Популярные темы

Керек: новости — страница 12

Жоғары білімді талап етпейтін сұраныстағы мамандықтар аталды 21 февраля 2022, 17:25

Tengrinews, 21 февраля 2022 в 17:33

Жоғары білімді талап етпейтін сұраныстағы мамандықтар аталды
                21 февраля 2022, 17:25
Кейінгі жылдары жоғары білімді қажет етпейтін арнайы мамандықтар пайда бола бастады және оған сұраныс та аз емес. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне HeadHunter онлайн-рекрутмент компаниясының бас директоры Оксана Бричевская айтып берді. Маманның сөзінше, дипломды талап ететін жұмыс орындары азайып жатыр.

Болашақта қандай тағам түрлері пайда болады? Шетелдік нутрициологпен сұхбат 21 февраля 2022, 09:12

Tengrinews, 21 февраля 2022 в 09:23

Болашақта қандай тағам түрлері пайда болады? Шетелдік нутрициологпен сұхбат
                21 февраля 2022, 09:12
Адамзаттың күнделікті тұтынатын тағам өнімдері үздіксіз дамып жатыр. CSIRO мәліметінше, алдағы онжылдықта азық-түлікке сұраныс 14 пайызға өседі, яғни тағам өндірісі екі есе артуы керек. Осы орайда Tengrinews.kz тілшісі америкалық нутрициолог Бэлла Ховардпен сөйлесіп, болашақта қандай тағамдар пайда болуы мүмкін екенін сұрады.

16 жылдан кейінгі тоқырау. Қысқы спортта қандай өзгеріс керек? 20 февраля 2022, 19:11

Tengrinews, 20 февраля 2022 в 19:23

16 жылдан кейінгі тоқырау. Қысқы спортта қандай өзгеріс керек?
                20 февраля 2022, 19:11
Кеше Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындары мәресіне жетті. Амал не, биыл спортшыларымыз артылған үмітті ақтай алмады. Үш аптадан аса уақытқа созылған додадан Қазақстан атлеттері жүлдесіз оралды. Tengrinews.kz тілшісі Бейжіңдегі қысқы Олимпиаданы қорытындалады. Биылғы Олимпиададағы үздік нәтижеміз Биыл қазақстандық жанкүйерлер эмоцияға бөленіп, соңына дейін жанкүйер болған жалғыз сайыс шорт-тректен 500 метрге жарыс болды.

2022 жылдың топ-трендтері. Көктем-жазда қандай киімдер сәнде? 18 февраля 2022, 12:48

Tengrinews, 18 февраля 2022 в 12:53

2022 жылдың топ-трендтері. Көктем-жазда қандай киімдер сәнде?
                18 февраля 2022, 12:48
2022 жылдың көктем-жаз маусымы түрлі түстер мен жарқын образдарға қанық болғалы тұр. Бүгінде әлемдік брендтердің сән көрсетілімдеріне қарап отырып, былтырғы трендттер жалғасын табатынын байқай аламыз. Қазақстандық стилист Мира Берген Tengrinews.kz тілшісіне биыл қандай түстер, киімдер мен образдағы қосалқы элементтер сәнде болатынын әңгімеледі.

Неге жұрт несиеге құмар? Психолог кредитоманияның себептерін айтып берді 18 февраля 2022, 11:54

Tengrinews, 18 февраля 2022 в 12:03

Неге жұрт несиеге құмар? Психолог кредитоманияның себептерін айтып берді
                18 февраля 2022, 11:54
Кейінгі жылдары құмарлық, тәуелділік секілді жағдайлар саны артып келе жатыр. Бұл қатарда қарыз алуға бейімділік, қарызға тәуелділік бар екені жасырын емес. Психологтар мұны психологиялық симптомның бірі ретінде қарап, «кредитомания», яғни қарызға құмарлық деп атайды. Күнделікті өмірде ақшалай қарыздан бастап киім-кешекке дейін бөліп төлеуге алатындар да бар.

«Мұндай жағдайды ешкімнің басына бермесін». Украиналық тұрғын елдегі ахуалды айтты 18 февраля 2022, 10:36

Tengrinews, 18 февраля 2022 в 10:43

Бүгінде Украина мен Ресей қарым-қатынасы дүние жүзі елдерінің назарында. Соғыс қаупі төнуі мүмкін делінген Украинаның өзіндегі қазіргі жағдай қандай? Жергілікті тұрғындардың көңіл-күйі қандай? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қазақстандықтардың Харьковтегі «Бірлік» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Макка Қаражанова айтып берді.

Президент наурызда халыққа жолдау жасайды 17 февраля 2022, 21:11

Tengrinews, 17 февраля 2022 в 21:23

Президент наурызда халыққа жолдау жасайды
                17 февраля 2022, 21:11
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев наурыздың ортасында халыққа жолдауында саяси реформаларды ұсынатынын мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Қандай түбегейлі өзгерістер болатынын қазір айта алмаймын. Бірақ біраз өзгерістер болады. Бұл туралы Мәжілісте сөйлеген сөзімде айттым. Мен бастапқыда жаңа саяси реформаларды күзде жариялаймын деп ойлағам, бірақ саяси реформаларды наурыздың ортасында халыққа Жолдауымда ұсынатын болдым. Қазіргі таңда жұрт реформаларды зор үмітпен күтіп отырғанын білемін.

Өкінішке қарай, кейбір журналистер жалған ақпарат таратып жатыр — Тоқаев 17 февраля 2022, 21:15

Tengrinews, 17 февраля 2022 в 21:23

Өкінішке қарай, кейбір журналистер жалған ақпарат таратып жатыр - Тоқаев
                17 февраля 2022, 21:15
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық журналистиканың деңгейі туралы айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Президент қазақ журналистикасының деңгейі төмен деп айтуға болмайтынын атап өтті. «Керісінше қазақ журналистикасының деңгейі жоғары екені күмәнсіз. Қаңтар оқиғалары кезінде ақпараттық вакуум болды.

«Өкінбеймін» — Тоқаев қаңтар оқиғалары кезінде ҰҚШҰ әскерін шақыру туралы ойын айтты 17 февраля 2022, 20:55

Tengrinews, 17 февраля 2022 в 21:03

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар оқиғалары кезінде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының әскерін Қазақстанға шақырғанына өкінбейтінін мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Өкінбеймін. Бұл ешқандай да өкіндіретін шешім емес. Керісінше дұрыс шешім болды деп ойлаймын. Өйткені, қарулы қарақшылар Алматыны қиратып, өзге қалаларға қауіп төндірді.

Путиннің өзі «жерге қатысты ешқашан мәселе көтермейміз» деп айтқан — Тоқаев 17 февраля 2022, 20:56

Tengrinews, 17 февраля 2022 в 21:03

Путиннің өзі
Президент Ресей Қазақстанның қарым-қатынасына қатысты пікірін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Тоқаев Ресей — Қазақстанға жақын орналасқан серіктес мемлекет екенін атап өтті. «Осындай жағдайда оның бізге көмекке келуі айтпаса да түсінікті. Мұны құтқару емес, ортақ мүддемізді қорғау үшін жасалған іс-әрекет деп түсінуге болады.

Лаңкестерді, қарақшыларды халық қаһармандары деп айтуға болмайды — Президент 17 февраля 2022, 20:51

Tengrinews, 17 февраля 2022 в 20:53

Лаңкестерді, қарақшыларды халық қаһармандары деп айтуға болмайды - Президент
                17 февраля 2022, 20:51
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде бұзақыларға қатысты қандай іс-шаралар қабылданатынын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Бұзақылар туралы мәселеге келсек. Кейбір адамдар жазықсыз азаматтарды еш себепсіз қамауға алды деп ойлайды да, осындай жалған ұрандарды ел ішінде таратады.

«Кемсіту емес». Тоқаев бұған дейін неге орыс тілінде сұхбат бергенін түсіндірді 17 февраля 2022, 20:34

Tengrinews, 17 февраля 2022 в 20:43

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін неліктен қазақша сұхбат бермегенін түсіндірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Тоқаев мұның алдында неліктен сұхбатты орыс тілінде бергенін айтты. Оның сөзінше, бұл ешқандай да кемсіту емес. «Бұл ешқандай кемсіту емес, ешқандай менсінбеу де емес деп айтуға болады.

«Бұл — кәсіби қарақшылардың ісі». Тоқаев қаңтардағы оқиғалар туралы пікір білдірді 17 февраля 2022, 20:38

Tengrinews, 17 февраля 2022 в 20:43

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар оқиғалары кезінде шыққан арандатушылар мен қарақшылардың шынайы мақсаты бейбіт митингіге қатысу емес, билікке шабуыл жасау болғанын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Әрине, бастапқыда бейбіт шерулер болды. Мұны бәріміз көрдік. Еліміздің әр аймағында азаматтар алаңға жиналып, өз талаптарын айтты, тіпті, наразылықтарын білдірді.

Уақыт есейе келе неге тез өтетіндей көрінеді? Кембридж физигімен сұхбат 17 февраля 2022, 11:54

Tengrinews, 17 февраля 2022 в 12:03

Уақыт есейе келе неге тез өтетіндей көрінеді? Кембридж физигімен сұхбат
                17 февраля 2022, 11:54
Кембридж университетінің физигі, ғалым Анджела Харпер уақыт неге тез өтіп жатқандай сезім туатынын түсіндіріп, оның ғылыми ерекшелігі туралы айтып берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Харпердің айтуынша, уақыт тұрақты өлшем емес, ол бірнеше себепке байланысты ауытқуы мүмкін. «Уақыттың өлшемі сағаттағы цифр ғана емес, ол, сонымен қатар, адам санасындағы құрылымы әлдеқайда күрделі механика.

Мұғалімдерді жұмысқа жегу, медиасауат сабағы және жазаланған басшылар. Асхат Аймағамбетовпен үлкен сұхбат 17 февраля 2022, 10:38

Tengrinews, 17 февраля 2022 в 10:43

Мұғалімдерді жұмысқа жегу, медиасауат сабағы және жазаланған басшылар. Асхат Аймағамбетовпен үлкен сұхбат
                17 февраля 2022, 10:38
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов #TengriTаlk эфирінде Tengrinews.kz тілшісіне сұхбат берді. Эфир барысында білім саласындағы жаңалықтар, мектеп бағдарламасына енгізілетін өзгерістер, мұғалімдерді аттестациядан өткізу, елімізде беделді шетел университет филиалдарының ашылуы, «Болашақ» бағдарламасындағы өзгерістер мен педагогтер мәселесі талқыланды.

«Мұғалімдерді газетке жаздырған, көше сыпыртқан». Министр 700-ге жуық басшы жазаланғанын айтты 16 февраля 2022, 16:01

Tengrinews, 16 февраля 2022 в 16:13

Былтыр мұғалімдердің құқығын бұзған 700-ге жуық басшы жазаланды. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Tengrinews.kz-тің Instagram желісіндегі парақшасында өткен тікелей эфир барысында айтты. Министр бүгінде педагогтерге жасалған жағдай туралы айтты. «Әрине, біріншіден, ол — жалақының көбеюі.

Шетелге заңсыз шығарылған қаражат Қазақстанға қалай қайтарылады? 16 февраля 2022, 11:32

Tengrinews, 16 февраля 2022 в 11:43

Шетелге заңсыз шығарылған қаражат Қазақстанға қалай қайтарылады?
                16 февраля 2022, 11:32
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов шетелге заңсыз шығарылған капиталды Қазақстанға қайтару процесін түсіндірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Марат Ахметжановтың сөзінше, біріншіден, қылмыстық іс қозғалуы керек. «Оған құқықтық көмек беру үшін тапсырма береміз.

Жалғасы бола ма? «5:32» сериалының режиссерімен үлкен сұхбат 15 февраля 2022, 14:31

Tengrinews, 15 февраля 2022 в 14:43

Жалғасы бола ма?
Tengrinews.kz тілшісі «5:32» сериалының авторы әрі режиссері Әлішер Үтевпен сұхбаттасып, сценарий қалай жазылғанын, ондағы цензура мен ерекшеліктер туралы сұрады. Сонымен қатар, режиссер жобаны жарты жолда тастап, көп шығынға ұшыратқан танымал актер туралы және Қазақстандағы ең танымал каннибал туралы сөз қозғады.

«Шыда, менің сұлуым». Ресей мен Украина арасындағы жағдайға шолу 15 февраля 2022, 12:59

Tengrinews, 15 февраля 2022 в 13:13

Ресей мен Украина арасындағы конфронтация қызу талқыланып жатыр. Tengrinews.kz тілшісі екі ел арасындағы соғыс қаупі туралы шолу жасады. Екі ел арасындағы қақтығыс қашан басталды? Ресей мен Украина арасындағы қақтығыс 2014 жылы сәуірде Донецк және Луганск облыстарында басталған болатын. Сол кездегі президенттің міндетін атқарушы Александр Турчинов Харьков, Донецк және Луганскідегі әкімшілік ғимараттардың басып алынуына байланысты дағдарысқа қарсы штаб құрылғанын, «қолына қару алғандарға қарсы антитеррористік шаралар басталғанын» мәлімдеген болатын.

Жұптардың арасында қандай жағдайда бала болмайды? АҚШ ғалымы жауап берді 14 февраля 2022, 10:57

Tengrinews, 14 февраля 2022 в 11:03

Жұптардың арасында қандай жағдайда бала болмайды? АҚШ ғалымы жауап берді
                14 февраля 2022, 10:57
Кейінгі жылдары кеш жүктілік және бедеулік фактілері жиілеп кетті. Оған қоса, жатырда шетінеп кеткен нәрестелердің де саны азаймай тұр. ДДСҰ мұның бірнеше медициналық себебін түсіндірген. Изосерология ғалымы, акушер-гинеколог Давид Гербер Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында соның ішіндегі ең маңыздысына тоқталып, резус қақтығысы мен оның қаупі туралы айтып берді.

Қарапайым видеографтан топ-операторлыққа дейін. Атыраулық жігіт атақты әншілерге бейнебаян түсіріп жүр 11 февраля 2022, 14:51

Tengrinews, 11 февраля 2022 в 14:53

Қарапайым видеографтан топ-операторлыққа дейін. Атыраулық жігіт атақты әншілерге бейнебаян түсіріп жүр
                11 февраля 2022, 14:51
Абзал Батырғали — 24 жасында Coca-Cola сияқты әлемдік компанияларға жарнама, ал RaiM & Artur, Truwer, Limba сынды қазақстандық танымал әншілерге бейнебаян түсіріп жүрген қарапайым атыраулық жігіт. Бұл салада арнайы білімі жоқ ол түсірілім өнерін өзі үйренген. Tengrinews.kz тілшісі жас қоюшы оператормен әңгімелесіп, Қазақстанда бұл сала қалай дамып жатқанын, бәсеке мен кадрдағы ең маңызды бөлшектер туралы сұрады.

15-20 секунд уақытыңыз бар. Зілзала кезінде не істеуге болмайды? 11 февраля 2022, 11:19

Tengrinews, 11 февраля 2022 в 11:33

15-20 секунд уақытыңыз бар. Зілзала кезінде не істеуге болмайды?
                11 февраля 2022, 11:19
Мамандардың сөзінше, Алматы сейсмикалық қауіпті ауданында орналасқан. Алматыдағы Сейсмология институтының мамандары зілзала кезінде қалай қорғану керегін және жер сілкінісі кезінде не істеуге болмайтынын түсіндірді. Алматыда жақын арада болуы мүмкін (ықтимал) жер сілкіністері туралы қандай да бір зерттеу бар ма? Қазақстан территориясында және жапсарлас жатқан аумақтарда жылына 7 мыңға дейін, кей жылдары 10 мыңнан аса жер сілкінісі тіркеледі.

Даяшы-роботтар мен «ақылды» керуеттер. Қытай Олимпиадада жаңа технологияларымен таңғалдырды 10 февраля 2022, 16:46

Tengrinews, 10 февраля 2022 в 16:53

Даяшы-роботтар мен
Бейжің Олимпиадасы басталғанына бір аптаға жуықтады. Қытай журналистер мен спортшыларды жаңа технологияларымен таңғалдыра алды. Мысалы, коронавирус жұқтыру қаупін азайту үшін Олимпиада қалашығы мен медиа-орталықтарда роботтар жұмыс істеп жатыр. Tengrinews.kz тілшісі Қытайдың Бейжің Олимпиадасына дайындаған технологиялары туралы баяндайды.

Бірнеше ел ковид-шектеулерден бас тартты. ДДСҰ ол әлі қауіпті екенін ескертті 10 февраля 2022, 13:34

Tengrinews, 10 февраля 2022 в 13:43

Бірнеше ел ковид-шектеулерден бас тартты. ДДСҰ ол әлі қауіпті екенін ескертті
                10 февраля 2022, 13:34
Бірнеше ел коронавирусқа байланысты шектеулерді толықтай алып тастады. Tengrinews.kz тілшісі COVID-шектеулерін алып тастаған елдерге шолу жасап, ДДСҰ ұстанымын анықтады. ДДСҰ шектеулердің алынуы туралы не дейді? 1 ақпанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бірнеше елдің коронавирусқа байланысты шектеулерін алып тастауына байланысты мәлімдеме жасады. Ұйым ковид-шектеулерін алуда байқау керегін ескертті.

Депутат ТЖ органдарының 70-жылғы техникалары туралы мәлімдеді 10 февраля 2022, 12:36

Tengrinews, 10 февраля 2022 в 12:43

Депутат ТЖ органдарының 70-жылғы техникалары туралы мәлімдеді
                10 февраля 2022, 12:36
Сенат депутаты өрт сөндірушілер мен құтқарушыларды материалдық-техникалық жабдықтау қағидаттарын, сондай-ақ олардың әлеуметтік қорғалу деңгейі төмендігін сынға алды. Ол мәселелердің маңыздылығына мұқият қарау керек екенін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сенат депутаты Сергей Ершов премьер-министрге жолдаған депутаттық сауалында осы саладағы күрделі мәселелерді көтерді.

Нұр-York, қазақша мультфильм және АҚШ-тағы өмір. Нью-Йорктегі атыраулық аниматормен сұхбат 09 февраля 2022, 15:06

Tengrinews, 09 февраля 2022 в 15:13

Нұр-York, қазақша мультфильм және АҚШ-тағы өмір. Нью-Йорктегі атыраулық аниматормен сұхбат
                09 февраля 2022, 15:06
25 жастағы Темірлан Кенжеғалиев қазір Нью-Йорктегі ірі компаниялардың бірінде 3D аниматор болып жұмыс істейді. Бұған дейін «Қазақфильмде» де мультфильм жасауға атсалысқан. Бала кезінен сурет өнеріне қызыққан атыраулық жігітке Американың үздік фильм академиясынан оқуға ұсыныс түсіп, сонда білім алған.

Ғалым күнделікті тұтынатын қай тағамдар қауіпті екенін айтты 09 февраля 2022, 13:58

Tengrinews, 09 февраля 2022 в 14:13

Ғалым күнделікті тұтынатын қай тағамдар қауіпті екенін айтты
                09 февраля 2022, 13:58
Бүгінде тамақ дайындау технологиясы көз ілестірмес жылдамдықпен дамып, бөлек өнеркәсіпке айналды. Күнделікті тұтынатын өнімдеріміз консерванттарға, бояғыштарға, хош иістер мен басқа да химиялық қосындыларға толды. Ал сол тағам химиясы қаншалықты қауіпсіз және біз ол туралы не білуіміз керек? Tengrinews.kz тілшісі химик Гүлжан Хамитовадан сұрап көрді.

25 секундқа созылады. Шетелдік дәрігер көру қабілетіне ең тиімді операция түрін айтты 08 февраля 2022, 16:06

Tengrinews, 08 февраля 2022 в 16:13

25 секундқа созылады. Шетелдік дәрігер көру қабілетіне ең тиімді операция түрін айтты
                08 февраля 2022, 16:06
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жариялаған алғашқы дүниежүзілік баяндамаға сәйкес, әлем бойынша 1 миллиардтан астам адамның көру қабілеті өте нашар және оның тең жартысы тиісті ем жолын қарастырмайды. Бүгінде офтальмологиядағы технологиялар жалпы медицинаның ең тиімді және инновациялық тәсілі болса да, адамдардың көз операциясына қатысты күдігі әлі де сейілмей тұр.

«Утильалым, «Самұрық-Қазына», шетелге шығарылған қаражат». Президент көтерген 10 негізгі мәселе 08 февраля 2022, 14:27

Tengrinews, 08 февраля 2022 в 14:33

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында бірнеше мәселе көтерді. Tengrinews.kz тілшісі 10 негізгі мәселеге шолу жасады. «Нағыз алматылық рухты жаңғыртуымыз керек» Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевқа үн қатты. Президент Алматы ерекше қала екенін, ал әкімнің алдында үлкен және күрделі міндеттер тұрғанын айтты.

Қаңтардағы тәртіпсіздіктер: ІІМ және Бас прокуратура қандай мәлімдеме жасады? 07 февраля 2022, 19:57

Tengrinews, 07 февраля 2022 в 20:03

Қаңтардағы тәртіпсіздіктер: ІІМ және Бас прокуратура қандай мәлімдеме жасады?
                07 февраля 2022, 19:57
Бүгін Бас прокуратура және ІІМ өкілдері қаңтардағы тәртіпсіздіктерге байланысты мәлімдеме жасады. Tengrinews.kz тілшісі басты мәлімдемелерге шолу жасады. «Дикий Арманның» тобы 24 адамды ұрлап кетіп, мәжбүрлеп ұстаған Бұл туралы Арнайы прокурорлар қызметінің басшысы Ризабек Ожаров мәлімдеді. Арнайы прокурорлар қызметі басшысының айтуынша, бүгінде ұйымдасқан қылмыстық топтың 18 мүшесі ұсталды, 21 адамның адам өлтіру, ұрлық, тонау бойынша соттылығы бар.
Показано 30 новостей из 627