Sports.kz,
12 апреля 2026
в 03:19
Казахстанский боец ММА Еркебулан Токтар отреагировал на слова кыргызстанца Марселя Нурланбек уулы после дуэли взглядов с тренером по боксу Мухитом Амантаевым, сообщает Sports.kz.«Ууууу, „атаңның басы« — слова, которые ты говорил после победы над „Мотиватором« о том, что 80 процентов казахстанцев тебя поддерживают, здесь не пройдут.
SportInfo,
10 апреля 2026
в 13:36
Қазақстандық боксшы Сабыржан Аққалықов Ұлан-Батырда (Моңғолия) өтіп жатқан Азия чемпионатында жеңімпаз атанды. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz сілтеме жасап хабарлайды. Жерлесіміз 75 келіге дейінгі салмақтың ақтық сынында өзбекстандық Жавохир Абдурахимовпен қолғап түйістірді. Бірінші үшминуттықта Сабыржан 4:1 есебімен басым түсті.
SportInfo,
08 апреля 2026
в 21:16
Қазақстандық балуан Ибрагим Магомадов грек-рим күресінен Бішкекте (Қырғызстан) өтіп жатқан Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz сілтеме жасап хабарлайды. Отандасымыз 82 келіге дейінгі салмақта қытайлық Руи Люмен қола медальді сарапқа салды. Алғашқы үшминуттықта Қытай балуаны 1:0 есебімен басым түсті.
Vera.kz,
07 апреля 2026
в 07:59
Қазақстан Премьер-лигасының төртінші турында шымкенттік «Ордабасы» мен «Атырау» арасындағы матч 1:1 есебімен аяқталды, деп хабарлайды vera.kz.Формалды түрде алаң иелері ойынның соңында есепті теңестіріп, жеңілістен «құтылды». Алайда ойынның мәнісі мен соңғы сәттерде қабылданған шешімдер онсыз да азаймай тұрған сауалдарды көбейтіп жіберді.Матчтың негізгі эпизодтарында төрешілердің қос шешімі ойын нәтижесіне қатты әсер етті.
Arna Press,
03 апреля 2026
в 13:58
Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданындағы Бозша ауылы «Ішімдіксіз ауыл» бастамасына қосылып, өңірде алкоголь өнімдерін сатудан толықтай бас тартқан 26-шы елді мекенге айналды, деп хабарлайды Arnapress.kz polisia.kz сілтеме жасап.Бұл бастама ауыл тұрғындарының бірауыздан қолдауына ие болды. Игі ұсынысты алғаш болып ауыл жастары көтеріп, оны ақсақалдар мен қарияларға жеткізген.
Arna Press,
02 апреля 2026
в 12:08
Абай облысында адам саудасы ісі бойынша үкім шықты6 деп хабарлайды Arnapress.kz облыстық сотқа сілтеме жасапАягөз аудандық сотында бірнеше адамды алдау және сенімге кіру арқылы еңбекке жіберу фактілері қаралды. Сот мәліметінше, айыпталушы 2024–2025 жылдары әлеуметтік осал азаматтарды тауып, жұмысқа орналастыру сылтауымен шаруа қожалықтарына жіберген.
Arna Press,
31 марта 2026
в 15:38
Алматы қаласында қылмыстық іс аясында күдікті ұсталды. Бұл туралы Қазақстан Бас прокуратурасы мәлімдеді деп хабарлайды Arnapress.kz.Ведомствоның хабарлауынша, тергеу әрекеттері барысында ҚР ҚПК-нің 128–131-баптарына сәйкес С. Бокаев ұсталған.Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ол әлеуметтік желілерде жалған ақпарат таратып, қоғамда теріс пікір қалыптастыру мақсатында бейнематериалдар жариялаған деген күдікке ілінді.
SportInfo,
23 марта 2026
в 01:06
Англия лигасы кубогының финалы «Манчестер Ситидің» жеңісімен аяқталды. «Уэмбли» стадионында өткен кездесуде Пеп Гвардиола баптайтын ұжым «Арсеналдан» 0:2 есебімен басым түсті. Матч тағдырын екінші таймдағы қысқа ғана аралық шешті. Нико О’Райли бірнеше минут ішінде ойын бағытын өзгертіп жіберді: алдымен ол сәтті шабуылды голмен аяқтаса, араға көп уақыт салмай дубль авторы атанды.
SportInfo,
20 марта 2026
в 03:26
Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов наурыз айында өтетін FIFA Series 2026 турниріне арналған ойыншылардың нақты тізімін жариялады. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі ҚФФ-ға сілтеме жасап хабарлайды. Тізімге 26 футболшы енді: Қақпашылар: Темірлан Анарбеков («Қайрат»), Мұхамеджан Сейсен («Астана»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»). Қорғаушылар: Сергей Малый («Ордабасы»), Александр Мрынский, Александр Широбоков, Еркін Тапалов (бәрі – «Қайрат»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Ян Вороговский, Әлібек Қасым (екеуі де – «Астана»), Арсен Әшірбек («Елімай»), Мейрамбек Қалмырза («Тобыл»), Әділет Кеңесбек, Сағи Совет (екеуі де – «Қайсар»).
Arna Press,
18 марта 2026
в 11:28
17 наурыз күні кешкі сағат 20:00 шамасында кол-орталыққа Гастелло көшесіндегі өндірістік цехты су басты деген хабарлама түскен, деп хабарлайды Arnapress.kz полиция департаментіне сілтеме жасап.Алайда оқиға орнына жедел жеткен қызметтер ақпараттың шындыққа жанаспайтынын анықтады — су басу дерегі тіркелмеген.Тексеру барысында бұл хабарламаға негіз болған фотосуреттердің жасанды интеллект көмегімен жасалғаны белгілі болды.
SportInfo,
16 марта 2026
в 11:46
АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында маусымның ең ірі теннис турнирлерінің бірі мәресіне жетті. Әлемнің екінші ракеткасы, қазақстандық Елена Рыбакина титул үшін таласта рейтинг көшбасшысы Арина Соболенкоға жол берді. Үш сағатқа жуық уақытқа созылған бұл матч турнирдің нағыз көркіне айналды. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі ҚТФ сілтеме жасап хабарлайды.
SportInfo,
12 марта 2026
в 04:16
Чемпиондар лигасының 2025/2026 жылғы маусымындағы 1/8 финалдың кезекті алғашқы матчтары да жарқын нәтижелермен есте қалды. Автор: Дамир Кульбаев. Леверкузендегі «БайАренада» өткен кездесуде германиялық «Байер» мен лондондық «Арсенал» 1:1 есебімен тең түсті. Есеп 46-шы минутта Роберт Андрихтің голынан кейін ашылды.
Arna Press,
10 марта 2026
в 20:08
Әлеуметтік желілерде Семей қаласында су басу жағдайына қатысты тұрғындардың шағымдары көбейіп жатыр, деп хабарлайды Arnapress.kzЖеліде тараған жазбалардың бірінде қала тұрғыны өзі тұратын үйдің шатыры ағып, пәтерін су басып жатқанын айтып, көмек сұраған. Оның айтуынша, ол Дулата Бабатайұлы көшесіндегі көпқабатты үйдің 10-қабатында тұрады. Қазіргі уақытта төбеден су ағып, пәтердің бірнеше бөлмесіне — ванна, зал және дәлізге су кетіп жатқанын жеткізген.Сондай-ақ тұрғын үйінде кішкентай екі баласы бар екенін айтқан.
Arna Press,
10 марта 2026
в 14:28
Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов құрылыс саласын цифрландыруды жеделдетіп, заманауи цифрлық шешімдерді енгізу қажеттігін атап өтті. Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды, деп хабарлайды Arnapress.kz.Премьер-министрдің айтуынша, заңнаманы жаңартумен қатар құрылыс саласын цифрлық форматқа көшіру жұмыстары жүргізілуде.
Arna Press,
09 марта 2026
в 15:08
2026 жылғы 7 наурыздан бастап Қазақстанда медицина қызметкерлерін қорғауға бағытталған заңнамалық өзгерістер күшіне енді деп хабарлайды Arnapress.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап. Бұл өзгерістер дәрігерлерге, фельдшерлерге және жедел жәрдем қызметкерлеріне қарсы күш қолданғандарға жазаны күшейтуді көздейді.Жаңа нормаға сәйкес, медицина қызметкеріне қызметтік міндетін атқарып жүрген кезде қорқыту немесе күш көрсету қылмыстық жауапкершілікке әкеледі.
Arna Press,
05 марта 2026
в 17:18
5 наурызда премьер-министр республикалық штаб отырысының қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға су тасқыны қаупіне байланысты бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды Arnapress.kz. Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасапҮкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында мұз қабатының қалыңдығы 4 сантиметрге дейін жетіп, топырақтың 2 метрге дейін қатқаны байқалғанын айтты.Премьер-министр экология министрлігіне гидрологиялық мониторинг жүргізіп, ауа райына қатысты ескертулерді дер кезінде жеткізуді тапсырды.
Arna Press,
03 марта 2026
в 11:38
Абай облысы әкімінің төрағалығымен көктемгі су тасқынына дайындық шаралары бойынша арнайы жиын өтті деп хабарлайды Arnapress.kz облыс баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Кеңеске тиісті басқарма басшылары мен департамент жетекшілері қатысты. Аудан және қала әкімдері бейнережим арқылы қосылды. Күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша Қазгидромет РМК Абай облысы бойынша филиалының директоры Ляззат Болатқан, жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Ақылжан Ақылбеков, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мерей Байырхан және ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Мирас Тоқтарханов баяндама жасады.
Arna Press,
02 марта 2026
в 20:38
Шығыс Қазақстандағы Алтай ауданы Октябрьский кентінде екінші республикалық «Бұқтырма балықшысы – 2026» мұз үсті балық аулау фестивалі өтті деп хабарлайды Arnapress.kz облыстың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Ауқымды шараға 300-ден астам адам жиналса, жарысқа ресми түрде 250 балықшы қатысты. Қатысушыларды Нұрымбет Сақтағанов құттықтап, өңірде ішкі туризмді дамыту мен бұқаралық спортты қолдаудың маңызын атап өтті.Жарыс қорытындысы бойынша бас жүлдені Роман Иванов иеленіп, 500 мың теңге ұтып алды.
Akorda.kz (KZ),
26 февраля 2026
в 23:26
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
Arna Press,
20 февраля 2026
в 14:28
Абай облысы аумағында салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған игі бастамалар жүйелі түрде жалғасып келеді. Соның нақты дәлелі – Шар қаласына қарасты Көшек ауылы тұрғындарының «Алкогольсіз ауыл» республикалық жобасына бірауыздан қосылуы деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысы полиция департаментіне сілтеме жасап2026 жылғы 16 ақпанда өткен жалпы ауылдық жиында Көшек ауылы ресми түрде «салауатты ауыл» мәртебесіне ие болды. Іс-шара Жарма ауданы аумағындағы мектеп ғимаратында ұйымдастырылып, оған құқық қорғау органдарының, мемлекеттік мекемелердің, білім беру саласының және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, ауыл ақсақалдары мен жастары қатысты.Көшек — 40 ауладан тұратын, 170 тұрғыны бар шағын әрі берекелі елді мекен.
Arna Press,
20 февраля 2026
в 13:28
Түркістан облысында Бәйдібек аудандық білім бөлімінің лауазымды тұлғаларына қатысты бюджет қаражатын жүйелі түрде жымқыру фактісі бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі сілтеме жасапҚаржылық мониторинг агенттігінің Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған мәлімет бойынша, тергеуді ҚМА-ның Түркістан облысы бойынша департаменті жүргізген. «Басшылар, бухгалтерлер және экономистерді қоса алғанда 18 лауазымды тұлға жалақы мен өзге де төлемдерге арналған бюджеттік өтінімдерді негізсіз ұлғайту арқылы ауданның 49 жалпы білім беретін мектеп қаражатын иемдену схемасын ұйымдастырған.
Arna Press,
19 февраля 2026
в 17:18
Редакцияға Семей қаласының бірқатар тұрғындарынан, әсіресе 1-4 сынып оқушыларының ата-аналарынан мектепте тегін ұсынылатын ыстық тамақтың дәміне қатысты өтініштер мен шағымдар түскен еді. Олардың айтуынша, бастауыш сыныптағы кей балалар асхана тағамын «дәмсіз» деп бағалап, ішуден немесе жеуден бас тартатын жағдайлар кездеседі.Осыған байланысты Arnapress.kz тілшісі қалалық білім бөліміне ресми сұрау жолдаған болатын.
EKaraganda.kz,
17 февраля 2026
в 15:45
Сейчас в Казахстан заглядывают с концертами немало звёзд мирового уровня – и Дженнифер Лопес приезжала, и Backstreet Boys, и даже Мэрилин Мэнсон с Тилем Линдеманом, не говоря уже об исполнителях из ближнего зарубежья. В Караганду на День шахтёра пригласили Zivert, а по осени концерт дала Диана Арбенина.
Arna Press,
16 февраля 2026
в 14:58
Абай облысының бас имамы Асқар Әбітайұлы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында биылғы Рамазан айына қатысты мәлімдеді деп хабарлайды Arnapress.kzИмамның айтуынша, биылғы қасиетті Рамазан айы 19 ақпан күні басталады. Ораза 29 күнге созылады. Қадір түні 16 наурыздан 17 наурызға қараған түнге сәйкес келеді.
Akorda.kz (KZ),
14 февраля 2026
в 20:06
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
SportInfo,
14 февраля 2026
в 18:06
Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындары аясында әйелдер арасында параллельді могул жарысы өтті. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz сілтеме жасап хабарлайды. Аталған бағдарламада Қазақстан құрамасының атынан Анастасия Городко, Юлия Галышева және Аяулым Әмренова өнер көрсетті. Үш спортшының ішінде жарыста ең жоғары нәтижеге Анастасия Городко қол жеткізді.
EKaraganda.kz,
13 февраля 2026
в 10:05
В Казахстане 13 февраля традиционно проходит под знаком социально-экономических обсуждений: в разные годы в этот день принимались решения, связанные с развитием регионов, промышленности и инфраструктуры.В стране продолжается реализация программ по модернизации образования и цифровизации госуслуг, что остаётся одним из ключевых приоритетов государственной политики.В культурной сфере внимание уделяется сохранению национального наследия, поддержке казахстанских авторов, артистов и научных деятелей.События в мире13 февраля во многих странах отмечается Всемирный день радио, учреждённый ЮНЕСКО.
Arna Press,
12 февраля 2026
в 18:18
Семей қаласында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Жедел басқару орталығы тәулік бойы жұмыс істейді. Бұл туралы Arnapress.kz тілшісі сұрағына Жедел басқару орталығының кезекші бөлімінің ұйымдастырушысы және бақылау тобының инспекторы, полиция майоры Кәкіжанов Дидар Сайлауханұлы жауап берді.Оның айтуынша, орталықтың негізгі міндеті — қаладағы жедел жағдайды үздіксіз бақылау, бейнебақылау камералары арқылы ақпарат жинау және полиция күштерінің жұмысын үйлестіру.«Қазіргі таңда қала аумағында 3007 цифрлық бейнекамера орнатылған.
Arna Press,
11 февраля 2026
в 17:08
Керекулік 9 тіл меңгерген, полиглот Айханым Окасова 17 жасында өз еңбегі арқылы бастапқы жарна жинап, Астана төрінен пәтер алғанын Arnapress.kz тілшісіне айтып берді. Айханым өз қуанышымен және алдағы жоспарларымен бөлісті.«Мен қарапайым отбасында өстім. Бүгінгі жетістіктерімнің артында үлкен еңбек пен отбасымның, әсіресе анамның қолдауы тұр.
Arna Press,
11 февраля 2026
в 12:28
2026 жылғы 10 ақпан бойынша Семей қаласында көшедегі жарақаттар бойынша жедел медициналық жәрдем станциясының пультіне 89 өтініш түсті деп хабарлады Arnapress.kz тілшісіне қалалық жедел медициналық жәрдем беру ауруханасы«81 ересек және 8 бала травматологиялық пункттерге жеткізілді. ШЖҚ на КМК «ЖМЖА»-на 115 науқас тіркелген, олардың ішінде 54 адам жедел жәрдем бригадасы арқылы жеткізілді, 61 адам өз бетімен келген.