Популярные темы

Қазақстандықтар алаяқтарға миллиардтаған ақша берген: 43 миллионнан аса қоңырау бұғатталды

Дата: 30 декабря 2023 в 21:29 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Қазақстандықтар алаяқтарға миллиардтаған ақша берген: 43 миллионнан аса қоңырау бұғатталды
Стоковые изображения от Depositphotos

Бүгінде ішкі істер органдарының алдында тұрған ең басты міндеттердің бірі – киберқылмысқа қарсы күрес. Қазақстанда соңғы жеті жылда интернет-алаяқтық саны 10 есеге, яғни екі мыңнан 20 мың қылмысқа дейін өскен. Биылдың өзінде интернет-алаяқтар азаматтарға 17,5 миллиард теңгеден астам шығын келтірді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ең жиі кездесетін алдау түрі – интернет арқылы «жоқ» тауарларды сату немесе қызмет көрсету кезінде алдын ала төлем алу (жеті мың факт). Екінші орында – банк қызметкерлерінің атынан жасалатын қоңыраулар (екі жарым мың факт). Үшінші орында – онлайн-қарыздарды ресімдеу (екі мың факт).

«Киберқылмыстың өсуі және оның жаңа түрлерінің пайда болуы тек Қазақстан мен ТМД елдерінде ғана емес, бүкіл әлемде байқалады. Мұндай қылмыстар трансшекаралық сипатқа ие. Сондықтан да оларды ашу қиынға соғып жатады. Өздеріңіз білетіндей, интернетте шекара жоқ. Қылмыскерлер түрлі анонимді, шет елдерде орналасқан сервистерді пайдаланады», – деді ҚР ІІМ криминалдық Полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы күрес орталығының бастығы Жандос Сүйінбай.

Фото:depositphotos.com

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями