдің серпінді дамуына қол жеткізілді.Біздің облыс барлық негізгі көрсеткіштер бойынша республикада жетекшілердің бірі болды.2018 жылға берік негіз қаланды – одан әрі белсенді түрде әлеуметтік — экономикалық және рухани даму үшін барлық жағдай жасауға мүмкіндік жасалды.Біздің міндетіміз — 2018 жылы ақтөбеліктердің тұрмыс деңгейін жақсарта түсу үшін одан анағұрлым күш-жігер жұмсау болып табылады.Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында белгілеген нақты басымдықтар ағымдағы жылға бағдар болады.Бұл есепте өткен жылдың негізгі жетістіктері мен ағымдағы жылғы алда тұрған міндеттер көрсетіледі.ОБЛЫСТЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ2017 жылдың қорытындысы бойынша өңір экономикасының өсімі 5% құрады, бұл облыстың серпінді дамуының (салыстыру үшін алғанда, 2016 жылы 1% ғана) нақты белгісі болып табылады.Бұған барлық әлеуметтік–экономикалық көрсеткіштер бойынша өсімнің қанаттандырарлық серпінін қамтамасыз етудің арқасында қол жеткізілді.Ағымдағы жылы экономикалық өсім ырғағын 5% деңгейінде сақтап қалу міндетін алдымызға қойып отырмыз.Бұл облыс экономикасының негізгі салаларын: өнеркәсіпті, сауданы, ауыл шаруашылығын, құрылысты, шағын және орта бизнесті дамыту және жаңа технологияларды енгізу есебінен қамтамасыз етілетін болады.Инфляция деңгейі 106,4% деңгейінде қалыптасты, бұл республика бойынша ең төмен көрсеткіш болып табылады.Облыс тұрғындарының табыстары ұлғайды.Мәселен, облыс тұрғындарының орташа айлық жалақылары — 137,6 мың теңгеге жетіп, 9,2% құрады.Ағымдағы жылы облыстың ірі кәсіпорындарының басшылығымен өндірістік персонал жалақыларын 15%-дан төмен емес деңгейде көтеру жөнінде жекелей жұмыстар жүргізілуде, ол қисынға келтірілетін болады.БЮДЖЕТБіздің облысымыз 2017 жылдың қорытындысы бойынша шоғырландырылған бюджетке түсімнің рекордтық деңгейін — 472 млрд теңге (2016 ж. – 344 млрд теңге) қамтамасыз етті.Бұған қоса 100,7 млрд теңге жергілікті бюджетке түсті, бұл 2016 жылғы деңгейден 4,4 млрд теңгеге (2016 ж. – 96,3 млрд. теңге) артық.Салық салынатын базаны кеңейту жөнінде үлкен жұмыс жүргізілді, соның есебінен бюджетке қосымша 4 млрд теңге іздестіруге мүмкіндік жасалды.2018 жылы қосымша кемінде 4,5 млрд теңге іздестіруді жоспарлап отырмыз.Жалпы, бюджетке қосымша түсімдер түсуін қамтамасыз ету есебінен біздер 2017 жылы облыстың шығыстарын 32 млрд теңгеден 226,5 млрд теңгеге дейін ұлғайта алдық.Бұл жұмыс 2018 жылы жалғастырылатын болады.ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛАР2017 жылы өңір өнеркәсібінің өсімі 5% қамтамасыз етілді, рекордтық сома — 1,55 трлн теңгенің (2016 жыл – 1,2 трлн теңге) өнімі шығарылды.Өсім өңдеуші өнеркәсіп орындарын дамыту есебінен қамтамасыз етілді, олардың өсімі 7,9% немесе 527 млрд теңге құрады.Сөйтіп, біздің өңір мұнай–газ саласына тәуелділікті төмендете отырып, табысты әртараптануда.Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы ауқымында 2017 жылы 20 млрд теңгеге облыстың 20 кәсіпорнын жаңғырту жүргізілді.Бұл олардың бәсекеге қабілеттілігін, еңбек өнімділігін 10% көтеруге, өнімінің өзіндік құнын 2% және жарақат алушылықты 5% төмендетуге мүмкіндік берді.Сондай-ақ біздің өңір тартылған инвестициялар көлемінің ырғағы бойынша елімізде көшбасшылардың бірі болды.Облыстың экономикасына 437 млрд теңге инвестиция тартылды, бұл 2016 жылғы деңгейден 63 млрд теңгеге (НҚИ өсімі – 11,6%) артық.Бұған қоса маңызды дерек — тартылған инвестицияның 70%-дан астамы жеке сектор субъектілерінің жеке қаржылары болып табылады.Біздер 2018 жылға өзіміздің алдымызға мынадай міндеттер қойып отырмыз:Мысалы, өндірісте хром қосындылары өндірісін, жаңартылатын энергия көздерінің технологиясын, сондай-ақ мұнай-газ саласында жылу алу үшін жағып жіберу әдісі бойынша қалдықтарды өңдеу және кәдеге жарату процесін жақсарту үшін инновациялық сутегі двигательдерін енгізу жоспарлануда.Ауыл шаруашылығы саласында биологиялық отын (биогаз) алуда израильдік технологияны енгізу жоспарлануда, бұл түрлі қалдықтарды алдын ала дайындамастан-ақ экологиялық жағынан таза өңдеуге мүмкіндік береді.Индустриялық–инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасыМемлекеттік бағдарламаның 2–бесжылдығы ауқымында облыста 127 млрд теңгенің инвестиция көлемі бар, 1,9 мың жұмыс орны ашылатын 17 жоба іске асырылады.2017 жылы 5,6 млрд теңгенің 4 жобасы іске асырылды, 170 жұмыс орны ашылды, солардың ішінде мұнай–газ жабдықтары мен құбырларын өндіру жөніндегі зауыт — «Мұнай жабдықтарының Қазақстандық зауыты» ЖШС.Қытай «Shengyuan Technology Co., Ltd» АҚ компаниясы инвестор болды, олар жобаға 5 млрд теңге салды және 60 жаңа жұмыс орнын ашты.2017 жылы картадан тыс 430-дан астам жұмыс орнын аша отырып, 21 млрд теңгенің 8 жобасы іске асырылды.Мысалы, «Greenhouse Kazakhstan» ЖШС жоғары технологиялы жылыжай кешені енгізілген ірі жобалардың бірі болды.

Қатар ұшқан құс еді

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 08 февраля 2018 в 02:22

Қатар ұшқан құс еді Белгілі журналист, қарымды қаламгер Әмір Оралбай 1981 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген соң еңбек жолын қазіргі Мұғалжар аудандық газетінде бастады. Ұзақ жылдар республикалық «Лениншіл жас», «Егемен Қазақстан» газеттерінің меншікті тілшісі қызметін атқарды. Облыстық «Ақтөбе», «Актюбинский вестник» газеттерінде басшылық қызметте болды.Әріптесіміздің өмірден озғанына он жыл өтіпті.

Тоқсанның тұғырында

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 08 февраля 2018 в 02:22

Тоқсанның тұғырында Еліміз Тәуелсіздік алғалы әлемнің әр аймағында тарыдай бытырап жүрген талай қандасымыз өзінің атажұртына, кіндік қаны тамған туған жеріне оралды. Соның бірі — сонау отызыншы жылдардың ашаршылығы мен байларды тәркілеу саясаты тұсында Ақтөбенің Табын ауданынан (қазіргі Байғанин) әулетімен жат жерге кеткен екі жасар сәби Мүсіран Қиынбаев еді. Қарақалпақ елін паналаған сол сәби ұмтылып өсіп, еңбек жолын ұжымшардың есеп қызметкері болып бастап, Қарақалпақ АССР-ы Министрлер Кеңесі Төрағасының бірінші орынбасары — Агроөнеркәсіп кешені комитетінің төрағасы лауазымына дейін көтерілді. Қарақалпақ ішіне сіңісіп, абырой, бедел тапты.

Өзбекстан шетел азаматтары үшін визасыз режим енгізеді

Источник: Zakon.kz Дата: 05 февраля 2018 в 09:39

Өзбекстан шетел азаматтары үшін визасыз режим енгізеді Өзбекстан бірқатар елдің азаматтарына визасыз режим енгізбек, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев 10 ақпаннан бастап Түркия, Индонезия, Оңтүстік Корея, Малайзия, Сингапур, Жапония және Израиль азаматтарына 30 күндік визасыз режим енгізу туралы жарлыққа қол қойды.Режим елге тұрақты рейс жасайтын әуе компаниялары ұшақтарының экипажына да қолданылады.Бұдан тыс, жарлық 39 елдің азаматтарына туристік виза алу тәртібін жеңілдетуді көздейді.

Мерзімі өткен берешектің көлемі 24 миллиард теңгеге жетті

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 01 февраля 2018 в 01:42

Мерзімі өткен берешектің көлемі 24 миллиард теңгеге жетті Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша облыста мерзімі өткен берешектің көлемі 1,3 пайызға өсіп, 24 миллиард теңгеге жеткен. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Ақтөбе филиалының директоры Перизат Әсімбетова мәлімдеді.Өткен жылдың қорытындысы бойынша, жылдық инфляция 7,1 пайыз болды, бұл 2017 жылғы 6-8 пайыз нысаналы дәлізге сәйкес келеді.

Жезқазған ІІБ басшылығы шетелдіктен 10 бөтелке коньяк талап еткен

Источник: Zakon.kz Дата: 29 января 2018 в 16:09

Жезқазған ІІБ басшылығы шетелдіктен 10 бөтелке коньяк талап еткен Жезқазған Ішкі істер басқармасы көші-қон қызметінің бөлім бастығы және Жезқазған ІІБ бастығының орынбасары шетелдік азаматтан пара алғаны үшін әрқайсысы 7 миллион теңгеден айыппұл төлеуге міндеттелді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.Соттың анықтауынша, көші-қон қызметінің бөлім бастығы құрылыста жұмыс істеуге келген Өзбекстанның он үш азаматын, сондай-ақ оларды қабылдап алатын тарапты жүзбе-жүз көрместен, шетелдіктерді «ТМД азаматтарын тіркеу журналына» тіркеген.Оның үстіне, қабылдап алатын тарап жалған болып шыққан.

Қысқы жолдың тосын оқиғаларына жол берілмейді

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 25 января 2018 в 10:02

Қысқы жолдың тосын оқиғаларына жол берілмейді Кеше облыс әкімінің тапсырмасымен қысқы жағдайда жолдардағы оқыс оқиғалардың алдын алуға байланысты жоспарлы шаралардың жүзеге асырылуы пысықталды. Самара — Шымкент күре жолында өткен көлік қозғалысын бақылау шарасына облыс әкімінің орынбасары Серік Төленбергенов қатысты. Алдын ала ауа райын болжау орындарының хабарлағанындай, терістіктен соққан жел көтеріліп, аязды күшейтіп тұрды.

Халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзған шетел азаматтары жауапкершілікке тартылды

Источник: Zakon.kz Дата: 11 января 2018 в 10:09

Халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзған шетел азаматтары жауапкершілікке тартылды Ақмола облысы Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында 2018 жылдың басынан төрт шетел азаматына қатысты Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік істер қаралған. Олардын ішінде Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Қырғызстан және Грузия Республиқаларының азаматтары, деп хабарлайды zakon.kz, Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап.

Ақтөбеде 63 жастағы азаматша жыныстық қатынастан жұқпалы ауру жұқтырған

Источник: Zakon.kz Дата: 09 января 2018 в 09:29

Ақтөбеде 63 жастағы азаматша жыныстық қатынастан жұқпалы ауру жұқтырған Ақтөбеде зейнет жасындағы әйел адамның азаматтық некедегі жолдасынан қауіпті дерт жұқтырғаны белгілі болды, — деп хабарлайды Аktobenews.kz.«63 жастағы әйел адам күйеуінен вич инфекциясын жұқтырған. Кейін тексеріс кезінде анықталғандай, ер адамның есірткі затын қолданатыны белгілі болды. Инфекция әйелге жыныстық қатынас кезінде жұққан.

Моңғолиялық қазақ суретшінің сызған суреті 5 млн төгрөгке сатылды

Источник: Zakon.kz Дата: 03 января 2018 в 17:19

Моңғолиялық қазақ суретшінің сызған суреті 5 млн төгрөгке сатылды Баян-Өлгей аймағының жас суретшісі Қайрат Аятұлының сызған Моңғолия президенті Халтмаагийн Баттулганың суреті жаңа жыл қарсаңындағы бәссаудада 5 млн төгрөгке (700 мың теңге) сатылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі жергілікті МОНЦАМЭ сайтына сілтеме жасап.Соңғы кезде кескіндеме өнеріне жаңалық ретінде енген шеге мен тігін жібі арқылы сызылатын бұл жанрдың аты – стринг арт.Моңғолия президентінен бөлек, «Абай», «Қазақ батыры», «Тұлпар» қатарлы стринг арт жанрымен салған суреттері арқылы танымал кескіндеме өнерінің шебері өз туындысы жайлы пікір білдірді.«Стринг арт арқылы қырғызстандық суретші Азамат Жаналиев біздің елдің президентінің бейнесін салыпты дегенді естідім.

Алматылық такси жүргізушісі америкалықтан жолақыға 40 мың теңге алған

Источник: Zakon.kz Дата: 28 декабря 2017 в 10:09

Алматылық такси жүргізушісі америкалықтан жолақыға 40 мың теңге алған Алматы қаласы Медеу ауданының полицейлері АҚШ азаматының ақшасын қайтаруға көмектесті. Жеке тасымалдаушы шетелдіктен Алматы халықаралық әуежайынан «Қазақстан» қонақүйіне дейін 40 мың теңге алған, -деп хабарлады stan.kz ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.«Қонақ үй қызметкерлері дабыл қағып, «102» пультіне болған жайтты хабарлады.

Сот процесі жалғасып жатыр

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 28 декабря 2017 в 05:02

Сот процесі жалғасып жатыр Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Ағайынды төртеу» деп аталатын қылмыстық топқа қатысты сот процесі ашық түрде жүріп жатыр. Облыстық сот мамандарының мәліметінше, «Ағайынды төртеуге» қатысты сот процесі күн сайын ашық түрде өтуде. Тек қылмыстық топтың басшысы Еркін Ізбасардың денсаулығы сыр берген жағдайда ғана сот процесі кейінге шегеріледі.Кеше түстен кейін сот ғимараты залында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті мамандарының айыпталушы Аухат Қалиев және тағы екі адамды Алматы тасжолы бойында ұстау шарасына қатысты бейнетүсірілім көрсетілді. Қауіпсіздік комитетінің мамандары «Lexus» маркалы көлікті тізгіндегендердің жеке заттарымен қоса, тапанша мен шетел валютасын тәркіледі.
Показано 30 новостей из 205