Популярные темы

«Титаник», «Тақтар ойыны» қобыз үнімен. Қазақстандық музыкант қазақ аспабын әлемге танытқысы келеді 29 декабря 2021, 18:19

Дата: 29 декабря 2021 в 18:23 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша



Стоковые изображения от Depositphotos

Қазақстандық музыкант Әділет Азбаев әлеуметтік желілерде әлемге белгілі фильмдерің саундтрегі мен басқа да танымал музыкаларды қобызбен ойнайды. Бұл арқылы ол қобыздың танымалдығын арттырғысы келеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әділет Азбаев — қобызшы, дирижёр. Ол Қазақстан Қарулы күштерінің Ұлттық әскери патриоттық орталығында әскери музыкант. Одан бөлек, алматылық жігіт Instagram-дағы парақшасында «Титаник», «Тақтар ойыны» сынды танымал фильмдер мен сериалдардың саундтрегін, түрлі классикалық шығармалар мен шетел музыкасын қыл қобызбен ойнайды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Адлет Азбаев | қобыз (@adilet_azbayev)

Видеолар арасында қар, жел, есіктің дыбысын қобыздың үнімен естуге де болады. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Адлет Азбаев | қобыз (@adilet_azbayev)

«Мақсатым — адамдарға қобызбен керемет күйлерден бөлек, әр түрлі бағыттағы музыканы ойнауға болатынын, оның дыбыс ерекшелігі мен мүмкіндіктері өте үлкен екенін көрсету және оған қызығушылықты арттыру. Қобызды жастардың тілінде сөйлету арқылы, оның танымалдық рейтингін өсіру», — дейді музыкант. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Адлет Азбаев | қобыз (@adilet_azbayev)

Әділет Азбаев парақшасына осындай музыканы жариялап жүргеніне көп уақыт болмаса да, соның өзінде-ақ қобызға қызығатындар саны артқанын байқайтынын айтып отыр. Шетел азаматтары да жылы лебіздерін білдіріп, қобыз үйренгісі келетінін жазады екен. 

«Мұны «бұл музыканы қобызбен ойнауға болатынын білмеппін, я осы фильм мен оның музыкасын жақсы білемін, бірақ қобыз аспабында осыншама әдемі шығатынын білмеппін» деген сияқты әр түрлі жақсы пікірлерден байқаймын. Бұл менің жасап жатқан жұмысымның дұрыстығына сенім береді», — дейді ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Адлет Азбаев | қобыз (@adilet_azbayev)

Шетел азаматтары да жылы лебіздерін білдіріп, тіпті кейбірі қобыз үйренгісі келетінін жазады екен. 

«Музыканттардың арасында бірге коллаборация жасауға әр түрлі ұсыныстар мен өтініштер келіп жатады. Бұл дегеніміз біздің аспап шетелдіктерге, бүкіл әлемге өте қызық екенін және аспабымыздың болашағы зор екенін көрсетеді», — дейді Әділет. 

По сообщению сайта Tengrinews

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями