Популярные темы

«Өкінбеймін» — Тоқаев қаңтар оқиғалары кезінде ҰҚШҰ әскерін шақыру туралы ойын айтты 17 февраля 2022, 20:55

Дата: 17 февраля 2022 в 21:03 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша



Стоковые изображения от Depositphotos

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар оқиғалары кезінде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының әскерін Қазақстанға шақырғанына өкінбейтінін мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Өкінбеймін. Бұл ешқандай да өкіндіретін шешім емес. Керісінше дұрыс шешім болды деп ойлаймын. Өйткені, қарулы қарақшылар Алматыны қиратып, өзге қалаларға қауіп төндірді. Осы қарулы контингент болмаса, лаңкестер басқа да қалаларды басып алар еді. Қарулы шайқастар Талдықорғанда, Таразда, Шымкентте, Қызылордада орын алды. Елордада лаңкестердің дайындық жұмыстары байқалды, олар, тіпті, Ақордаға шабуыл жасауға дайын болды», — деді Президент Qazaqstan ұлттық телеарнасына берген сұхбатында.

Тоқаев кейбір беделді сарапшылардың айтуынша, лаңкестер Қазақстанның басты екі қаласын басып алуды жоспарлағанын айтты. «Бұл Сириядағы сценарийге ұқсас жоспар» деді. Сол елде лаңкестер Дамаск пен Ракканы басып алуға әрекеттенгенін де айтты.

«Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының әскерлері біздің елде бір де бір оқ атқан жоқ. Оны ашық айту керек. Олар тек негізгі стратегиялық нысандарды күзетіп тұрды. Осы кезде біздің күштік құрылымдар іске кірісіп, қарулы лаңкестерге тосқауыл қойды. Арамызда тек тығыз байланыс пен үйлесім болды.

Ал енді «Путинге қарыз боп қалдық» дегенге келсек, бұл — бос әңгіме. Оны доғару керек. Біріншіден, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының контингенті В.Путиннің немесе Ресейдің жеке әскері емес. Бұл ұйымның әскери құрамы оған мүше елдердің бәріне ортақ. Онда Ресейден бөлек, Беларусь, Армения, Тәжікстан және Қырғызстанның әскери бөлімдері бар. Қазақстан да — осы ұйымның толыққанды мүшесі әрі негізін қалаушысы. Сондықтан, бәрі — заңды, қисынды.

Ресейге келсек, бұл алпауыт ел өзінің геосаяси мүддесін де қорғады. Қазақстанның тұрақтылығы Ресейге өте қажет. Мұны дұрыс түсінуіміз керек. Қазақстан мен Ресей — стратегиялық серіктестер. Арамызда шынайы достық пен өзара сенім болуы керек. Басқа саясат ұстансақ, екі елдің стратегиялық мүддесіне нұқсан келтіреміз. Жалпы, біз ешкімге ештеңе де қарыз емеспіз. Қазақстан — егемен мемлекет. Сондықтан саясатымыз да дербес», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұған дейін Мемлекет басшысы «Хабар 24» телеарнасының журналисіне эксклюзив сұхбат берген болатын. Президент қаңтар оқиғалары туралы сұрақтарға жауап беріп, ескертусіз ату туралы бұйрық, Интернетті өшіру мен ақпараттық блокаданың себептерін түсіндірген еді. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы парламенттік жүйені реформалау, қазақстандық олигархтар туралы ойын айтты. Екі мерзімнен артық президенттік сайлауға түспейтінін де мәлімдеді. 

Өзекті жаңалықтарды сілтемесіз оқу үшін Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

По сообщению сайта Tengrinews

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша Владимир Путин
Поделитесь новостью с друзьями