Популярные темы

Сақтандыру: новости — страница 7

Өзіңді туберкулезден қорға!

Ақтөбе газеті, 27 февраля 2018 в 00:22

Өзіңді туберкулезден қорға!
Құрт ауруынан қалай сақтануға болады? Аурумен күресуге облыс медицинасының мүмкіндігі қандай? Бұл туралы облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің және облыстық білім басқармасы, облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің өкілдері қатысқан жиында айтылды. Туберкулезге қарсы диспансердің бас дәрігері Ерлан Тәтімовтің айтуынша, аталған аурумен күрес жұмыстары соңғы жылдары жүйелі жүргізіліп жатыр.

Қазақстандықтарға зейнетақы жинақтарын уақытынан бұрын шешіп алуға рұқсат етіледі

Zakon.kz, 22 февраля 2018 в 13:19

Қазақстандықтарға зейнетақы жинақтарын уақытынан бұрын шешіп алуға рұқсат етіледі
Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев қазақстандықтар қашаннан бастап зейнетақы жинағын уақытынан бұрын шешіп ала алатындарын айтты, деп хабарлайды Baq.kz.Алматыда өткен баспасөз конференциясы барысында ол бұл мәселе азаматтардың зейнетақы активтерін басқару жүйесін реформалау бойынша қаржы реттеушісінің ұсыныстары шеңберінде үкімет пен бизнес қауымдастық тарапынан талқыланып жатқанын айтты.«Бұл мүмкіндікке зейнетақы жинағын жеткілікті мөлшерде жинаған, зейнетақы қорына еңбекке жарамсыз жаста тұрақты түрде табыспен қамтамасыз ете алатын жеткілікті сома жинаған салымшылар ие болуы мүмкін деп болжануда», — дейді Ақышев.Ұлттық банк төрағасы алдың ала есептеулерге сәйкес, Қазақстанда өмірді сақтандыру компанияларымен зейнетақы аннуитеті шарттары арқылы зейнетақы жинағын уақытынан бұрын шешіп алуға мүмкіндігі бар 4000-ға жуық салымшы бар екендігін айтып өтті.Барлық жаңалықты мына сілтемеден оқи аласыздар

Оқушылар ортасындағы әнгіме

Ақтөбе газеті, 22 февраля 2018 в 03:22

Оқушылар ортасындағы әнгіме
Елбасы Жолдауын насихаттау мақсатында құрылған ақпараттық топ болашақ мейірбикелермен кездесті. М.Мәметова атындағы Ақтөбе медициналық колледжінде өткен кездесуге философия ғылымдарының докторы, профессор Алтай Тайжанов, «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы Ақтөбе облыстық филиалының директоры Жанар Шайхимова, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақтөбе облыстық филиалының бөлім басшысы Салтанат Оңғар және облыстық ішкі саясат басқармасы мамандарының өкілдері мен коллежд оқушылары қатысты.

БАӘ-ге демалуға барған қазақстандық бойжеткен қайтыс болды

Zakon.kz, 19 февраля 2018 в 14:49

БАӘ-ге демалуға барған қазақстандық бойжеткен қайтыс болды
24 жастағы Орал қаласының тумасы соңғы жылдары Челябинск қаласында жұмыс істеп жүрген. Ал Дубайға өзінің күйеу жігітімен демалу үшін барған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ura.news сайтына сілтеме жасап.Қайғылы жағдай 14 ақпан күні болды. Жаңа ұшып келген жұп бассейнге шомылу үшін барған. 24 жастағы бойжеткен суға кіріп бара жатып естен танып құлайды.

Биыл Медициналық сақтандыру қоры жаңа мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді

Zakon.kz, 15 февраля 2018 в 13:19

Биыл Медициналық сақтандыру қоры жаңа мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді
2018 жылы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» қазақстандықтарға сақтандыру төлемдері жайлы мәлімет алуға мүмкіндік беретін жаңа мемлекеттік қызмет түрлерін әзірлеп, емханаға тіркеу қызметін жетілдіруді жоспарлап отыр. Бұл туралы аталған қордың басқарма төрайымы Елена Бахмутова мәлім етті, деп хабарлайды Baq.kz.«Біздің жоспарымыз бойынша, осы тоқсан соңында азаматтар Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне (МӘМС) қатысу және төленген жарналар туралы мәліметті Халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) арқылы ала алады.

Түркия университеті қазақстандықтар үшін оқу грантын бөлді

Zakon.kz, 14 февраля 2018 в 09:29

Түркия университеті қазақстандықтар үшін оқу грантын бөлді
Ыстамбұлдағы Шехир университеті қазақстандық үміткерлер үшін оқу гранттарын бөлді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның сайтына сілтеме жасап.Ыстамбұл Шехир университеті қазақстандық студенттерге келесі мамандықтар бойынша оқу гранттарын ұсынды: Іскерлік әкімшілік магистрі (1 жыл), Қаржы саласындағы MBA (1 жыл), Банк салсындағы МВА (1 жыл), Өнеркәсіптік және жүйелі инженерия салсындағы магистр (2 жыл), Электротехника және компьютерлік техника салсындағы ғылымдар магистрі (2 жыл), Деректер туралы ғылым магистрі (2 жыл).Толық тегін оқуға 4 грант, 70% жеңілдікпен оқуға — 10 орын, 50% жеңілдікпен оқуға (тұру, тамақтану, медициналық сақтандыру, көлік шығындарын қоспағанда, оқу ақысы — 4000 доллар) — 40 орын қарастырылған.Айта кетерлігі, 2008 жылы негізі қаланған Ыстамбұл Шехир университеті Түркиядағы беделді университеттерінің бірі. Қазіргі уақытта ЖОО-да 5 мың студент білім алуда, оның 18 пайызы шетелдік студенттер.Оқу 2018 жылғы наурыз айының басында басталады.

Биыл облыс экономикасының өсімі 5 пайыздан кем болмайды

Ақтөбе газеті, 13 февраля 2018 в 02:42

Биыл облыс экономикасының өсімі 5 пайыздан кем болмайды
Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Мемлекет басшысының 9 ақпан күні өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын жүзеге асыруға байланысты селекторлық жиын өткізді. Оған мемлекеттік органдардың, кәсіпорындар мен компаниялардың, шаруа қожалықтары мен қоғамдық ұйымдардың басшылары қатысты.«Негізгі міндеттердің бірі — экономика дамуының қарқынын бәсеңдетпеу.

Назарбаев Дүйсеноваға: Тамара, не болды? Әлде шаршадың ба?

Zakon.kz, 09 февраля 2018 в 15:49

Назарбаев Дүйсеноваға: Тамара, не болды? Әлде шаршадың ба?
Мемлекет басшысының қатысуымен өтіп жатқан үкіметтің кеңейтілген отырысында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды ресми түрде рәсімдеу мәселесін көтерді, деп хабарлайды Zakon.kz.«Министр Дүйсеноваға (ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі) бірнеше рет айттым. Тамара, не болды, айтшы? Әлде сен бұл жұмыстан шаршадың ба?» — деп сұрады Елбасы.Сонымен қатар Елбасы міндетті әлеуметтік және медициналық сақтандыруды енгізуді кейінге қалдыруға тура келгенін айтты.«Басты себеп — өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты тарту мәселесі.

Денсаулықты сақтандыру маңызды

Ақтөбе газеті, 01 февраля 2018 в 01:42

Денсаулықты сақтандыру маңызды
Медицина саласына енгізілген жаңа өзгерістерге сәйкес облыс бойынша 30-ға жуық жеке медициналық орталық халыққа тегін қызмет көрсетеді. Олардың басым көпшілігі науқастарды стационар жағдайында емдейді. Медициналық сақтандыру қорының бас маманы Салтанат Оңғар әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша Мұғалжар ауданының жеке кәсіпкерлері және шаруа қожалық иелерімен өткен жиында осы мәселені жан-жақты айтып берді.Кез келген науқас өздерінің жергілікті емханаларында қаралып, дертіне байланысты дәрігерлердің ауруханаға жату қажеттігі жайындағы жолдамасымен Ақтөбедегі медициналық орталықтарды таңдап, ем ала алады.

2018 жылы бір жасқа дейінгі бала күтiмiне қатысты жәрдемақының мөлшері белгілі болды

Zakon.kz, 25 января 2018 в 10:49

2018 жылы бір жасқа дейінгі бала күтiмiне қатысты жәрдемақының мөлшері белгілі болды
2018 жылы бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы төлеуге республикалық бюджетте 36,8 млрд теңге қарастырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«2018 жылы бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы төлеуге республикалық бюджетте 36,8 млрд теңге қарастырылады және жәрдемақының мөлшері отбасындағы балалар санына қарай 13 853 теңгеден (бірінші балаға, 16 379 теңге — екінші балаға, 18 880 теңге — үшінші балаға) 21 405 теңгеге дейін (төртінші және одан көп балаға) тағайындалады», делінген хабарламада.Жұмыс істемейтін әйелдерге бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты жәрдемақы республикалық бюджеттен, ал жұмыс істейтіндерге — Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленеді.2017 жылы бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты төлемдерге 106,5 млрд теңге бөлінді.

Қысқы жолдың тосын оқиғаларына жол берілмейді

Ақтөбе газеті, 25 января 2018 в 10:02

Қысқы жолдың тосын оқиғаларына жол берілмейді
Кеше облыс әкімінің тапсырмасымен қысқы жағдайда жолдардағы оқыс оқиғалардың алдын алуға байланысты жоспарлы шаралардың жүзеге асырылуы пысықталды. Самара — Шымкент күре жолында өткен көлік қозғалысын бақылау шарасына облыс әкімінің орынбасары Серік Төленбергенов қатысты. Алдын ала ауа райын болжау орындарының хабарлағанындай, терістіктен соққан жел көтеріліп, аязды күшейтіп тұрды.

Зейнетақы: кім қанша алады?

Ақтөбе газеті, 18 января 2018 в 01:42

Зейнетақы: кім қанша алады?
«2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ынтымақты зейнетақы 8 процентке артты. Мүгедектерге, асыраушысынан айырылған және мүгедек балалар тәрбиелеп отырған отбасыларына арналған жәрдемақылар 16 процентке дейін өсті. 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақы еңбек өтіліне байланысты орташа алғанда 1,8 есе көбейетін болады».Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың биылғы Жолдауынан.Бүгінгі күні облыста жасына байланысты зейнетке шыққан 90 060 адам бар.

Жолдас ҚАЛМАҒАНБЕТОВ, облыстық дін істері басқармасының басшысы: Діндегі асырасілтеушілік қасіретке ұрындырады

Ақтөбе газеті, 18 января 2018 в 01:32

Жолдас ҚАЛМАҒАНБЕТОВ, облыстық дін істері басқармасының басшысы: Діндегі асырасілтеушілік қасіретке ұрындырады
Мамандар зайырлы қоғамда діни сауаттылықтың маңызы мен оның рөлін ерекше айтады. Себебі, соңғы жылдарда білім беру ұйымдарында жалпыға бірдей киім үлгісінің енгізілуімен шариғат заңдарын басшылыққа алатын ата-аналар мен мектеп арасында дау тудырып жүрген жайттар жиі кездеседі. Қазір ата-аналарының діни көзқарастарының салдарынан облыста 245 бала мектепке бармай, білімсіз қалып отыр.

Өткен жылдардың сәулесі

Ақтөбе газеті, 12 января 2018 в 23:02

Өткен жылдардың сәулесі
Кім-кімге де еңбек жолын бастаған алғашқы ортасы ыстық. Мектептің жоғарғы кластарында оқып жүргенде мерзімдік басылымдарға хабар-ошар жариялап жүрген біздің аңсарымыз журналистік мамандыққа аумай ма!? Сөйтсек, бұл кәсіптің мамандарын даярлайтын ұстахана Қазақстан бойынша жалғыз оқу орнында ол кезде Сергей Миронович Киров есімін иеленген Қазақ мемлекеттік университетінде болып шықты.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы жарияланды

Zakon.kz, 10 января 2018 в 09:09

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы жарияланды
Сәрсенбі, 10 қаңтарда Ақорданың ресми сайтында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz.«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері»Құрметті қазақстандықтар!Бүгінде әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді.Жаңа технологиялық қалып біздің қалай жұмыс істейтінімізді, азаматтық құқықтарымызды қалай іске асыратынымызды, балаларымызды қалай тәрбиелейтінімізді түбегейлі өзгертуде.Біз жаһандық өзгерістер мен сын-қатерлерге дайын болу қажеттігін ескеріп, «Қазақстан-2050» даму стратегиясын қабылдадық.Алдымызға озық дамыған отыз елдің қатарына кіру мақсатын қойдық.100 нақты қадам – Ұлт жоспары жүзеге асырылуда.

Қазақстанда еркектердің декретке шығуы жиілеп барады

Zakon.kz, 08 января 2018 в 14:59

Қазақстанда еркектердің декретке шығуы жиілеп барады
Қазақстандағы отбасылардың арасында баланың 1 жасқа дейінгі күтіміне байланысты әлеуметтік төлем рәсімдейтін еркектер саны артып келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «2016 жылы аталған әлеуметтік төлем алушылардың жалпы санының 98 пайызын әйелдер, тек 2 пайызын еркектер құраған болатын. Ал 2017 жылы 1 жасқа дейінгі баланың күтіміне байланысты кірісінен айырылған жағдайда әлеуметтік төлем алуға өтінім бергендердің жалпы санының 8 пайызын еркектер құрады», — делінген ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «ҚазАқпараттың» ресми сауалына берген жауабында.Астана қаласының тұрғыны Ильзат Сафарғалиевтің айтуынша, мұндай шешім қабылдауына жұбайына қарағанда өзінің жалақысының жоғары болуы себеп болған.Айта кетерлігі, бала дүниеге келгенде төленетін төлемақының бірнеше түрі бар.

Қобдалықтармен кездесті

Ақтөбе газеті, 06 января 2018 в 10:12

Қобдалықтармен кездесті
Кеше Ақтөбеде жұмыс сапарымен жүрген ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Марат Тағымов пен Мұхтар Жұмағазиев Қобда ауданына барып, ондағы ауылдарды аралады, әлеуметтік мекемелердің жұмысымен танысты. Сондай-ақ, тұрғындармен кездесуге қатысты. Жылда осындай мезгілде елге келетін депутаттардың мұндағы мақсаты — жұртшылыққа Елбасы саясатын кеңінен түсіндіріп, Үкіметте қабылданған жаңа Заңдар туралы хабардар ету, сонымен бірге, халықтың мұң-мұқтажын тыңдау.Сенат депутаттары алдымен Қобда ауданына қарасты Талдысай ауылдық округінде жаңадан ашылған медициналық пункттің жұмысымен танысты.

2018 жылы елімізде жәрдемақы көлемі өсті

Zakon.kz, 04 января 2018 в 11:49

2018 жылы елімізде жәрдемақы көлемі өсті
Биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 2 405 теңге болды (2017 ж – 2269 теңге). Жалақының ең төменгі мөлшері (ЖТМ) 28 284 теңгені, ал ең төменгі зейнетақы көлемі 33 745 теңгені құрады, — деп хабарлайды Baq.kz.Ана мен баланы қорғау, балалы отбасыларды қолдау, еліміздегі демографиялық жағдайды жақсарту мен бала тууға ынталандыру жөніндегі шаралар кешенінде бала тууына байланысты келесі жәрдемақылар көзделген:Бала тууына байланысты тағайындалатын бiржолғы мемлекеттік жәрдемақы (жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін әйелдерге): — бірінші, екінші, үшінші балаға – 38 АЕК немесе 91 390 теңге; — төртінші және одан кейінгі балаларға – 63 АЕК немесе 151 515 теңге.Жүктілікке және босануға байланысты табысын жоғалту бойынша бір жолғы әлеуметтік төлем (Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмыс істейтін әйелдерге) мөлшері әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген табыстың орташа айлық мөлшерін тиісті коэффициенттерге көбейту арқылы есептеледі.Бала бiр жасқа толық толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты тағайындалатын ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы (жұмыс істемейтін әйелдерге): — бірінші балаға – 5,76 АЕК немесе 13 852,8 теңге; — екінші балаға – 6,81 АЕК немесе 16 378,05 теңге; — үшінші балаға – 7,85 АЕК немесе 18 879,25 теңге; — төртінші және одан кейінгі балаларға – 8,90 АЕК немесе 21 404,5 теңге.Бала күтіміне байланысты бiр жасқа толық толғанға дейiн төленетін ай сайынғы әлеуметтік төлем (Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмыс істейтін әйелдерге) мөлшері әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген табыстың орташа айлық мөлшерін табысты алмастыру коэффициентіне көбейту арқылы есептеледі.Тұрмысы төмен отбасындағы 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы:Отбасы қарауындағы әр балаға 18 жасқа толғанға дейін — 1,05 ЖТМ немесе 2 525,25 теңге.Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасына — 1,05 ЖТМ немесе 29 698,2 теңге.«Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға 6,4 АЕК немесе 15 392 теңге.Сондай-ақ, бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға 4,16 АЕК немесе 10 004 теңге мөлшерінде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындалады.ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне арналған жәрдемақы — 16 АЕК немесе 38 480 теңге.Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (із-түссіз жоғалған) әскерилердің қайта некеге тұрмаған жұбайлары 4,48 АЕК немесе 10 775 теңге алады.Бейбіт уақытта әскери міндетін өтеу кезінде қайтыс болған әскерилердің отбасыларына 4,59 АЕК немесе 11 039 теңге төленеді.I, II топтағы мүгедектерге арналған жәрдемақы — 1,49 АЕК немесе 3 584 теңге;III топтағы мүгедектерге арналған жәрдемақы — 0,64 АЕК немесе 1 540 теңге.ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тілшіге берген ресми мәліметіне сай, биыл аз қамтылған отбасыларға төленетін қолданыстағы үш жәрдемақы төлемдерін (атаулы әлеуметтік көмек, 18 жасқа дейінгі балаларға төленетін жәрдемақы, төрт және оданда көп балалары бар отбасыларға төленетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы) біріктіретін атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы – бірыңғай жәрдемақы жүйесі енгізілді.Ал, елімізде төленетін барлық жәрдемақы түрлерін, мөлшерін және қажетті құжаттар тізімін egov.kz сайтынан табуға да болады.

БҚО-да жұмыс беруші мен жұмысшы арасында еңбек шарты болмауынан заң бұзу жиіледі

Zakon.kz, 04 января 2018 в 10:29

БҚО-да жұмыс беруші мен жұмысшы арасында еңбек шарты болмауынан заң бұзу жиіледі
Батыс Қазақстан облысында еңбек заңдылығы бұзылғанын айтып, тиісті орындарға хабарласқан тұрғындардың қатары кеміп келеді. Мәселен, өткен жылы жалақы төленбеуіне байланысты еңбек инспекциясына түскен арыз-шағымдар 23%-ға төмендеген, деп жазады Хабар 24 арнасы. Алайда арыз азайғанмен, қордаланған жалақы қарызы азаймай тұр.

Елбасының саясатына қолдау көрсету басты парыз

Zakon.kz, 26 декабря 2017 в 16:39

Елбасының саясатына қолдау көрсету басты парыз
2017 жылдың 26 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті мен Бостандық ауданының әкімі аппараты бірлесе отырып, аудан әкімі аппаратының үлкен мәжіліс залында Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы мен Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру мақаласы және Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі ережелерін түсіндіру бойынша Бостандық ауданының еңбек ұжымдарымен кездесу өткізді, деп хабарлайды zakon.kz.Жиынға Бостандық ауданы әкімі аппаратының, жергілікті өзін-өзі басқару комитеттерінің, Халыққа қызмет көрсету орталығының, Бостандық аудандық мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының, білім, денсаулық, әлеуметтік сала, ПИК (пәтер иелері коперативі) қызметкерлері мен аудан тұрғындары (720 адам ) қатысты.Жиынды Бостандық ауданы әкімінің орынбасары Маржан Балбаева алғы сөзбен ашып, Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының бесінші басымдығындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтудің негізгі міндеттері мен бағыттарына және Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру бағдарламалық мақаласы аясында аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Елнар Игіліков Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Этикалық кодекс», «Қоғамдық кеңестер туралы», «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» заңдары мен ҚР 2015-2020 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның негізгі бағыттарындағы мемлекеттік биліктің беделін нығайту, кәсіби мемлекеттік аппарат құру, мемлекеттік қызмет саласы мен мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсетуде мемлекеттік тәртіпті күшейту, мемлекеттік қызметтің сапалы кадр құрамын жақсарту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықтарды ескерту мен алдын алу бағыттары жан-жақты түсіндірді.Сонымен қатар, Қалалық студенттер емханасының бас дәрігері Жәмила Әбеуова «Міндетті медициналық сақтандыру мәселелері», «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы қаласы бойынша филиалы – «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» департаментінің Бостандық ауданы бөлімшесінің басшысы Қымбат Рахымбаева «Зейнетақы төлеудің жаңа реформалары», Қоғамдық жоба — Общественный проект» қоғамдық ұйымның жетекшісі Александр Братенков «Сыбайлас жемқорлықпен күресудің әдемдік тәжірибелері», аудандық білім бөлімінің басшысы Қайрат Ізбасарұлы Жұманов «Білім саласындағы жемқорлықтың алдын алудың өзекті мәселелері», Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының бас маманы Ербол Какімсейітов «Діни ұйымдар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» тақырыптарда баяндамалар жасады.

Өзін-өзі жұмыспен қамтушылар мәселесі талқыланды

Ақтөбе газеті, 22 декабря 2017 в 09:52

Өзін-өзі жұмыспен қамтушылар мәселесі талқыланды
Ақтөбе қаласында кәсіпкерлікпен айналысушылардың саны жыл сайын артуда. Өткен жылмен салыстырғанда кәсіппен шұғылданушылардың саны биыл 6 пайызға өскен. Бұл туралы кеше Аққағаз Досжанова атындағы конференц-холда өткен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар форумында Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов айтты.

Астана — Тәуелсіздік тірегі

Ақтөбе газеті, 16 декабря 2017 в 02:22

Астана — Тәуелсіздік тірегі
Биыл ата-бабамыздың арманы орындалып, Қазақстанның тәуелсіз, егеменді ел ретінде танылғанына 26 жыл толып отыр. Жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік — азаттықтың алтын арқауы, елдігіміздің мызғымас тұғыры. Ал тәуелсіздігіміздің тірегі, егемендігіміздің төл перзенті ол — Астана. Келер жылы Астананың қазақ елінің орталығына, бас қаласына айналғанына 20 жыл толады.

Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша

Ақтөбе газеті, 07 декабря 2017 в 00:22

Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша
1.01.2018 жылдан бастап өсірілетін зейнетақы және жәрдемақы1) Зейнетақы мөлшері 8%-ға өсіріледі.2) Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы №126 Заңының 12, 16 және 18-баптарында көрсетілген мөлшерлерде өсірілетін болады.

Б.Сағынтаев: Уақытылы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету Елжан Біртановтың жеке жауапкершілігінде

Zakon.kz, 04 декабря 2017 в 14:49

Б.Сағынтаев: Уақытылы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету Елжан Біртановтың жеке жауапкершілігінде
Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында амбулаториялық деңгейде дәрілік қамтамасыз етуге қолданылатын шаралар туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов баяндады, — деп хабарлайды Zakon.kz Primeminister.kz-ке сілтеме жасап.Министрдің айтуынша, Қазақстанда 2005 жылдан бастап Денсаулық сақтау саласын реформалау мен дамытудың 2005–2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында тегін және жеңілдікпен дәрілік қамтамасыз ету жүйесі қызмет етеді.

Қазақстандықтарға көлікті жүргізуші куәлігінсіз басқаруға рұқсат берілуі мүмкін

Zakon.kz, 14 ноября 2017 в 11:49

Қазақстандықтарға көлікті жүргізуші куәлігінсіз басқаруға рұқсат берілуі мүмкін
Е-айыппұл жобасы енгізілгеннен кейін қазақстандықтар көлік жүргізу куәлігін, техникалық паспортын және автокөлікке қатысты басқа да құжаттарын өзімен бірге алып жүрмей, көлікті тізгіндеуге болады. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің төрағасы Бағдат Мусин Facebook-тегі парақшасында мәлімдеді, — деп хабарлайды Baq.kz.Бағдат Мусиннің айтуынша, тиісті заңға өзгеріс енгізу мәселесі алға жылжыды.«Жұмағалиевтің төрағалығымен (Асқар – редакция) өткен жиналыстан кейін Е-айыппұл енгізілген бірнеше қаланың көлік жүргізушілері өздерімен бірге қағаз құжаттарды (техникалық паспорт, көлік жүргізу куәлігі, жеке куәлік, сақтандыру, техникалық тексеру) алып жүрмеу туралы өзгерістерді тиісті заңға енгізу мәселесі алға жылжыды.

Үшінші бағыт және үш күнгі жұмыс

Ақтөбе газеті, 02 ноября 2017 в 21:42

Үшінші бағыт және үш күнгі жұмыс
«Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасының «Әлеуметтік мәселелерді шешу» үшінші бағытын жүзеге асыру аясында бекітілген желілік кестеге сәйкес Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы Саламат Аманбаев жетекшілік ететін ақпараттық түсіндіру тобы Қарғалы ауданында үш күн жұмыс істеді.

Ақтөбе — бизнеске қолайлы өңір

Ақтөбе газеті, 31 октября 2017 в 21:02

Ақтөбе — бизнеске қолайлы өңір
Елбасы жүктеген міндеттердің аймақтарда орындалу барысын БАҚ өкілдеріне баяндау үшін Астана қаласындағы Орталық коммуникациялар қызметінде облыс әкімі Бердібек Сапарбаев баспасөз мәслихатын өткізді. Облыс әкімі Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын жүзеге асыру аясындағы облыстың жетістіктері мен тоғыз айдың қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық дамуды баяндады. — Елбасы тапсырмасына сәйкес мемлекетімізде жүзеге асырылып жатқан бағдарламалардың нәтижесінде және Үкіметтің қолдауымен тоғыз айда өңірдің экономикалық даму қарқыны бес пайызды құрады. Өткен жылмен салыстырғанда 104,7 пайыз көрсеткішке жетіп отыр.

Жат ағымдар зияны талқыланды

Ақтөбе газеті, 26 октября 2017 в 22:42

Жат ағымдар зияны талқыланды
«Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасының бірінші бағыты, яғни дін саласы бойынша облыстық дін істері басқармасы мемлекеттік мекемесінің «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының басшысы Жандәулет Сүлейменовтің жетекшілігімен ақпараттық топ Қарғалы ауданын аралады.Топ құрамындағы облыстық дін істері басқармасы басшысының орынбасары Сәбит Мұханов, облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің найб имамы Нұрбол Смағұлов, Ақтөбе қалалық мешітінің бас имамы Амантай Садиев, Жаңақоныс ауылдық мектебі тарих пәнінің мұғалімі Жарас Әлиев түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Сақтық жұмыстары сараланды

Ақтөбе газеті, 25 октября 2017 в 00:12

Сақтық жұмыстары сараланды
Әйтеке биӨткен аптада Әйтеке би ауданында «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясындағы ақпараттық түсіндіру жұмыстары жалғасын тапты. Облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Абзал Шотанов бастаған ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері «Лаңкестік қаупіне дайын болу. Құқық қорғау шаралары» 5-ші бағыты бойынша 35 шара өткізіп, оған 3096 адамды қамтыды.

Кәсіпкерлік: ұсыныс және сауал

Ақтөбе газеті, 22 октября 2017 в 21:12

Кәсіпкерлік: ұсыныс және сауал
«Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасының екінші бағыты — «Кәсіпкерлік саланы дамыту» бағыты бойынша жұмыс тобы Темір ауданының ауылдарын аралады.Облыстық кәсіпкерлік басқармасы басшысының орынбасары А.Көкеев бастаған топ алдымен аудан орталығындағы Мәдениет үйінде аудан активімен, кәсіпкерлермен кездесу өткізді.
Показано 30 новостей из 280