Arna Press,
13 мая 2026
в 11:18
Ішкі істер министрлігі жазғы демалыс қарсаңында оқушылар мен студенттерге үндеу жолдап, интернеттегі күмәнді жұмыс ұсыныстарынан сақ болуға шақырды, деп хабарлайды Arnapress.kz министрлікке сілтеме жасап. Ведомство мәліметінше, каникул кезінде әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде «жеңіл табыс» ұсынатын хабарландырулар көбейеді.
Arna Press,
03 апреля 2026
в 13:58
Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданындағы Бозша ауылы «Ішімдіксіз ауыл» бастамасына қосылып, өңірде алкоголь өнімдерін сатудан толықтай бас тартқан 26-шы елді мекенге айналды, деп хабарлайды Arnapress.kz polisia.kz сілтеме жасап.Бұл бастама ауыл тұрғындарының бірауыздан қолдауына ие болды. Игі ұсынысты алғаш болып ауыл жастары көтеріп, оны ақсақалдар мен қарияларға жеткізген.
Магнолия,
31 марта 2025
в 20:48
Қызметтік өкілетті теріс (заңсыз) пайдалану — қызметтік қылмыстардың неғұрлым кең тараған түрі. Ол көптеген жағдайларда лауазымды адамның қылмыстық әрекетінің бастамасы, басқа ауыр қылмыстар жасаудың тәсілі де болып табылады. Бұл қылмыстың мәні мынада, лауазымды тұлға өзінің қызметтік өкілетін қызметтік мүддеге қарама-қайшы қылмыстық жолмен пайдалана отырып, азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне, қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі түрде нұқсан келтіреді.
Arna Press,
29 декабря 2024
в 00:48
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті «Қылмыстық құқық бұзушылықтар картасын» әзірлеген. Оның мақсаты қылмыстар туралы өтініштерді тіркеудің ашықтығын қамтамасыз ету, сенімді қылмыстық-құқықтық статистиканы қалыптастыру. Бүгінгі таңда аталған функционал сәтті іске асуда. Өңірімізде бұл карта аясында қандай жұмыс жасалып жатқаны жайлы түсіндіру үшін Абай облысы прокуратурасының Қылмыстық саласындағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру бөлімінің бастығы Әсет Мұқашев Arnapress.kz тілшісіне сұхбат берді. — Әсет Слямханұлы, «Қылмыстық құқық бұзушылықтар картасы» қандай мақсатта әзірленді және оның негізгі функциялары қандай? — Бұл карта қылмыстар туралы өтініштерді тіркеудің ашықтығын қамтамасыз ету және қылмыстылық туралы сенімді статистиканы қалыптастыру мақсатында әзірленді.
Arna Press,
27 ноября 2024
в 14:48
Жыл басынан бері полицияға ойын-сауық орындарына қатысты 1818 шағым түсті, — деп хабарлайды Arnapress.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Мәліметтерге сәйкес, «102» арнасына түскен хабарламалар, сондай-ақ полицияға тіркелген өтініштер мен әкімшілік құқық бұзушылықтар негізінде Абай облысындағы ең қауіпті мекемелердің рейтингі жасалды.
Магнолия,
31 октября 2024
в 18:28
Қылмыстық істер бойынша заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарауды Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы ҚПК-тің 446-бабының 3-бөлігінің тәртібімен енгізілген Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының (бұдан әрі – Бас Прокурор) наразылығы, облыстық не оған теңестірілген сот төрағасының ұсынуы бойынша не Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының үш судьясының (бұдан әрі – Жоғарғы Сот судьялары) қаулысымен кассациялық сатыға берілген ҚПК-тің 486-бабының 1-бөлігінде көрсетілген адамдардың өтінішхаттары бойынша ғана жүргізеді. ҚПК-тің 485-бабының 1, 2 — бөліктерінде көзделген зардаптарға әкеп соққан қылмыстық және (немесе) қылмыстық-процестік заңдарды дұрыс қолданбау жағдайлары ғана заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негіздер болып табылады.
Магнолия,
29 августа 2024
в 23:18
2024 жылдың 16 маусымынан бастап елімізде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы күшіне енгені бәрімізге мәлім. Заң әйелдер мен балаларға, оның ішінде отбасындағы зорлық-зомбылық үшін жазаны қатайтып, оларды зорлық-зомбылықтан қорғауға бағытталған.
Arna Press,
12 августа 2024
в 14:58
«Қарасора» ЖПІШ өткізудің өткен кезеңінде Абай облысының түрлі аудандарында 54-тен астам есірткі құқық бұзушылығының жолы кесілді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Абай облысының аумағында ағымдағы жылдың 1 маусымы мен 31 қазаны аралығында қылмыстық топтардың, сондай-ақ есірткі құралдары мен психотроптық заттарды сақтаумен, тасымалдаумен, өткізумен, контрабандамен және өсірумен айналысатын олардың ұйымдасқан нысандарының қызметін анықтауға және жолын кесуге бағытталған «Қарасора-2024» Республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда.Нәтижесінде 4 қылмыскер ұсталып, 68 кг түрлі есірткі тәркіленді, оның ішінде:Барлық фактілер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды.
Arna Press,
05 августа 2024
в 12:58
ҰҚК бір айда үш ірі есірткі зертханасын жойды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Ағымдағы жылдың шілдесінде Астана және Алматы қалаларында Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті полициямен өзара әрекетте және прокуратура органдарының үйлестіруімен 3 ірі есірткі зертханасының әрекетін жойды.Аталған қылмыстар жасады деген күдік бойынша Қазақстанның 8 азаматы ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.Тінту барысында 93 кг-нан астам синтетикалық есірткі, кристалдану сатысындағы 70 литр мефедрон, сондай-ақ 255 кг прекурсор мен зертханалық жабдықтар алынды.«Қара» нарықта тәркіленген есірткінің құны 2 млрд теңгеден артықты құрауы мүмкін.Қылмыстық Кодекстің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды.Сурет: ҰҚК баспасөз қызметі
Магнолия,
31 июля 2024
в 18:38
Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы шараларын қолдану кезінде туындайтын қатынастарды реттеу осы тарауда белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының құқық бұзушылық профилактикасы туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профилактикасы шаралары тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамның құқықтық санасына және мінез-құлқына жүйелі түрде мақсатты ықпал ету үшін, оның тарапынан жаңа құқық бұзушылықтар жасалуының алдын алу және жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қолданылады.
Arna Press,
28 мая 2024
в 10:28
Шымкентте 5 жасар бүлдіршінге сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекет жасаған педофилге үкім шықты. 54 жастағы ер адам бұған дейін зорлау, ұрлық және есірткі қылмыстары бойынша сотты болған және балаға азғындық жасар алдын түрмеден бірнеше күн бұрын ғана бостандыққа шыққан екен, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Оқиға 2023 жылғы қараша айында болған.
Arna Press,
08 февраля 2024
в 19:28
Алматы мен Шымкентте «Дикий Арман» қылмыстық тобының мүшелері ұсталды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Ішкі істер министрлігі ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес шеңберінде іздеуде жүрген ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерін, оның ішінде қаңтар оқиғасына қатысушыларды ұстау бойынша шаралар қабылдап келеді.Мәселен, өткен жылдан бері ел аумағында ауыр және аса ауыр қылмыстар жасады деп күдіктелген ұйымдасқан қылмыстық топтардың 19 көшбасшысы мен белсенді мүшеcі ұсталды.7 ақпанда Алматы және Шымкент қалаларының аумағында ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөліністерінің қызметкерлері ұзақ уақыт бойы қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып жүрген қаңтар оқиғасының екі қатысушысын ұстады.Олар Жұмагелдиев ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшесі болып табылады.«Ұсталғандардың бірі Самат Әмірбаев 2022 жылы Шымкентте кісі өлтіруге және сол қаланың басқа тұрғынына қатысты өзінше билік етуге қатысы бар деп күдіктелуде.
Arna Press,
26 января 2024
в 11:38
ІМ Шымкент және Павлодар қалаларында жас бопсалаушыларды ұстады, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.Полиция ведомствосында жастар арасында, оның ішінде кәмелетке толмағандар арасында криминалитет және «ұры» идеологиясы ықпалына жол бермеу жөніндегі кешенді шаралар қабылданып жатыр.23 қаңтарда Шымкент және Павлодар қалаларында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында бопсалауларға, тонауларға, алаяқтықтарға, бас бостандығынан заңсыз айыруға қатысы бар екі жастар тобы ұсталды.Павлодар облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел әшкерелеу орбитасында 18 жастан 23 жасқа дейінгі аралықтағы бес жас жергілікті тұрғыннан құралған топ болды.– Күдікті адамдар криминалдық идеологияның ықпалымен өздерінің құрдастарын оқу орындары мен жатақханаларда, сондай-ақ сауда ойын-сауық орталықтарында қорқыту және күш қолдану арқылы онлайн-қосымшалар арқылы несиелер ресімдеуге мәжбүрлеген, содан кейін ақша және тауарларын алған.
Arna Press,
25 января 2024
в 16:38
Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбы жылдан жылға өзекті болып келеді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Дағдарыс орталықтары одағының басшысы Зульфия Байсақованың айтуынша, Қазақстан 1998 жылы Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенцияны ратификациялағанымен, сол арқылы отбасының барлық мүшелері үшін қолайлы өмір сүру жағдайларын жасау жөніндегі міндеттемелерді мойнына алғанымен, елімізде «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды, бұл мәселе толығымен шешілмей отыр, себебі заң және профилактикалық жұмыстар әлі де өз деңгейінде емес.«Қазақстандағы әрбір үшінші отбасы дерлік зорлық-зомбылықтың бір түріне ұшырайды – физикалық, психологиялық, экономикалық, жыныстық.
Arna Press,
18 января 2024
в 16:08
Абай облысында «қауіп тобындағы» мекемелерге бейнекамералар орнатылады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Осылайша, ойын-сауық мекемесінде жасалған қылмыстар бойынша азаматтардың өтініштерін зерделеу барысында мекеме иесінің азаматтардың заттарының сақталуын қамтамасыз ету шараларын қолданбағаны анықталды.Мекемеге барған азаматтар қалта ұрының құрбанына айналған.
Arna Press,
30 декабря 2023
в 21:29
Бүгінде ішкі істер органдарының алдында тұрған ең басты міндеттердің бірі – киберқылмысқа қарсы күрес. Қазақстанда соңғы жеті жылда интернет-алаяқтық саны 10 есеге, яғни екі мыңнан 20 мың қылмысқа дейін өскен. Биылдың өзінде интернет-алаяқтар азаматтарға 17,5 миллиард теңгеден астам шығын келтірді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.Ең жиі кездесетін алдау түрі – интернет арқылы «жоқ» тауарларды сату немесе қызмет көрсету кезінде алдын ала төлем алу (жеті мың факт).
Arna Press,
24 октября 2023
в 22:28
Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесінің №21 мекемесінде Республика күніне орай салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі. Оған мекеме қызметкерлері, сондай-ақ ардагерлер кеңесінің мүшелері қатысты.Қылмыстық-атқару жүйесі құқық қорғау саласындағы ең ауыр бағыттарының бірі.
EKaraganda.kz,
13 октября 2023
в 11:35
Қарағанды облысының ПД киберқылмыспен күрес басқармасының бастығы полиция подполковнигі Арман Кайракбаевтың айтуынша, жәбірленушілерге аса ірі көлемде келтірілген залал тіркелген фактілердің саны 41%-ға азайған. -Бізде қазіргі заманғы зертхана, әртүрлі деректер базасы және қылмыстың осы түрін есептеуге және жолын кесуге мүмкіндік беретін қуатты технология бар — деді ол.Жақында интернетте 170-тен астам алаяқтық жасады деген күдікпен 40 адам ұсталды.
Arna Press,
06 октября 2023
в 13:58
Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері бірден еліміздің бірнеше облысында ауқымды арнайы операция жүргізді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Оның айтуынша, 2023 жылғы 5 қазанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция органдарымен бірлесе және Бас прокуратураның үйлестіруімен бір мезгілде Жетісу, Жамбыл және Түркістан облыстарында арнайы операция жүргізді.«Нәтижесінде қару мен есірткіні заңсыз сақтауға, бопсалауға, заңсыз көші-қон арналарын ұйымдастыруға және өзге де ауыр қылмыстар жасауға күдікті топтардың 72 мүшесі тергеу амалдарын жүргізу үшін жеткізілді.
Arna Press,
05 сентября 2023
в 13:18
Жиында халық арасындағы құмар ойынға тәуелділік мәселелері қарастырылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«Соңғы жылдары елімізде құмар ойынға тәуелділік белең алып барады. Кейбір отбасылар үшін бұл үлкен қасіретке айналды», – деді Президент.Президент осы жаман әдетке, әсіресе, жастар әуес екеніне назар аударып, мемлекеттік органдарға азаматтардың жекелеген санаттары үшін құмар ойындарға қатысты шектеулерді күшейтуді тапсырды.«Лудоманияға қарсы күресте тәрбие ісі мен түсіндіру жұмыстарына ерекше мән берілуге тиіс», – деді Президент.Осыған байланысты Мемлекет басшысы салалық министрліктерге нақты міндеттер жүктеді.Қасым-Жомарт Тоқаев құмар ойынға тәуелді азаматтардың қатысы бар қылмыстар көбейгеніне құқық қорғау органдарының назарын аударып, алдын алу жұмыстарын жүргізіп, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдау жөнінде тапсырма берді.Президент елімізде лудоманияның белең алуына қарсы бағытталған әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруда қоғамның, дін қызметкерлерінің және бұқаралық ақпарат құралдарының атқаратын рөлі ерекше екенін атап өтті.Мемлекет басшысы ойын бизнесі саласындағы қаржылық және басқа да құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарын жандандыру қажет екеніне назар аударды«Барлық қаржы қозғалысын қадағалап, заңға қайшы әрекет анықталған жағдайда тиісті шаралар қабылдау маңызды», – деді Президент.Жиын барысында Үкімет мүшелері мен бірқатар мемлекеттік орган басшылары баяндама жасады.Кеңес отырысының қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев халық арасындағы құмар ойынға тәуелділікпен күресу үшін заңнамалық, ұйымдастырушылық және ақпараттық-идеологиялық шаралар кешенін қабылдауды тапсырды.Сурет: Aqorda.kz
Arna Press,
19 июля 2023
в 12:58
2023 жылғы 12 және 14 шілдеде Алматы қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті өткізген іс-шаралар нәтижесінде 2 есірткі зертханасы мен химиялық прекурсорлардың ірі қоймасы жойылды, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.10 келіден аса «мефедрон» синтетикалық есірткі, 15 тоннаға жуық прекурсорлар, сонымен қатар 4-5 есірткі зертханасын іске қосуға мүмкіндік беретін арнайы құралдар анықталып, тәркіленді.