Стоковые изображения от Depositphotos
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) бүгін, 2024 жылғы 25 шілдеде мас күйінде көлік жүргізіп отырғанда ұсталған Қостанай облысының бас имамы Бақытбек Тәжімбетке қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Әлеуметтік желілерде Қостанай облысының имамы Бахытбек Тәжімбеттің 2024 жылдың 23 шілдесінде Ақмола облысының Бурабай кентінде автокөлігін масаң күйде жүргізіп, жол ережесін бұзғаны туралы ақпарат тарады.
Діни басқарманың қызмет жүйесінде заң нормаларын және дін қызметкері этикасын өрескел бұзатын жеке тұлғалардың діни салада жұмыс істеуіне моральдық тұрғыдан құқығы жоқ. ҚМДБ дін қызметкеріне лайықсыз әрекет жасаған Бахытбек Тәжімбетті Қостанай облысының бас имамы қызметінен босатты. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы болған оқиғаны үлкен өкінішпен қабылдап, еліміздегі мұсылман жамағатынан кешірім сұрайды. Алла Тағала баршамызды жамандық пен өкінішті істерге жетелейтін нәпсі қалауының кесірінен сақтағай, — делінген Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы таратқан хабарламада.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы болған оқиға үшін елдегі мұсылман қауымынан кешірім сұрады.
По сообщению сайта Arna Press