Популярные темы

Ақтөбе облысында Үндістанның 16 азаматы шекараны заңсыз кесіп өтпек болған

Дата: 10 июля 2023 в 19:29 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Ақтөбе облысында Үндістанның 16 азаматы шекараны заңсыз кесіп өтпек болған
Стоковые изображения от Depositphotos

Ақтөбеде 16 шетелдік азамат ел шекарасын заңсыз кесіп өтпек болған, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.  

7 шілдеде Ақтөбе облысы полиция департаментінің қызметкерлері ҰҚКД Шекара қызметімен бірлескен іс-шаралар өткізу кезінде Ақтөбе облысының аумағында Қазақстан Республикасының шекарасын заңсыз кесіп өтуге тырысқан Үндістанның 16 азаматын анықтады. Олар Қазақстан арқылы Ресейге өтуді жоспарлаған.

«Аталған шетелдіктер шағын транзиттік автобуспен Қазақстан Республикасының оңтүстік өңірлері арқылы келе жатқан. Алдын алу іс-шараларының нәтижесінде Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуын уақытылы болдырмауға мүмкіндік туды», — делінген хабарламада. 

Профилактикалық әңгімелесуден кейін шетелдіктер әрі қарай өз елдеріне қайтару үшін бақылаумен Алматыға қарай жіберілді.

Сурет: Polisia.kz

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями