Популярные темы

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕР

Дата: 01 июля 2024 в 18:18 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕР
Стоковые изображения от Depositphotos Мемлекеттік қызметкер — мемлекеттік органда белгіленген тәртіппен ақы төленетін қызметті иеленген және мемлекеттің міндеттері мен қызметін іске асыру мақсатында қызметтік өкілеттігін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы. Мемлекеттік қызметкерлер екі түрге бөлінеді: саяси және әкімшілік қызметкерлер. Саяси-мемлекеттік қызметкер — тағайындалуы (сайлануы), қызметтен босатылуы және қызметінің айқындаушы-саяси сипаты бар және саяси мақсаттар мен міндеттерді іске асыруға жауапты мемлекеттік қызметкер. Мысалы, премьер-министр, министрлер, агенттіктердің төрағалары, әкімдер. Әкімшілік-мемлекеттік қызметкер — мемлекеттік саяси қызметкерлер қатарына кірмейтін, мемлекеттік органда тұрақты кәсіби негізде қызметтік өкілеттігін жүзеге асыратын мемлекеттік қызметкер. Мысалы, сот орындаушысы, сот мәжілісінің хатшысы, аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі және басқалары. Мемлекеттік қызмет мынадай қағидаттарға негізделеді:
заңдылык; патриотизм, отансүйгіштік сезім, іс-әрекет; мемлекеттік биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот тармағына бөлінуіне карамастан мемлекеттік қызмет жүйесінін біртұтастығы; мемлекет мүдделерінің алдында азаматтардын құқығы, бостандықтары мен заңды мүдделерінің басымдығы; жұртшылыққа бірдейлігі (қолы жететіндігі); азаматтардың мемлекеттік қызметке тұруға еріктілігі; мемлекеттік қызметкерлердін өз ісіне маманданғандығы мен біліктілігі және кәсіби мығымдылығы (принципшілдігі);
мемлекеттік қызметкерлердің бақылауда болатындығы жене есеп беріп тұратындығы; мемлекеттік қызметкерлердін өз міндеттерін адалдықпен, бастамашылдықпен атқарып, ерекше маңызды әрі күрделі тапсырмаларды орындағаны үшін мадақталып көтермеленуі; бірдей жұмысқа тен еңбекакы алатындығы; бағынышты мемлекеттік қызметкерлер мен төменгі мемлекеттік органдар қызметкерлерінін жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды қызметкерлерінін өздерініи өкілеттігі шеңберіндегі шешімдерін орындаудың міндеттілігі; мемлекеттік құпия больш табылатьш немесе заңмен қорғалатын құпиядан басқа, қоғамдық пікір мен жариялылыктың ескеріліп отыратындығы; мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық және әлеуметтік тұрғыдан корғалатындығы; мемлекеттік қызметкердін қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе көңілдегідей етіп орындамағаны үшін және өз өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін жеке басы жауапты; мемлекеттік қызметкерлердін біліктілігін үздіксіз арттырып отыруы. 
Мемлекеттік қызметкер:
өз өкілеттігінің шегінде мәселелерді карауға қатысуға және ол мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға; қызметтік міндеттерін атқару үшін керекті ақпараттар мен материалдар алуға; мемлекеттік қызметіне катысты материалдармен кедергісіз танысуға; біліктілігі мен іскерлігін, өзінің қызметтік міндеттерін адал атқаратындығын ескере отырып, қызмет бабында жоғарылауға; орынсыз жала жабылған кезде қызметтік тексеру жүргізуді талап етуге; еңбек, денсаулық, еңбектің қауіпсіздік шарттарын сақтауға; әлеуметтік және құқықтық жағынан қорғалуға; мемлекеттік қызметтен өз еркімен кетуіне; зейнеттік және әлеуметтік жағынан қамтамасыз етілуге; жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазым иелеріне мемлекеттік қызметті жетілдіру жөнінде ұсыныстар түсіруге құқықты. Мемлекеттік қызметкерлер мыналарды орындауға:
Республика Конституциясы мен заңнамасын сақтауға; Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен тәртіппен мемлекеттік қызметкер антын беруге; азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау мен қорғауды қамтамасыз етуге, азаматтардың өтініштерін карауға; олар жөнінде кажетті шаралар қабылдауға; өзіне берілген құқық шегінде өкілеттігін жүзеге асыруға және қызметтік міндеттеріне сәйкес мемлекеттік және еңбек тәртібін сақтауға; өзіне заңмен белгіленген шектеулер кабылдауға; қызмет әдептілігінің нормаларын сақтауға; басшыларының бұйрықтары мен өкімдерін, жоғары тұрған органдар мен лауазым иелерінің шешімдері мен нұскауларын орындауға; мемлекеттік құпияларды сақтауға; мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге; кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруға міндетті. Сонымен қатар заңда мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулер де көзделген. Мемлекеттік қызметкердің өкілетті органдардың депутаты және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшесі болуға; оқытушылық, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметті қоспағанда, басқа ақы төленетін қызметпен, кәсіпкерлікпен айналысуға құқығы жоқ. Мемлекеттік қызметке мынадай адамдар кабылданбайды:
белгіленген тәртіп бойынша іс-әрекетке қабілетсіз немесе қабілеті шектеулі деп танылған; сот шешімі арқылы белгілі мерзім ішінде мемлекеттік қызметке тұру кұқығынан айырылған; мемлекеттік қызметке түрмастан бір жыл бұрын сыбайластық жемкорлық құқық бұзушылығы үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған немесе касакана құқық бүзғаны үшін мемлекеттік қызметке түрмастан бір жыл бүрын сот тәртібімен әкімшілік жаза колданылған адам; сотталған және мемлекеттік қызметке кіру сөтінде жаза мерзімін өтеп болмаған немесе жазасы белгіленген заң тәртібімен алынып тасталмаған адам.
Мемлекеттік қызметке тұрудың заңмен бекітілген шарттарын екі топқа бөлуге болады: саяси мемлекеттік қызметкерлердің мемлекеттік қызметке тұруы — тағайындау немесе сайлау негізінде, сондай-ақ өзге жағдайларда заңнамада белгіленген тәртіп және шарттарға орай жүзеге асырылады; мемлекеттік әкімшілік қызметке орналасу және мемлекеттік әкімшілік қызметкердің жоғары санатты қызметке тұру жолымен қызмет бабында жоғарылауы бәсекелік негізде жүзеге асырылады. Азаматтар мемлекеттік қызметке тұру үшін мынадай талаптарға жауап беруі тиіс:
Қазақстан Республикасының азаматтығына ие болуы; заңнамамен тиісті қызметке байланысты өзге талаптар белгіленбеген болса, жасының он сегізден кем болмауы; тиісті білімі, кәсіби дайындық деңгейі және қойылған біліктілік талаптарына сәйкестігі. Азамат мемлекеттік қызметке тұрған кезде, салық қызметі органдарына, оған құқық ментттігі ретінде жататын мүліктері мен алған табыстары жөнінде мәліметтер тапсыруға міндетті. Азамат міндетті, арнаулы тексерістен өткеннен кейін саяси және өкімшілік мемлекеттік қызметке тұра алады. Саяси мемлекеттік қызметкерлер өз халқы мен Президентке ант береді. Азамат мемлекеттік әкімшілік қызметке тұрған кезде, оған үш айлық, сынақ мерзімі белгіленуі мүмкін. Мемлекеттік саяси қызметкерлер үшін сынак мерзімі белгіленбейді. Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлер мемлекеттік қызметті атқару кезінде аттестаттаудан өтуі керек. Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлерін аттестаттау — бұл олардың кәсіби даярлық деңгейін, қүқықтың мөдениеті мен азаматтармен жұмыс жасай білу қабілетін айқындау үшін октын-октын өткізіліп тұратын шара. Екікабат әйелдерден басқа барлық қызметкерлер аттестаттаудан өткізілуге жатады. Мемлекеттік қызметтегі келесі әрбір үш жылы өткен сайын қызметкерлер аттестаттаудан өтеді. Саяси мемлекеттік қызметкерлер аттестаттауға жатпайды.
Саяси мемлекеттік қызметкерлер Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамаларының негізінде қызметтерінен кетеді. Қызметтен кету (отставка) дегеніміз — саяси мемлекеттік қызметкерді жазбаша өтінішінің негізінде жүзеге асырылатын тиісті мемлекеттік қызметтегі міндеттерін атқаруды тоқтатуы. Мемлекеттік қызметте болумен сыйыспайтын қызметтік екілеттігін өрескел бұзу, теріс қылықтар жасау олардың қызметтен кетуіне негіз бола алмайды, бұл оларды жұмыстан шығаруға негіз болады. Саяси және мемлекеттік өкімшілік қызметкерлердін қызметін токтатуына мыналар негіз болады:
мемлекеттік органның жабылуы; заңмен белгіленген міндеттер мен шектеулерді сақтамау; оның ез құқық меншігіне жататын мүліктерді сенімгерлік басқармасына тапсырмауы; сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа жол беруі; саяси мемлекеттік қызметкерге қатысты соттың айыптау үкімінің заң күшіне енуі; саяси мемлекеттік қызметкердің өкілеттігін тоқтатуы жөніндегі тікелей жазбаша өтінішінің негізінде жоғары тұрған басшылық оның қызметтен кетуін кабылдаған кезде; оны атқарып отырған қызметіне тағайындау (сайлау) қүкығы бар лауазым иесінің (органның) тиісті шешім шығаруы (кабылдауы); қызметтен өз еркімен шығу туралы өтініш беруі; келісімшарт мерзімінін бітуі немесе заңнамада көзделген негіздерге сәйкес келісімшарттын бұзылуы; табыстары мен мүлкі туралы жалған мөліметтер беруі; Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылуы; заңда белгіленген жағдайларды коспағанда, мемлекеттік өкімшілік қызметті бөсекеден тыс иеленуі; аттестаттаудың жағымсыз нәтижелері. Мемлекеттік әкімшілік қызметкерді оны осы қызметке қабылдауға құқығы бар мемлекеттік органның тиісті лауазым иесі қызметтен шығарады. Саяси және мемлекеттік әкімшілік қызметкерлер мемлекеттік қызмет туралы заңды бұзғаны үшін жауап береді. Мемлекеттік қызметкер өзіне жүктелген міндеттерді орындамаған не ойдағыдай орындамаған, қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланған, мемлекеттік және еңбек тәртібін бұзған, сондай-ақ оның мемлекеттік қызметте болуымен байланысты белгіленген шектеулерді сақтамаған жағдайда мемлекеттік қызметкерлерге мынадай тәртіптік жазалар қолданылуы мүмкін:
ескерту; сөгіс; қатаң сөгіс; қызметіне толық сәйкес еместігі жөніндегі ескерту; қызметтен шығару.
Сонымен, мемлекеттік органда белгіленген тәртіп бойынша ақы төленетін қызметте отырған және мемлекеттің міндеттері мен қызметтерін іске асыру мақсатында қызметтік өкілеттіктерін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы мемлекеттік қызметкер деп танылады. Мемлекеттік қызмет мемлекеттің аса маңызды құралы болып табылады. Оның жоғары дәрежеде ұйымдастырылуы, заңдылық тұрғыдан қамтамасыз етілуі және жоғары білікті мамандармен жабдықталған болуы керек. 
Қ.Дунбаев, Тараз қаласы №2 сотының судьясы

По сообщению сайта Магнолия

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями