Популярные темы

Шекара: новости

11 күннің ішінде дәрі-дәрмектерді және медициналық бұйымдарды сату саласында 396 құқық бұзушылық анықталды

Akorda.kz (KZ), 18 июля 2020 в 16:26

11 күннің ішінде дәрі-дәрмектерді және медициналық бұйымдарды сату саласында 396 құқық бұзушылық анықталды
Мемлекет басшысы қатысқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында жартыжылдықта атқарылған жұмыстар қорытындыланып қана қоймай, коронавирус індетімен күреске қатысты бірқатар сын да айтылды. Науқастар санының күрт артуы кезінде қажетті дәрі-дәрмектердің тапшылығы еліміздің ұлттық қауіпсіздігі жүйесіне айтарлықтай қауіп төндірді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тарихи тұлға тағылымы» атты мақаласы

Akorda.kz (KZ), 03 июля 2020 в 12:36

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың
Ел қуатты болса, қуаныш тұрақты болады. Ғасырларды уақыт ұршығында иірген мыңжылдықтар тоғысында Ұлы дала төсінде жаңа тұрпатты жас мемлекет құрылды. Атасы Алаш, керегесі ағаш қазақтың зар заманда жоғалтқан құндылықтары қайтарылды, бары бүтінделді, азаттықпен бірге сәулелі сәттерге толы шуақты шежіресі түзіле бастады.Осы бір мерейлі миссияны орындау мемлекетіміздің негізін қалаушы ұлы перзенті, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың маңдайына жазылғаны – әлемде аумағы жағынан алып елдердің алғашқы ондығына енетін, ұлан-байтақ жерінің асты да, үсті де табиғи ресурстарға бай, кешегі Кеңес Одағынан ірге бөліп шыққан кезде қолында жалын атқан от қаруы бар стратегиялық маңызы зор елге уақыттың өзі сыйлаған ерекше бағы. «Ақылды басшы алдырмас» деген, өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары әлем картасында орын алған тектоникалық үлкен саяси өзгерістердің салмағын саралай отырып, Қазақстанның ұлттық мүддесін сыналап енгізе білген Елбасы осы бір отыз жылдың ішінде жас мемлекетті әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосу мақсатымен көш бастады.

Коронавиус: шетелде оқитын қазақстандық студенттер оқуын жалғастыра ала ма?

Tengrinews, 26 июня 2020 в 13:23

Коронавиус: шетелде оқитын қазақстандық студенттер оқуын жалғастыра ала ма?
ҚР ҰҚК шекара қызметі шекаралық бақылау департаменті басшысының орынбасары Ғани Ағаділов шетелде оқитын қазақстандық студенттер қандай жағдайда оқуын жалғастыра алатынын түсіндірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.Ол қазақстандық студенттер оқуын жалғастыру үшін оларда шақыру қағазы, сол елге кіруге рұқсат беретін қағаз және паспорт болуы керегін айтты.«Шетелдегі жоғары оқу орындарында оқитын қазақстандық студенттерде сол оқу орындарының шақыру қағазы болуы керек, әрі ол елге кіруге рұқсат беретін қағаз болуы қажет.

Қазақстан шекарасынан кімдер кедергісіз өте алатыны айтылды

Tengrinews, 26 июня 2020 в 12:43

Қазақстан шекарасынан кімдер кедергісіз өте алатыны айтылды
ҚР ҰҚК шекара қызметі шекаралық бақылау департаменті басшысының орынбасары Ғани Ағаділов мемлекеттік шекарадан кімдер кедергісіз өте алатынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.Ол 11 мамырдан бастап елімізде төтенше режимі тоқтағанын, алайда қазақстандықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін карантин талаптары сақталып отырғанын еске салды.«Ведомствоаралық комиссиясының хаттамасымен мемлекеттік шекараны өткізу тәртібі бекітілді.

Әлем елдері «өз күнін өзі көрсін» деген үрдіске көшкен — Тоқаев

Tengrinews, 25 июня 2020 в 12:03

Әлем елдері
Біріккен Ұлттар Ұйымы өзінің атына заты сай бірегей халықаралық ұйым ретінде пандемия кезінде аса белсенділік таныта қоймады. Мұндай пікірді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында айтқан, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.«Мен мұны 2008 жылы ертерек болжап айттым» Қазақстан Президентінің айтуынша, қазір әлем елдері «өз күнін өзі көрсін» деген үрдіске көшкен. Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай үрдісті 2008 жылы болжаған.

Тоқаев қазақ тілі мәселесін шешудің төрт жолын айтты

Tengrinews, 25 июня 2020 в 11:43

Тоқаев қазақ тілі мәселесін шешудің төрт жолын айтты
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Ана тілі» газетіне сұхбат берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сұхбат барысында Мемлекет басшысы тіл мәселесін көтерді. «Қазақ тілінің жағдайы туралы айтқанда, мемлекетіміздің негізін қалаған, Тұңғыш Президент — Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың айырықша еңбегін атап өтуге тиіспіз.

«20 сарбаз қайтыс болды». Қытай мен Үндістан шекарасындағы қақтығыстың мән-жайы

Tengrinews, 18 июня 2020 в 12:43

15 маусымда кешкі уақытта Үндістан мен Қытай әскерилері қақтығысып қалды. Салдарынан 20 адам қайтыс болды. Бұл екі ел шекарасында болған алғашқы жанжал емес. Қақтығыстың пайда болуына не себеп? Оған сарапшылар не дейді? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында. Қақтығыс неден басталды?Дүйсенбі, 15 маусым кешкі уақытта Ладакхтағы Галван аңғарының аумағында Үндістан мен Қытай шекарасында екі ел әскерлері қақтығысып, салдарынан 2 сарбаз бен үнділік армия командирі қайтыс болды.

Еуропа елдері қашан турист қабылдай бастайды?

Tengrinews, 02 июня 2020 в 13:33

Еуропа елдері қашан турист қабылдай бастайды?
СOVID-19 пандемиясының салдарынан дүние жүзі елдерінің туризм саласы зардап шекті. Мұның ішінде Еуропа да сырт қалмады. Ішкі нарық жөніндегі еурокомиссар Тьерра Бретон қаңтардың өзінде 1 миллиард еуродан айырылып қалғанын айтқан болатын. Сондықтан Еуропа елдері дағдарыстан шығу үшін алғашқы қадамдарын жасап, туристерді тартуға дайын.

Қазақстаннан халықаралық рейстер қалай ашылатыны айтылды

Tengrinews, 29 мая 2020 в 16:13

Қазақстаннан халықаралық рейстер қалай ашылатыны айтылды
ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев елдегі және рейс жасалатын мемлекеттегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты халықаралық әуе рейстері кезең-кезеңімен ашылатынын айтты. Алайда нақты уақыты әзірге белгісіз, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.Комитет төрағасының айтуынша, егер эпидемиологиялық жағдай тұрақты болса, онда қазақстандықтар бірінші кезеңде Оңтүстік Корея, Қытай және Әзербайжанға бара алады.«Пандемия басынан бастап халықаралық бағыттар бойынша 97 бағытта аптасына 440 рейс тоқтатылды.

Каспий теңізінде бекірені заңсыз аулаған 98 браконьер ұсталды

Tengrinews, 28 мая 2020 в 12:53

Каспий теңізінде бекірені заңсыз аулаған 98 браконьер ұсталды
Каспий теңізінде заңсыз балық аулаған 98 браконьер ұсталды. Бұл туралы ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметіне қарасты жағалау күзеті басқармасының басшысы, 1 рангтегі капитан Сабыр Хасанов мәлім етті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.Оның айтуынша, 31 наурыздан бастап Қазақстанның жағалау күзеті Ресейдің федерал қауіпсіздік қызметіне қарасты шекара қызметімен бірігіп, Каспий теңізінде браконьерлік іс-әрекеттің жолын кесу мақсатында шаралар жүргізген.«98 құқықбұзушы ұсталды.

«Қайтыс болғандар жоқ» — коронавирусты жеңгенін мәлімдеген бес ел

Tengrinews, 22 мая 2020 в 17:13

Дүние жүзі бойынша коронавирус жұқтырғандардың саны бес миллионнан асты. Бүгінде COVID-19-дан қатты зардап шеккен Еуропа елдері. Дегенмен коронавирус пандемиясы басталғалы бері оны жеңгендердің алғашқысы да Еуропа елдері. Tengrinews.kz тілшісі COVID-19-ды жеңген бес елге шолу жасады.Коронавирусты жеңгенін хабарлаған алғашқы елМавритания — дүние жүзінде коронавирусты жеңгенін хабарлаған алғашқы ел.

ГЛАВНОЕ НА СЕГОДНЯ

Костанайские Новости, 06 мая 2020 в 18:11

ГЛАВНОЕ НА СЕГОДНЯ
Сегодня в преддверии праздника Победы, ветераны – пограничники, члены представительства Республиканского общественного объединения ветеранов – пограничников «Застава тарландары» в Костанайской области и военнослужащие Департамента Пограничной службы КНБ РК по Костанайской области посетили своего ветерана-пограничника, участника Великой Отечественной войны Шарова Андрея Яковлевича.

Өзбекстан тарапы біздің коллекторларды тазалауға көмектеседі — Шөкеев

Tengrinews, 05 мая 2020 в 10:13

Өзбекстан тарапы біздің коллекторларды тазалауға көмектеседі - Шөкеев
Бүгін Үкіметтің кезекті отырысында Түркістан облысындағы су тасқынының салдарымен күрес шараларын талқылаудан басталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.Tengrinews.kzАймақ басшысы Өмірзақ Шөкеев әлі 7 елді мекенді су басу қаупі барын айтты. 4 мамырда түркістандық тарап Өзбекстанға барып, мәселені шешу жолдарын бірге талқылаған.7 елді мекенді «Кеше біз әріптестерімізбен Өзбекстанға барып, ЦГК-ны — центральный голодностепный коллекторды түгел аралап шықтық. Қауіпті деген жерлердің барлығын қарап шықтық.

Есірткіге тәуелді адамдарды қалыпты өмірге қайтару керек — Назарбаева

Tengrinews, 30 апреля 2020 в 15:03

Есірткіге тәуелді адамдарды қалыпты өмірге қайтару керек - Назарбаева
Сенат спикері Дариға Назарбаева Қазақстандағы есірткімен күрес мәселесін күшейту керегін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.Бүгін сенатор Андрей Лукин премьер-министр Асқар Маминге елдегі есірткімен күрес шаралары тиімсіз екенін айтып, депутаттық сауал жолдады.Депутаттың айтуынша, Қазақстанның есірткімен күрестегі қазіргі шаралары нәтижесіз болып отыр.

«COVID-19 жұқтырған бір де бір адам қалмаған» — коронавирусты жеңген ел туралы не белгілі?

Tengrinews, 27 апреля 2020 в 13:23

Мавритания дүние жүзінде коронавирусты жеңгенін хабарлаған алғашқы ел атанды. Елдің Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне қарағанда, соңғы күндері COVID-19-дан қайтыс болғандар жоқ, тестілеулер де коронавирус жұқтырғандарды таппаған. Жалпы коронавирус инфекциясын жеңген алғашқы ел туралы не белгілі?

Бекшин Алматыда коронавирусты жастардың көп жұқтырып жатқанын айтты

Tengrinews, 22 апреля 2020 в 17:03

Бекшин Алматыда коронавирусты жастардың көп жұқтырып жатқанын айтты
Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин шаһарда ересектердің басым бөлігі коронавирус жұқтырғанын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.Оның айтуынша, Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырудың 693 дерегі тіркелген, 5 адам індеттен көз жұмған.«Ауру ересектердің арасында басым.

Алматыда 54 курсант коронавирус жұқтырған

Tengrinews, 17 апреля 2020 в 13:43

Алматыда 54 курсант коронавирус жұқтырған
Алматыда бастапқыда шекара қызметінің 14 курсанты COVID-19 жұқтырған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.Кейін ҰҚК Шекара академиясының барлық қызметкері мен курсанты тексерілген.Бұл туралы Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев Хабар24 телеарнасының тікелей эфирінде айтты.«Шекара қызметіндегі курсанттардың, алғашқысында, 14-і табылған болатын.

Маңғыстау облысында әскерилерге арналған карантин стационарлары ашылды

Tengrinews, 15 апреля 2020 в 13:03

Маңғыстау облысында әскерилерге арналған карантин стационарлары ашылды
Маңғыстау облысында бір әскери госпиталь және ҰҚК Шекара қызметі департаментінің ғимаратының жанынан ашылған карантин стационарлары әскери қызметкерлер мен отбасы мүшелерін қабылдайды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.Бұл туралы ҚР ҰҚК Ақтау қаласындағы емханасы бар өңірлік әскери госпиталі Жұқпалы аурулар бөлімшесінің бастығы ұлттық қауіпсіздік майоры Миргүл Айтмамбетова айтты.«Әлемдегі, еліміздегі коронавирус инфекциясына қатысты жағдай қиындаған соң, сонымен қатар Маңғыстау облысының территориясында COVID-19 жұқтырғандардың көбеюіне байланысты әскери қызметкерлер, ҰҚК қызметкерлері және олардың отбасы мүшелері үшін карантин стационарлары дайындалды.

Коронавирус індетін жұқтырғандардың саны 1,5 миллионға таяды. Алғашқы ондыққа шолу

Tengrinews, 08 апреля 2020 в 14:03

Коронавирус індетін жұқтырғандардың саны 1,5 миллионға таяды. Алғашқы ондыққа шолу
Әлем бойынша коронавирус індетін жұқтырғандардың саны 1 432 686 адамға жетті. 209 елге тарап үлгерген COVID-19-дан қайтыс болғандардың саны 90 мыңдай болып қалды. Қытайдың Ухан қаласынан тараған вирустан көбіне Еуропа елдері зардап шегіп отыр. Tengrinews.kz тілшісі коронавирус зиянын келтірген алғашқы ондықта тұрған елдерге шолу жасады.

Көлгінов стационарда жатқан науқастардың жағдайын айтты

Tengrinews, 31 марта 2020 в 12:43

Көлгінов стационарда жатқан науқастардың жағдайын айтты
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов коронавирус індеті анықталған науқастар жайлы айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.Қала басшысы тікелей эфирде Нұр-Сұлтанға халықаралық 28 рейспен 2 500 жолаушы келгенін атап өтті.«Вирус бізге сырттан келді. Халықаралық рейстердің көбі Нұр-Сұлтанға ұшып келетіндіктен, біздің қала бірінші болып науқастарды қабылдай бастады.

Бағаны өзім тексердім — Көлгінов азық-түлік бағасы туралы

Tengrinews, 31 марта 2020 в 12:03

Бағаны өзім тексердім - Көлгінов азық-түлік бағасы туралы
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов карантин кезінде азық-түлік бағасына мониторинг қалай жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.Көлгінов тікелей эфирде қаладағы карантин шаралары, коронавирус жұқтырғандардың жағдайы және қала билігінің қолға алған шаралары туралы айтып берді. Әкім өзі дүкен аралап, бағаларды тексергенін айтты.«Иә, біз мониторинг жүргізіп отырамыз.

Қазақстан Президенті ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен телефон арқылы сөйлесті

Akorda.kz (KZ), 24 марта 2020 в 21:46

Қазақстан Президенті ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен телефон арқылы сөйлесті
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен телефон арқылы сөйлесті. Қазақстан Президенті коронавирус пандемиясының таралуын ауыздықтау жөніндегі Қытай басшылығының батыл әрі жүйелі іс-қимылдарын жоғары бағалады. — Бүкіл әлем Қытай медицинасының зор әлеуеті мен дәрігерлерінің жоғары кәсібилігіне тәнті болды.

Телевизионное обращение Главы государства Касым-Жомарта Токаева

Akorda.kz (RU), 22 марта 2020 в 21:47

Телевизионное обращение Главы государства Касым-Жомарта Токаева
Құрметті отандастар!Баршаңызға мәлім, қазір бүкіл әлем өте күрделі ахуалды бастан өткеруде. Дүние жүзін коронавирустың таралуы алаңдатып отыр. Бұл індет күннен-күнге ушығып барады.Өкінішке қарай, осы дерт біздің елімізде де тіркелді.Менің кешегі Жарлығыммен бүгін таңғы сағат 08.00-ден бастап Қазақстанның аумағында төтенше жағдай енгізілді.Төтенше жағдай режимі 30 тәулікке созылады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың телевизиялық үндеуі

Akorda.kz (KZ), 16 марта 2020 в 14:26

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың телевизиялық үндеуі
Құрметті отандастар!Баршаңызға мәлім, қазір бүкіл әлем өте күрделі ахуалды бастан өткеруде. Дүние жүзін коронавирустың таралуы алаңдатып отыр. Бұл індет күннен-күнге ушығып барады.Өкінішке қарай, осы дерт біздің елімізде де тіркелді.Менің кешегі Жарлығыммен бүгін таңғы сағат 08.00-ден бастап Қазақстанның аумағында төтенше жағдай енгізілді.Төтенше жағдай режимі 30 тәулікке созылады.

Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының 2020 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы

Akorda.kz (KZ), 09 марта 2020 в 12:26

Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының 2020 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының 2020 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) бекітілсін.2. Қазақстан Республикасының Үкіметі үш ай мерзімде Тұжырымдаманы іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.4. «Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының 2014 – 2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 21 қаңтардағы № 741 Жарлығының күші жойылды деп танылсын.5.

Мемлекет басшысы Қаракемер ауылының жұртшылығымен кездесті

Akorda.kz (KZ), 05 марта 2020 в 16:43

Мемлекет басшысы Қаракемер ауылының жұртшылығымен кездесті
Қасым-Жомарт Тоқаев кездесуде 1 наурыз Алғыс айту күні Жамбыл облысының Қордай ауданына жұмыс сапарымен арнайы келгенін айтты. Президент бұл күні тойлаудан гөрі, ауыл тұрғындарымен өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасуды жөн көрген.– Қордайда болған оқиға халқымызды дүр сілкіндірді, бүкіл әлемді елең еткізді.

Қобда ауданы: биыл көгілдір отын қай ауылдарға барады?

Ақтөбе газеті, 30 января 2020 в 11:42

Қобда ауданы: биыл көгілдір отын қай ауылдарға барады?
Сәрсенбі күні түстен кейін облыс әкімі Оңдасын Оразалин Қобда ауданына келіп, аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбеттің «Қобда ауданының 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2020 жылға қойылған міндеттері туралы» тұрғындар алдындағы есеп беру жиынына қатысты.Ауданның соңғы бір жылдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен алға қойылған міндеттері сараланған жиынға ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Жайсаң Ахметов арнайы қатысты.Батырлар өлкесінде өткен жылы халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға арналған нәтижелі жұмыстар атқарылған.

Коронавирус — қауіпті індет

Ақтөбе газеті, 30 января 2020 в 10:12

Коронавирус — қауіпті індет
2019 жылдың соңында Қытайдың Ухань қаласында жаңа коронавирус пайда болғаны мәлім. Бұл вирус пневмонияны қоздырады. «Қазинформ» ақпарат агенттігінің дерегіне сүйенсек, бүгінгі күні Қытайда коронавирусқа шалдыққандар саны 4515 адамға жеткен. Оның 106-сы қайтыс болған. Бұл елде өтетін халықаралық спорттық шаралар тоқтатылып жатыр.

«Жарқанат сорпасы немесе жылан». Мамандар коронавирустың неден жұғатынын атады

Tengrinews, 28 января 2020 в 17:53

Қытайдағы қауіпті індет — коронавирустың тарауы туралы ақпараттың пайда болғанына шамамен бір ай болды. Алғаш вирус жайлы мәлімет 2019 жылдың желтоқсанынан тарай бастады. Желтоқсанның өзінде Қытайдың Ухан қаласында 27 адам вирус жұқтырып, жетеуі ауыр жағдайда болған. Ал бүгін Хубей провинциясында қатерлі індеттен 100 адамның қаза тапқаны белгілі болды. Ғалымдар аурудың бастау алған ошағын да анықтаған. Қауіпті індеттің тарауы, ауру ошағы және Қазақстанның қауіпсіздік шаралары жайлы Tengrinews.kz тілшісі материалында.Мамандар вирустың қайнаркөзін анықтадыЭпидемияның ошағы — Хубей провинциясы.

«Қайтатын кезде теракт болды» — анасымен 126 күн саяхаттаған қазақстандық блогер

Tengrinews, 22 января 2020 в 17:23

Түркістан облысының 29 жастағы тумасы, блогер, жаһангез Микейіл лақап атымен белгілі Садық Шерімбек анасымен 8 ел аралап, кітап жазып шықты. Ол 126 күндік сапарында өзіне қажетті өмірлік естеріктер мен осы уақытқа дейін таппай жүрген маңызды құндылықтар алғанын айтады. Анасын адами тұрғыдан түрлі ракурстан қарап, бірталай жаңалық ашқанын да жасырмады.
Показано 30 новостей из 188