Популярные темы

ІІМ оқушылар мен студенттерге ескерту жасады

Дата: сегодня в 11:18 Категория: Общество


ІІМ оқушылар мен студенттерге ескерту жасады

Ішкі істер министрлігі жазғы демалыс қарсаңында оқушылар мен студенттерге үндеу жолдап, интернеттегі күмәнді жұмыс ұсыныстарынан сақ болуға шақырды, деп хабарлайды Arnapress.kz министрлікке сілтеме жасап. 

Ведомство мәліметінше, каникул кезінде әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде «жеңіл табыс» ұсынатын хабарландырулар көбейеді. Алайда олардың артында есірткі тасымалдау, тарату немесе жарнамалау секілді заңсыз әрекеттер тұруы мүмкін.

ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжановтың айтуынша, есірткіге қатысты қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілік 16 жастан басталады. Ал мұндай құқықбұзушылықтар үшін ең қатаң жаза өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін жетуі мүмкін.

Полиция күмәнді ұсыныстардан бірден бас тартып, қауіпсіздікке баса мән беруге шақырады. «Жылдам табыс иллюзиясы үшін болашағыңызды қатерге тікпеңіз. Еркіндік ақшадан қымбат», — деді Қуандық Әлжанов

Фото: ЖИ

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Общество
Поделитесь новостью с друзьями