Популярные темы

Қазақстанда шетелдік беделді университеттердің бес бөлімшесі ашылады — Аймағамбетов 01 февраля 2022, 10:02

Дата: 01 февраля 2022 в 10:13 Категория: Новости науки


Қазақстанда шетелдік беделді университеттердің бес бөлімшесі ашылады - Аймағамбетов
                01 февраля 2022, 10:02
Стоковые изображения от Depositphotos

Президенттің тапсырмасы бойынша Қазақстанда шетелдік беделді университеттердің бес бөлімшесі ашылады. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Министрдің сөзінше, бүгінде елімізде Де Монфорт (De Montfort University) университетінің бөлімшесі ашылған.

«Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін Аризона университетіне сенімгерлік басқаруға беру бойынша тиісті жұмыс жүргізіліп жатыр. Оған қоса техникалық бағыттар бойынша Ресейдің үздік техникалық ЖОО-ларының бөлімшесін ашу бойынша келіссөздерді бастап кеттік. Одан бөлек, тағы бір ұлыбританиялық университеттің бөлімшесін ашу бойынша келіссөздер жүріп жатыр. Батыс өңірлерде де жетекші техникалық университеттердің бөлімшесін ашу бойынша жұмыс жүріп жатыр», — деді Аймағамбетов. 

Еске салайық, Президент Қасымж-Жомарт Тоқаев 11 қаңтарда онлайн өткен Мәжіліс отырысында 2025 жылға дейін елімізде беделді шетел университеттерінің кем дегенде 5 филиалын ашу керегін айтқан болатын. Оның ішінде, еліміздің батысында техникалық университеттердің екі филиалы ашылуы тиіс екені де айтылған.

По сообщению сайта Tengrinews

Тэги новости: Новости науки
Поделитесь новостью с друзьями